Букенов М. Ж. Джылысбаев Д. Б. Кудериев Ж. К. Волейболдан оқу-жаттығу үрдісін



Pdf көрінісі
бет65/87
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#93896
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87
Байланысты:
Bukenov Voleibol

Футбол.
Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың 
командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. 
Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе 
басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан 
көбірек доп салу болып табылады. 
алықаралық футбол ассоцияацияның (IFAB)[5] әр түрлі деңгейде және әр 
түрлі футболшылар топтары үшін (мысалы, жасөспірімдер үшін, әйелдер 
үшін, мүмкіншілігі шектелгендер үшін, т.б.) ресми түрінде қабылданған 
ойын шарттарының 17 нұсқасы бар. 
Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды 
санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа 
ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.[6]. Қақпашыдан басқа 
ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып 
бөлінеді. 
Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. 
Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар. 
Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу 
(гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда 
ұтады. 
Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын 
деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) 
берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен 
кейінгі пенальти жүптары өткізіледі 
Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда 
өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның 
сыртына тор керіледі. Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см 
Ұйрену керек:
Бір орында және қозғалыста (алға, артқа, оңға, солға) 
допты әріптеске аяқпен (оң, сол) тебу. Допты қақпаға түсіру үшін аяқпен (оң, 
сол) тебу. Командалық ойын. 
Футболшының қозғалысы.
Жүру түріндегі жаттығулар, баяу жүгіріс, 
жылдамдықпен жүгіру, жылдамдық, қосымша қойылған қадамдармен жүгіру; 


38 
тік және доға бойынша әр түрлі бағыттарда; қарама-қарсы бетке, зигзаг
бойынша қозғалу. 
Допты тебу
футбол ойынының техникасының негізін құрайды. 
Ойыншы допты аяқпен тебу арқылы допты әріптесіне тебе алады, қақпаға 
соғады, допты алып жүру және басқа әрекеттерді жүзеге асырады. 
Доптың қабылдануы өкшемен,
табанның ішкі және сыртқы жағымен, 
санмен, алқыммен, аяқтың ұшымен, кеудемен және баспен жүзеге 
асырылады.
Допты алып жүру
алқымның сыртқы және ішкі бөлімімен, ішкі 
жағымен орталық алқыммен немесе аяқтың ұшымен бір немесе оң және сол 
аяқтың кезектесу мен жүзеге асырылады. 
Допты тартып алу.
Допты тартып алу кезінде допты жақсы 
меңгеретін ойыншының қасына жақындап, ол допты жолту кезінде аяқты 
допқа қарсы тебу керек. Екілік, үштік жаттығулар. 
Қақпашының ойын әдістері.
Ойын барасында қақпашы бір орында 
тұрмайды: ол допты қағып алады, допты теуіп жібереді, қақпаны қорғайды
ұстап алған допты алаңға тебеді немесе оны аяқпен алып жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет