Бюллетень проект «Образовательные стратегии выпусников школ вко»


кездесу «Өмірлік оқиғаларға және жауапты жағдайларға өзіңді



бет7/13
Дата01.04.2017
өлшемі1,51 Mb.
#13325
түріБюллетень
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

6 кездесу «Өмірлік оқиғаларға және жауапты жағдайларға өзіңді

қалай дайындау керек».
Алдыңғы сабақтың рефлексиясы

ҰБТ тапсыруда уақытты үнемдеу сапаға қалай әсер етеді? Уақытты қалай дұрыс басқару қажет? Жаттығулардың қайсысы тапсырманы зейін қойып орындауға көмектеседі? Үйде жаттығуды орындадыңдар ма?Қалай болды?Көмектесті ме?


«Тырна» жаттығуы

Мақсаты: маңызды кездесуде, емтиханда өзіңнің күйіңді қажетті жаққа өзгертуге көмектеседі.

Оқушылар шеңбер бойынша тұрады. 1-2 фазада жағымсыз саналары өзіндік образдан арылады, келесі 2 фазада жағымды күштерге иемденеді. Оқушылар беттерін қолдарымен жауып, терең тыныс алады. Тыныстарын 1-2 секунд ұстайды. Ауыз, мұрын арқылы жайлап «трубка» арқылы демімізді шығарамыз, сонымен қатар бетімізден қолымызды ақырындап аламыз. Сол кезде мойын, арқамыз, йығымыз босаңсиды. Аяғында демімізді ф-фух-х... деп дыбыспен ақырын шығарамыз. Көзімізід 1-2 секунд жауып үзіліс жасаймыз.

Енді ақырыпндап демімізді тартып, қолымызды ақырындап бетімізге әкелеміз. Бетімізді астынан үстіге сипапймыз.Қолымызды веермен ашамыз. Мойнымыз мен арқамызды алға артқа қозғалтамыз. Енді демімізді ақырын шығарамыз және қолымызды еркін жібереміз. Өзімізді жеңіл ұстаймыз.

Нәтижесі: Жанның ашықтығы, жинақылығы, сенмділігі.
«Болашаққа хат» жаттығуы

Сіздер химияда «бензолдың» формуласының ашылуы ұйықтап жатып түсінде көруі арқылы болғанын білесіздер. Бұл яғни бейсана арқылы санадан тыс болған. Сондықтан біз санамызға үзіліс жасап, арманымыздың орындалып, мақсатымызға жеткен кезімізді бейсана түрінде жасап көрейік. Мүмкін арманымыз, алға қойған мақсатымыз арқылы да пайдалы құпияларды шешуімізге пайдасы болар.



Қатысушылар 2015 жылға арнап «Кім болады, кәсіби дәрежесі қандай, қандай жоспарлары жүзеге асады, қандай кедергілерді жеңеді» болашақ жоспарын хат ретінде жазады да конвертке салады. Оны тек 2015 жылы 6 маусым күні ашады.
Релаксация «Данамен кездесу»

Сіздер өздеріңіз немес таныстарыңыз өмірлеріңізде бір рет болса да көріпкелге, жұлдыз-жорамалға, астрологтарға сеніммен қарап, байқап көрдіңіздер. Кез-келген адам болашағына үмітпен байланыс орната біледі. Кейбір сәттерде армандарымыз орындалып жатады.



Қазір әркім өз орнына жайғасып отырып, көзін жұмады. Терең 3 рет дем алыңыз. Сіздің қолдарыңыз еркін, әрі бос жатыр. Сіздің аяқтарыңыз да әлсіреп, босаңси бастады. Сіздің аяқтарыңыз бен қолдарыңыз толығымен еркін әрі ауырлай бастады. Бойыңыздағы қысым азая бастады. Денеңіз толығымен демалуда.

Енді өзіңізді басқа бір қалада, кішкене бір көшеде келе жатқандай сезініңіз. Оң және сол жағыңызда әдемі үйлер. Осы үйлердің бірінде, болашақты дәл болжайтын көріпкел тұрады. Бұл көріпкел өте дұрыс айтатын ерекше адам. Осы адамға барғандардың барлығы өз болашақтарын айқындап, мақсатты өмір сүруге шешім шығарады екен.

Сіз міне сол үйге таяп қалдыңыз. Еменнен жасалған ауыр есікті аштыңыз. Есіктің ар жағынан сізге ақ сақалды, жылы жүзді қария кездесті. Ол сізді «кіріңіз» деп шақырды. Сіз бөлмеге кіргенде көне кітаптарға толы сөре, үстелдің үстінде жатқан картаны, жарқыраған айнаны, көрдіңіз. Диванда ала мысық ұйықтап жатыр. Көріпкел сізді шақырып креслоға жайғастырып отырғызды да сізге қарап сөйлей бастады:

-Көзіңді жұм, мен саған жарқын болашағыңда айтамын ...

Осы сөзден кейін сіз ұйықтай бастадыңыз.

Сіз қарияның сөзін естіп тұрсыз ба әлде түс көріп тұрсыз ба білмейсіз. Сіздің көз алдыңызда болашақ өміріңіздің бейнесі тұр. Мүмкін сіз ҰБТ-тен ең жоғары балл жинап, бақыттан басыңыз айналған сәтті, әр түрлі құттықтау кезеңдерін, ЖОО-на түсіп, ондағы үлкен жетістіктерге жетіп, қуанған сәттеріңізді көрдіңіз, Мүмкін сіз жиі қарым-қатынас жасайтын адамдарыңызды көрдіңіз, Мүмкін сіз дипломды алып, үлкен маман иесі, мемлекет қызыметкері болған сәтіңізді, өз тәжірибеңізді таратып жатқан бейнеңізді көрдіңіз. Мүмкін сіз жанұяңызбен тұратын болашақ үйіңізді, машинаңызды көрдіңіз.

Сізге болашақты айқын көруге біраз уақыт берілді. Уақыт өте, сізге көріпкелдің «Сен күштісің.. , Сенің қолдауың қажет..., Сенің қолыңнан бәрі келеді..., Біз сені жақсы көреміз...» деген дауыстары естіле бастады. Бұл сөздер сіздің тамаша түсіңізді одан әрі көркейтуге көмек берді. 1мин үзіліс.

Енді сізді көріпкелдің оятып жатқанын сезе бастадыңыз. Сіз көріпкелге болашағыңызды айтқаны үшін рахмет айтыңыз. Сіз енді қоштасарда бір нәрсе айтқыңыз келіп еді, көріпкел өзі сөйлеп, әңгімесін айтып есікке дейін шығарып салды. Есікті жауып, далаға шықтыңыз. Сіз қайтадан кішкентай көшемен жүріп келесіз. Енді міне өзімізге оралдыңыз.

Мен қазір 3-ке дейін санаймын. Сол кезде сіз сергек, өзіңізді тамаша сезімде оянасыз.

Талдау:Сіз қартпен қандай қарым-қатынас ұстандыңыз?, Сізге не ұнады? Тұлғалық өсу тұрғыда қандай мақсатқа жеттіңіз?, Кәсіби өсуде не кедергілер болды?

ҰБТ-ді сәтті өтуге арналған кеңестер

Арнайы дайындалған ақ қағазда жазылған ҰБТ-ны сәтті тапсыруына ықпал етеін психологтың кеңесі айтылады.


Рефлексия « Гүл» жаттығуы

Қатысушылардың барлығы ақ параққа гүлді (күнді) салады. Ортасына өзінің есімін жазады. Әр жапыраққа (сәулесіне) сабақтан алған әсерін жазады/салады. Сұрақтарға жауап беру: Кездесуге қатысудан не өздеріңе алдыңдар? Кездесулер саған көмектесті ме? Жаттығу барысында не сездің? Кез келеген сезімдеріңмен әсерлерің. Суретті салып болғаннан кейін, әр қатысушы өзінің гүлімен таныстырады, неге нақты дәл сондай жазды екені түсіндіріп, тақтаға іледі.

Релаксация «Маяк»

Оқушылар ыңғайланып отырады, көздерін жұмады. Дискіден «Маяк» атты релаксациялық әуен ойналады. Оқушылар тыңдап, елестейді.

Талқылау: Жаттығу сендерге әсер етті ме? Ұнады ма?

Қоштасу


«Шырақ» жаттығуы

Оқушылар шеңбер құрып тұрады, үстелдегі шырақтарды алып, бір-бірлерін отын жағу арқылы тілектер айтады. Психолог оқушыларға болған кездесулер үшін алғысын білдіреді. Оқушыларға болашаққа тілектер айтып, ҰБТ-ні жақсы тапсыруына сәттілік тілейді.




Бағдарлама өз мақсатын және міндеттерін орындау үшін төмендегідей әдебиеттер қолданылды:


Релаксация, босаңсу, сенімділікті қалыптастыруға, өзіндік сынаудан өтеуге, қорқынышты бағалауға және т.б. меселелер бойынша әртүрлі авторлардың жетістіктері, материалдары, жаттығулар – В.Л. Леви, Д.Карнеги, К.Станиславский, Пахомова Ю.В., Зюзько М.В., Келли К., Зубкова А.Н., Огановского А.П., Козлова Н.

Рекомендации психолога о проведении психологических тренингов для выпускников школ при подготовке к ЕНТ
Психологические тренинги для выпускников школ при подготовке к ЕНТ

Цель: отработка стратегии и тактики поведения в период подготовки к ЕНТ; обучение навыкам саморегуляции, самоконтроля; повышение уверенности в себе, в своих силах.

Методы: групповая дискуссия, игровые методы, медитативные техники.

Задачи:

1. Повышение сопротивляемости стрессу.


2. Отработка навыков уверенного поведения.
3. Развитие эмоционально-волевой сферы.
4. Развитие чувства эмпатии, внимания к себе и доверия к окружающим.
5. Развитие навыков самоконтроля с опорой на внутренние резервы.
6. Помощь в осознании собственной ответственности за поступки, в анализе своих установок.
7. Обучение навыкам конструктивного взаимодействия.

Условия проведения: класс или любое другое просторное, хорошо освещенное помещение. Группа формируется из учащихся одного класса.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет