Бюллетень проект «Образовательные стратегии выпусников школ вко»


кездесу «Еске сақтау және оның тиімді жолдары»



бет4/13
Дата01.04.2017
өлшемі1,51 Mb.
#13325
түріБюллетень
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3 кездесу «Еске сақтау және оның тиімді жолдары»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды емтиханға психологиялық даярлау, өзіне сенімділікті, емтихан тапсырудағы күш-жігерін арттыру.

Міндеті:

Оқушыларды физикалық және эмоционалды күштенуден релаксация әдісі арқылы арылуға дағдыландыру.

Стрессті басу;

Емтиханға даярланудағы ерік-жігелі және жұмысқа қабілетті өзіндік сезімді арттыру;

Еске сақтауды арттыру.

Қолданылатын әдістер: дискуссия, мини-лекция, тренингтік жаттығулар.

Қажетті құралдар: сынып бөлмесі, орындықтар, тақта, ватман, фломастерлер, ескі газеттер, қалам, дәптер, өзіндік жазба блакноттар, майшам, сіріңке.

Қатысушылар: Барлық сынып оқушылары.



Кіріспе: Тренингтің барысын, мақсатын таныстыру.

Жалпы ҰБТ – тесттік технология негізіндегі қарапайым емтихан түрі. Емтиханның бұл түріне жалпы барлық деңгейде даярлану қажет. Осындай сабақтар барысында біз сіздермен емтихан кезінде кездесетін кейбір мәселелермен бөлісіп, шешуге тырысамыз. Емтихан тапсыру ситуациясы барлық оқушылар үшін бірдей болғанмен, әр оқушы түрлі деңгейде қобалжыйды, қабылдайды, мазасызданады. Бұл неге байланысты? Оның барлығы әрине материалды меңгеру деңгейіне, еске сақтауға, өзін сенімділікке байланысты. Кейбір кездерде, сіздің толық біліп тұрған мәліметтеріңіз мүлде есіңізге түспей, жүрегіңіздің соғысы жиілеп, ойыңызға небір ойлар оралып тұрады. Осындай болмас үшін өз-өзіңізге сенімділікті арттырып, шоғырлану мен тұрақтану тәсілдерін меңгеру қажет. Емтиханға даярлық кезінде көптеген текстер, графиктер, формулалар, ережелер, сөздіктер жаттау қажет. Сіз міндетті түрде өзіңізге қандай әдістер арқылы жаттау жеңіл екенін білуіңіз қажет.



Біздің сабағымыз сіздерді емтихан тапсыруға психологиялық даярлық жасауда көмек береді деген ойдамын.

Мақсаты: Адамның ес сипатымен танысу, мәтінмен жұмыс, еске сақтау әдістерін меңгеру, алынған дағдыларды өңдеу.



1-ЖАТТЫҒУ: «Топқа бөлінейік»

Топтағы адам санына байланысты өз қалаулары бойынша 3-4 топқа бөлінеді.

Мини-лекция «ЕС. Еске сақтауды арттыру жолдары» 5-мин.

Ес туралы толық түсінік беру.

Еске сақтау әдістері:

Топтау – қандай да бір негізге байланысты материалдарды жіктеу (Мағынасы, ассоциация)

Негізгі бөлімдерді тану – үлкен көлемді материалдардың ең негізгі түйінін біріктіру. (тезис, сұрақтар, мазмұны, салыстыру, сандық мәліметтер)

Жоспар – негізгі мәтіндегі ақпараттар бойынша жіктеу.

Жіктеу – жалпы ұқсас белгілер арқылы топқа, класқа бөлу.

Құрылым - өзара байланысты мәліметтерді мақсатты біріктіру.

Сызбалық – сақталатын ақпаратты негізгі белгілері бойынша суреттеу.

Материалдың сериялық ұйымдастырылуы - әртүрлі көрсеткіш бойынша материалды тиімді ұйымдастыру: көлемі, уақыты т.б

Ассициация – ұқсастығына немесе қайшылығына байланысты салыстыру.

2-ЖАТТЫҒУ: «Мәтінмен жұмыс». 30-40 мин

Мақсаты: оқушыларға емтиханға даярлануда қандай еске сақтау әдістері тиімді екенін анықтауға көмектесу.

Қажетті құралдар: 1-2 беттік мәтін( статья, биография, әңгіме, үзінді т.б), А4 бет, фломастер.

Әр топқа мәтін беріледі. Оны топ мүшелері бірлесе отырып, өз қалауы бойнша еске сақтау түрлерін қолданып, еске сақтайды. Даяр болған кезде топпен талқылауға салады. 15-мин даярлыққа беріледі.

ТАЛДАУ:

Қандай қиындық болды?



Қандай еске сақтау әдісі тиімді болды және неге?

Сіздердің көзқарастарыңыз бойынша мәтінмен жұмыс қай пәнге көбінде тиімді әсерін береді, - деп ойлайсыздар?



3-ЖАТТЫҒУ «Бос орындық» 10-мин

Мақсаты: Оқушылардың жұмысқа қабілетін арттыру, шаршау сезімін басу.

Орындықтар шеңбер бойымен орналастырылады. Оқушылар 1-2 қатармен саналады. 1-қатарлы оқушылар орындыққа отырады, 2-қатарлылар 1 - артына тұрады. Бір орындық бос болады да, артына бір оқушы тұрады. Бос орындыққа отырған оқушыны ыммен, жестпен шақырады. Өзін шақырғанын білген оқушы соған бару керек. Ал негізгі шарт артындағы адам, алдындағы жұбын жібермеу қажет.

Мини-лекция. «Еске сақтаудың тиімді жолдары» 25-мин

Оқушылар қажет ақпаратты өздеріне жазып алады.

Жақсы еске сақтаудың алтын ережесі – материалмен интеллектуалды жұмыс істеу. Қазір айтылған ережелерді күнделікті даярлықта қолданысқа енгізу үшін, өздеріңізге қажеттісін жазып алыңыздар.

И.А.Корсакованың қайталау әдістемесі –

Қабылданған ақпаратты ( аты, тел номері, мерзім) 20 секундтан кейін қайталау. Жалпы ақпаратты еске сақтау ең алғаш қабылдану сапасына қарай болады.



Қайталау уақытын арттыру. Мысалы 1 аптаға берілген тапсырманы: 1-күн: 2-қайталау, 2-күн: 1-қайталау, 3-күн: қайталамау, 4-күн: 1-қайталау, 5-күн: қайталамау, 6-күн: қайталамау, 7-күн: 1-қайталау.

Қайталауды бірнеше қосалқы жалғастыру. Ақпарат мүлде ұмытылмас үшін қайталау жиілігін сақтау қажет. Егер сіз материалды бірнеше күнге дейін ұмытпау үшін жаттасаңыз, төмендегідей ереже қажет: алдымен 15-20 минут сайын қайталау, одан кейін 8-9 сағаттан кейін, одан кейін 24 сағаттан кейін қайталау.

Кілттік сөздер әдістемесі-

Жалпы кез-келген материалдың ең негізгі ұғымдарын, қажетті ақпаратын, кілттік сөздерін еске сақтау.

3. Тұтастық оқу әдістемесі-

Қажетті ақпараттың көлемі ауқымды болған жағдайда қолданылады. Бұл әдіс көбінде өлең жолдарын жаттаған кезде байқалады. Өлең жолдарын сақтаған тәрізді көлемді ақпаратты жаттауда, алдымен бөлімге бөлу қажет. 1-бөлімді жаттағанан кейін, 2-бөлімге ауысып, кейіннен бөлімдерді толық қайталау.

4 -Жылдам оқу.

Кез-келген материалды жылдамдықпен оқығанда есіңізде ештеңе қалмайтыны белгілі. Осындай жағдайларда қабылдаудың ең биік шегіне жетуге болады. Әрине 100 пайыз қабылдамайсың, дегенмен кейбір сәттерде қажет болатын әдіс. Оның негізгі ережелері болады:

Өзіңе нені еске сақтау керектігін іштей қайталау.

1 секундтан кейін, 2-секундтан кейін, 4-секундтан кейін қайталау.

10 минуттан кейін (өзіндік әсеріңді білу үшін) қайталау.



2-күннен кейін, 5-күннен кейін қайталау (Ұзақ мерзімді еске сақтау үшін).
4-ЖАТТЫҒУ «Ес және сезімталдық тәжірибе» 20-мин

Мақсаты: Сезімдік тәжірибеге негізделген, есті дамыту.

Жалпы эмоция мен сезім еске сақтаудың ең маңызды құрылымы. Кез-келген ақпарат адамға неғұрлым сезіммен берілсе, соншалықты еске жақсы сақталады. Даниель Лапп өзінің сөзінде салыстырмалы түрде айтқан екен: «Балықшы қармақты неғұрлым суға жиі салса, балықта соншалықты көп ауланады. Сол сияқты сезім адамға қаншалықты берілсе, соншалықты еске түсіру деңгейі болады». Сонндықтанда көріңіз, тыңдаңыз, ұстап көріңіз, дәмін көріңіз, иіскеңіз, қозғалыңыз.

Біз жақсы еске сақтаймыз, егер:

ақпаратты үнемі қолдансақ;

Алдағы оралатын мәліметті;

Бізге өте ұнайтын, жағымды ақпарат (эмоциямен берілген, зейін қойылған мәлімет).

Әрекет кезінде қолданысқа қажет.

Көріп еске сақтаудың әдістері:

Еске сақтағымыз келген ақпаратты ойша қабылдаймыз. Оны ерекше бір түспен бояп немесе оның көлемін т.б қырлары бойынша қиялымызбен әшекерлейміз. Осындай ерешелік қалай ұмытылады?

Еске сақтаудың айқын бейнесі. Сақталатын ақпаратты аппақ қағазға қызылмен жазып, 15 секундтай қиялыңызбен әрлеп есіңізге сақтаңыз.

Код, немесе КІЛТ

Сөздік- Вербалды

Негізінен сөздік қабылдаулар дыбыстар арқылы жақсы сақталады. Қажет ақпараттар дыбыстардың үндесуі арқылы еске түсуі мүмкін. Мысалы, семь-семья, один-блондин т.б

Көру – Визуалды

Қабылданған ақпаратты ұқсас бейнелермен әрлендіру, Мысалы, 0-шеңбер, 1-бағана, 2-егіз, 3-үшбұрыш, 4-шаршы, 5-саусақ, 6- ойын, 7-жеті қазына, 8-құмсағат, 9-ұлу, 10 – қос қол т.б

Көрумен байланысты ақпарат кілті.

Сандарды әріптермен байланыстыру:



0-О; 1-І- ; 2-П; 3-З; 4-Ұ-У; 5-Б; 6-С; 7-Р-Ғ; 8-Ө, В; 9-Р.

Ұзақ сандарды жаттауда әріптерден сөздер құрап жаттауға болады.

5-ЖАТТЫҒУ «Қар лақтыру» 5-мин

Мақсаты: Сабақтан кейінгі шаршауды басу.



Сынып екіге бөлінеді. Бөлмені де екі жақ топ теңдей бөліседі. Ескі газеттен қар жасап бір-біріне лақтырады. «СТОП» деген команда берілгенде қар аз топ анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет