Бюллетень проект «Образовательные стратегии выпусников школ вко»



бет6/13
Дата01.04.2017
өлшемі1,51 Mb.
#13325
түріБюллетень
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

5 кездесу «Өз уақытыңды үнемде»
Алдыңғы кездесудің рефлексиясы: Сенімділікті қалай орнатуға болады екен? Бұған бізге не көмектеседі?

Тестен жақсы, сәтті өтуіміз, біздің қаншалықты уақытты үнемдей аламыз және өзіміздің энергиямызды, күшімізді жоғалтпауымызға байланысты екен.


Ең басты міндет - өз уақытыңды дұрыс ұйымдастыру, тесттің сұрақтарымен жұмыс болып табылады. Уақытты кері қайтарып ала алмаймыз. Оны жинап, көбейтіп немесе беруге болмайды. Ол қайтымсыз өтеді. Егерде тесттің тапсырмаларын орындалмай жатсақ, өкінішке орай уақыттың жетіспеуі деп итермелейміз.негізінде бұл өзіндік менеджменттің төмен деңгейі болып табылады. Бұл дегеніміз өз уақытымызды үнемдеу үшін тиімді әдістерді мақсатқа бағыттап орындамаймыз

Бұл жерде әртүрлі авторлардың уақыт туралы айтқан сөздеріне көңіл бөлуге болады (тақтаға ілінеді): Аллан Лэкейн: «Өз уакытын жіберуге мүмкіндік берген адам, өз өмірін қолынан жібереді; өз уақытын қолында ұстаған адам, өз өмірін қолында ұстап тұр»; Питер Друкер: «Уакыт-ең шектеулі капитал, және егер де онымен басқара алмасан, онда ештенені де басқара алмайсын».

Сонымен, ҰБТ-ның сәтті өтуі тек қана білімнің, өзіңді ұстай алуыңмен ғана емес, сонымен қатар ең құнды – уақытқа байланысты деп нақты айта аламыз.

Сондықтанда біз бүгін ҰБТ-да өзіңнің жұмыс уақытын дұрыс ұйымдастыру жөнінде әңгімелесеміз.


«Мәселелер шеңбері» жаттығу

Мақсаты: уақыттың жетіспеу себебін анықтау

Нәтижесі: Мәселені шешу үшін ең алдымен уақыттың жетіспеу себебін анықтау қажет:

Үнемі асығыс. Асыққан кезде қазіргі уақытта орындап жатқан тапсырмаға зейін қоюға үлгермейміз.Яғни, ең алғаш ойға келген тәсілден гөрі басқа шешу тиімді жолдарын ойламаймыз.

Жұмыстың қабаттасуы. Осында біз әртүрлі ұсақ және маңызды емес тапсырмаларды орындай бастаймыз. Маңыздылығына қарай нақты жұмыс таратылмайды.

Орындалған тапсырмаларды орынсыз тексеру. Басқа тапсырмаларды орындауға уақыт үнемделмейді.

Шамадан тыс шаршау. Күнделікті асығыс жағдайында ұзақ жұмыстың нәтижесі.

Бұл ҰБТ-да нашар ұйымдастырушылықтың нәтижесі, кейде сонымен қатар адамның ерекшелігімен және импульсивтілігімен байланысты.

Жоспарсыз жұмыс. Бір пәннің сұрағынан басқа пәнге ауысасын.

Жұмыстың әлсіз мотивациясы. Жоғары балл алуға ұмтылысы жоқ.

Жаттығу барысында қандай да бір мәселеге оралу қажет.

Талқылау: Берілген жаттығу уакыттың жетіспеуінің қандай себебіне бізге қажет?Несімен ол көмектеседі?


«Тайм-менеджмент» жаттығуы

Тайм-менеджмент дегеніміз – уақытты билеу болып табылады. Яғни уақыт бізді емес, біз уақытты билеуіміз қажет. Сондықтанда өз жұмысыңды нәтижелі жоспарлау үшін, уақытты тиімді пайдалануымыз қажет. Ол үшін оқушылар параққа сағаттың суретін салып, таңертең тұрғаннан ұйықтауға дейінгі күн тәртібін жазады.

Талқылау: кімнің уақыты неге жұмсалады? Көбінде қайда жұмсалады? Уақытты тиімді қолданамыз ба?

Оқушылар әрқайсысы өзіндік талдау жасайды.


«ҰБТде уақытты қалай үнемдеу қажет» жаттығуы

Мақсаты: қатысушыларға ҰБТ -да уақытты бөлуге және ойлануға мүмкіндік беру.

Әрқайсысы параққа тапсырманы орындауға уақытты бөлуге тырысып кореді.

Оқу және талқылау

Рефлексия. Уақытты дұрыс бөлу:

30% бірден орындай алатын тапсырмаларға уақытты бөлеміз

60% уақыт ойлануды қажет етеін тапсырмаларға

30% интуициямызға байланысты шешетін уақыт


Талқылау: Шешім қабылдау.

Шешім қабылдау – яғни бұл ең бастысын құру. Бұл алғашқы пәндерді таңдауды ұқсынады.

Тапсырманың маңыздылығына қарай бөлу: күшінді бөлі еңбірінші, екінші, соңында атқаратын тапсырмаларға бөлу. Егерде осындай қарапайым ережелерді ұстансақ келесідегідей жетістіктерге жетуге болады:

бекітілген мерзімді бақылау

жұмыс күнінен және жұмыстың нәтижесінен үлкен қанағат алу

стресстік жағдайлардан және шаршаудан қашу.



Каталог: assets -> images -> document
document -> «Бүгінгі жасөспірімдерді теріс әрекеттерден, әлеуметтік желілерден сақтандыру жолдары»
document -> О работе с сайтами суицидальной направленностью
images -> Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
document -> «Бекітемін» ШҚО білім басқармасының басшысы А. Садыкова
images -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология
document -> Құрметті жерлестер шығысқазақстандықтар!
document -> «Дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешенімен» ынтымақтастықта жұмыс істейтін облыстағы мектептер тізімі
document -> ШҚо бб «ШЫҒыс қазақстан өҢірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығЫ» кмм


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет