Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет42/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy

Саржан  Қасымұлы  мен 
Жоламан  Тленшіұлы
  бастаған  көтерілістер  болды.  ХІХ  ғасырдың  20  жылдары  патшалық 
Ресей жаңа бекіністер салу үшін қазақтарды тағы да өз жерлерінен ығыстыра бастады. Кіші 
жүздің  табын  руы  мекендеген  суы  мол,  жайылымдық  жері  кең  Жаңа-Елек  ауданын  орыс 
шенеуніктері тартып алды. Оған қарсы Жоламан Тіленшіұлы Табын руын бастап көтеріліске 
шықты. 
Жаңа-Елек  шебі  29  бекіністен  тұрды.  Орал,  Елек,  Берденкі  және  Құрат  өзенінің 
бойындағы аудандардың ең жақсы деген 7 мың десятина жеріне Ресей үкіметі Орынбор және 
Орал    орыс-казактары  мен  шаруаларын  орналастыра  бастады.  Жоламан  батыр  алғашында 
жер мәселесін бейбіт түрде шешуге тырысты. Ол Орынбордың әскери губернаторы Эссенге 
1822 ж. 6 тамызда және 1823 ж. 3 қыркүйекте хат жазып, онда 1810 жылға дейін  қазақтар 
бұл жерлерді ешқандай кедергісіз еркін пайдаланғанын, Ресей Елек өзенінің бойын алғаннан 
кейін  форпостар  салып  және  Кіші  жүз  қазақтарына  бұл  жерлерді  пайдалануға  тиым 
салғаннан  соң  жағдайдың  қиындай  түскендігін  ескертеді.  Сонымен  қатар,  губернатордан 
әскери бекіністерді алып тастауын, «Санк-Петербургтегі біздің елшілерді қайтарып», Сібірге 


83 
 
жер  аударылып  Орынбор  түрмесінде  жатқан  қазақ  Түленбай  Құндықовты  өз  тұтқынында 
жатқан  есаул  Падуровқа  айырбастап, босатуды  талап  етеді.  Бұл  хаттар  жауапсыз  қалды,  ал 
Орынбор  Шекаралық  комиссиясы  Жоламанға  келесі  келісімдерді  Шерғазы  хан  арқылы 
жүргізуі  керектігін  айтады.  Бұл  жағдай  Жоламан  Тіленшіұлын  қанағаттандырмады, 
сондықтан  ол  қарулы  көтеріліске  шықты.  Жоламанның  отряды  шекара  заставаларына,  аға 
сұлтандардың  қыстаулары  мен  әскери  бекіністерге  шабуылдар  жасады.  Жазалаушы 
отрядтардың батыр мен оның жауынгерлерінің соңына түсуі сәтсіз болды. Жоламан батырға 
патша  әкімшілігінің қолдауына сүйеніп жазалаушы отрядтың барлық операцияларына бірге 
қатысып,  белсенділік көрсеткен  Шерғазы ханның жасағына да қарсы күрес жүргізуіне тура 
келді.  
1835  ж.  Жаңа-Елек  шебінің  Ор  және  Троицк  аралығындағы  барлық  жерлерінен 
айрылған  Жағалбайлы,  Жаппас,  Алшын,  Арғын,  Қыпшақ  руларының  қазақтары  қатысқан 
тұста көтеріліс кең қанат жайды. Өз жерлерінен айырылған қазақтар шекаралық аймақтарда 
көшіп-қонуына  тура  келді  және  ол  үшін  салық  төлеуге  мәжбүр  болды.  Қазақтардың 
қарсылықтары    аға  сұлтандардың  ауылдарына,  керуен  жолдарына,  бекіністерге    жиі 
шабуылдар түрінде көрініс тапты. 
1838  ж.  ортасында  Елек  қалашығынан  Ор  және  Троицк  бекінісіне  дейінгі  шекаралық 
шеп  маңында  көшіп-қонып  жүрген  қазақтар  көтеріліске  тартылып,    көпшілігі  Торғай  мен 
Ырғыз  өзендерінің  бойындағы  аудандарға  көше  бастады.  Көтерілісті  басуға  және  көшіп 
кеткендерді  қайтаруға  патша  үкіметі    Ордан  полковник  Мансуровтың,  Орынбордан 
полковник Падуров, Елек жақтан полковник Гекке басқарған үш отряд жіберді. Бірақ бұл үш 
отрядтың да әрекеті сәттіз аяқталды. 
1822  ж.  «Сібір  қырғыздары  туралы  Жарғының»  енуі,  одан  кейін  ол  заңды  түсіндіру 
үшін жүргізілген үгіт, 1824 ж. Қарқаралы уезіне полковник Броневскийдің экспедициясының 
келуі  -  сұлтан  Саржан  Қасымұлы  бастаған  көтерілістің  шығуына  түрткі  болды.  1824  ж.  8 
ақпанда сұлтандар мен билердің белсенді қатысуымен бірінші Қарқаралы приказы, одан соң 
Көкшетау  приказы  құрылды.  1824-1836  жылдары  Қарқаралы  және  Көкшетау  уездерінің 
көтеріліске  шыққан  елін  Кенесары  Қасымұлының  ағасы  Саржан  сұлтан  басқарды.  Саржан 
Қасымұлы  приказдарды  жоюды,  қазақ  жерлерінен  әскерді  әкетуді,  қазақтарға  бұрынғы 
еркіндігін  қайтаруды  талап  етті.  Саржан  Қасымұлы  бастаған  көтерілістің  негізгі  мақсаты  - 
патша  үкіметі  тартып  алған  жерлерді қайтару,  Қазақ  хандығын  қайта  жаңғыртуға  ұмтылыс 
болды. 1825-1826 жылдары оған Қаракесек, Жағалбайлы, Шора болыстарының Қожан, Тал, 
Айдабол, Байдәулет руларының қазақтары қосылды. 
1826 ж. тамызда Саржан Қасымұлы өз отрядымен Қарқаралы приказына жорық жасады. 
Бірақ  жүзбасы  Карбышевтің  басқаруымен  дер  кезінде  келген  отряд  приказдың 
талқандалуына  жол  бермеді.  Нашар  қаруланған  көтерілісшілердің  шегінуіне  тура  келді. 
Саржан  Қасымұлының  біраз  әріптестері  қолға  түсті.  1832  жылдың  басында  ол  Ресейге 
сенімді  қызмет  етіп  отырған  Қарқаралы  уезіндегі  билердің  ауылына  бауырлары  Есенгелді 
және  Ержанмен  бірге  шабуыл  жасады.  Саржанды  ұстауға  жүзбасы  Потаниннің  отряды 
жіберілді.  Сұлукөл  сайының  маңында  шайқас  болып,  Потаниннің  отрядының  тегеурініне 
шыдамаған    Саржанның  отряды  шегінді.  Бұл  сәтсіздік  Саржанды  осы  1832  ж.  патша 
үкіметіне қарсы бірге күресу үшін Ташкент күшбегіне одақ құруға итермеледі. Батыс-Сібір 
генерал-губернаторы  Вельяминов  бірнеше  отряд  жіберіп,  бұл  қарсылықты  басып  тастады. 
Бірақ  Саржан  күресті  тоқтатпады.  1833  ж.  шағын  отрядымен  Ресей  билігіне  қарасты  билер 
мен сұлтандардың ауылдарына, сауда керуендеріне, бекеттерге шабуыл жасап тұрды. 1836 ж. 
Ташкент  күшібегі  бұл  туралы  біліп  қойып  өзімен  келіссөз  жүргізуге  келген  Саржан, 
Есенгелді, Ержан Қасымұлдарын және 20 сарбазымен қоса өлтірді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет