Букенов М. Ж. Джылысбаев Д. Б. Кудериев Ж. К. Волейболдан оқу-жаттығу үрдісін



Pdf көрінісі
бет67/87
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#93896
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   87
Байланысты:
Bukenov Voleibol

Жеңіл атлетика.
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр 
түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық 
снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл 
атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, 
командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық 
әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған 
қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 
1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан 
өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі 
Олимпия ойындарының бағдарламасына енген. 
Білу қажет:
Теориялық мәліметтері даму тарихы және жарыс 
ережелері. Спринттің, әр түрлі старттық жұлқулар мен жылдамдықтың 
жалпы дамыту және арнайы жаттығулары. 
Жүгіру.
Ақырын жүгіру, санды көтеріп жүгіру, балтырды сермеп 
жүгіру және т.б. ортаңғы стайердің жалпы және арнайы жаттығуларының 
комплексі. Ойлы-қырлы жерлермен жүгіру. Кроссттың дайындық бақылау 
старттары: 100м., 500м., 1000м. Вираждың үстінде жүгіру, челнокті жүгіру 
және 
т.б. 
кесінділерде 
жылдамдату. 
Эстафеталар. 
Қимыл-қозғалыс 
ойындары. 


39 
Затты лақтыру.
Лақтырушылық жалпы дамыту және арнайы 
жаттығулары. Жеңілатлетикалық снарядтарды лақтыру техникасын меңгеру. 
Лақтырушының жалпы және арнайы күш дамытуға тығыздалған доптармен 
және басқа да құралдармен жаттығулар жасау. 
Секірулер.
Секірушінің жалпы дамыту және арнайы жаттығулары. Әр 
түрлі амалдармен секіру элементтерінің жаттығулары. Секірудің техникасы 
(орыннан ұзындыққа, жүгіріп ұзындыққа). Жекешелендірумен секіру 
жаттығуларының комплексін меңгеру. Дене жүктемесінің жаттықтыру 
эффекті туралы түсінік. Көп секіру (үш, бес және т.б.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет