4 кездесу «Сенімділік орнат»
Бірінші кездесудің рефлексиясы:
Қорқыныш, үрей дегеніміз не? Қалай оны көруге болады? Бұлшықеттің күшін түсіре алдыңдар ма? Қандай қиындықтар болды? Қорқыныш, үреймен қалай күресуге, жеңуге болады екен? Өз-өздеріңе сенімділікті сездіңдер ме, өздеріңді бақылай аласыңдар ма екен? Қалай ол болды?
Әңгіме
Кейбір жағдайларда қорқыныш сендерді билейді: ұтылу, жеңіліп қалу қорқынышы араласып, кедергі келтіреді. Сол сияқты қорқыныштармен қалай күресу керек, қалай сенімділік орнату керек. Міне осының барлығы туралы біз бүгін әңгімелесеміз. Негізгі қазіргі шарт - өз-өздеріңе көмектесу.
Сенімділікті неден бастау керек?
Дамудың және өмірдің ең жаман тежегіші – бұл қателіктерден қорқу, яғни жаман бағаны алуға қорқыныш т.с.с.Қателіктер арқылы біз үйренеміз. Олар бірін-бірі басады. Екі рет қателісуге болады, бірақ 3-ші рет болмайды.
Талқылау: Кім және неден қателістіңдер? Ол өміріңе қалай әсер етті?
Рефлексия: Сабақта жауап беруге қорықсаң - әрбір қолайлы жағдайда жауап беруге тырыс. Емтиханнан қорықсаң – оны қай жерде тапсыруға болатын жағдайды ізде. ҰБТ-ден қорықсаң – пробный тест тапсыр. Қорқынышқа қарсы жүр. Неден қорқасың, соны істеуге тырыс, көп нәрсені істе, бірнеше рет жаса деген ережі ұстан.
«Ішкі дүние» сурет
Мақсаты: сол мезеттегі тұлғаның ішкі дүниесін білу
Жүргізуші: Қазір сіздердің ішкі дүниеңізді, сіздің эмоциаңызды бейнелейтін қандайда бір сурет салып көріңіз. Ол түрлі-түсті гамма немесе сіздің сезіміңіздің барлық гаммасын бейнелеуі мүмкін. Кірісіңіздер!
Талдау: Жаттығу соңында жүргізуші суреттерді жинап алады да, әр қатысушыдан өз қалаулары бойынша, суретінде қандай көңіл күйді бейнелегенін әңгімелеп беруін сұрайды. Сурет салып отырған мезетте қандай көңіл-күйде болдыңыздар? Қазір өздеріңізді қалай сезінудесіздер?
Ескерту: Оқушыны суретіндегі бейнеленген көңіл күйін әңгімелеп беруге мәжбүр етуге болмайды.
«Мен неден қашамын» жаттығуы
Мақсаты: өзара сенімділік пен топтың ашық қатынасын туғызу.
Әр қатысушыға қарандаш, парақ және 5 мин. уақыт беріледі. «Мен неден қашамын» тақырыбына тізім жазу керек. Ол әңгіме тақырыбы, сезім, және тұлға мен әрекет, көзқарас пен пікір болуы мүмкін. Оны өзіңді айыптамай және кімде-кім бұл туралы не айтады екен деп ойламай істеуге тырысу керек. Барлық адамдар бір нәрсені ұнатпайды және одан қашады, ол қалыпты жағдай екенін топқа айту. Бұл жаттығу өз өмірімізге қаншалықты риза екенімізді ойлауымызға мүмкіндік береді. Қатысушы 5 мин. ішінде үлгергеніншетізімдерді жалғастыруға болады.
Осыдан кейін топпен талқылау болады. Бұл әңгіме қатысушыларды өз мінез-құлқын өзгертуді және сол сияқты қандай да бір заттардан қашпау керектігін міндеттемейді. Біз неден қашатынымызды білген кезде, бізге жағдайды өзгерту жеңіл болады. Егер адам нақты кедергіні сезінсе, оның қайдан шыққанын оңай түсінеді.
Талдау: тізім жазу қиындық келтірген жоқ па?Әңгімелеу барысында өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Рөлдік ойын «Қабылдау комиссиясы»
Мақсаты: сенімді мінез-құлық тәсілдерін жетілдіру.
Жүргізуші қатысушыларды нұсқаумен таныстырады: «Сіздер бәрін кейін оқуға – колледждерге, жоғары оқу орындарына барасыздар, жұмысқа тұрасыздар. Былай қиялдайық, оқуға түсу үшін ешқандай емтихан тапсырмаймыз, тек қабылдау комиссиясынан әңгімелесуден өтсе жеткілікті, ал олар сізді қабылдау, қабылдамауды шешеді. Қабылдау комиссиясы 5 адамнан тұрады. Көрейік, көпшілігі қабылдана ма екен?» қабылданушы оқитын (жұмыс істейтін) оқу орнын немесе мекемесін айтады.
Дайындыққа 5-10 минут уақыт беріледі. Әңгімелесуден өту 5-тен 15 минутқа дейін.
Талдау: Қабылданушының комиссиямен әңгімеі мен мінез-құлқы, сонымен бірге «қабылдау комиссиясы» мүшелерінің әрекеті талқыланады.
«Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы
Мақсаты: Өзіңе сенімділікті сезінуге және босаңсуға мүмкіндік жаса.
Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көзіңізді жұмыңыз. Үш рет дем алып, үш рет дем шығарыңыз.
Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және сығырайған. Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар, ал басқаларға сан жетпейтін біресе жақындап, біресе алыстайтын жарық нүктелер.
Сол жұлдыздарға қарап өзіңе ең көріктісін таңдап ал.Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды, әлде бақытты, қуанышты, шабытты балалық шағыңызды еске түсіреді ме? Тағы да жұлдызыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз міндетті түрде оны аласыз. Жұлдызыңызды ақырын ұстап алдыңызға қойыңыз, жақсылап ұстап, оның қандай екенін және жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз.
Ал енді алақандарыңызды жоғары созып, керіліп көздеріңізді ашуға болады. Қолыңызға түрлі қағаздарды алып, өз жұлдызыңызды салыңыз. Қиып алып біздің жұлдызды аспанымызға жапсырыңыз.
Енді бізге жұлдыздарымыз әр сабақта өзінің шуағын шашып, достығымызды нығайтып отырады. Соңғы сабақта сіздер оны өздеріңізбен алып кетесіздер. Олар сізге білім жолында, барлық сынақтарда өмір бойы көмектеседі. Жұлдыздарға мұхият қараңыздар, олардың барлығы әр түрлі сіздер мен біздер сияқты, бір-біріне ұқсамайды.
Сергіту жаттығуы « Ормандағы жаңбыр»
Музыка ойнайды.
Психолог: Мәтінді оқиды, ал қатысушылар оны орындайды.
Сіздер ормандағы ағаштарсыз, өздеріңізге ағаштың атын қойыңыздар.Орманда күн ашық, ағаштар бұталарын күнге бағыттап, жапырақтарын күннің көзіне, шуағына көрсету үшін ұмтыла түсуде. Сіздер ағаштарсыздар, аяқтың ұшымен тұрып, қолдарыңды биікке созып күнге барынша жақындай түсіңіздер.Қандай тамаша!
Осы кезде қатты жел тұрып кетті, ағаштар тербеле бастады. Тамырлы болғандықтан, ағаштардың түбі мықты, (аяқтың бұлшық еттеріне салмақ түсіріңіздер) Қатты жел жаңбырдың иісін шығарып қара бұлттарын алып кетті. Ал, ағаштарға сіркіреп тамшылаған жаңбыр сезіле бастады. (алдында тұрған адамның арқасына саусақтарының жеңіл қимылдарымен әсер ету) жаңбырдың тамшылары үдей түсті. Сол кезде ағаштар бірін-бірі аяп кетті де, жаңбырдың қатты тамшыларын сілкіледі. Ағаштар өздерін сергек сезініп, өмірдің қуанышын байқады.
Талқылау: Сендерге жаттығудың әсері қалай болды? Ұнадыма? Өздеріңді қалай сезіндіңдер?
«Өзін-өзі тану» жаттығуы
Мақсаты: Оқушының өзін-өзі тануы мен өзіне-өзі сұрақтар қоюды үйренуі.
өзін-өзі тану үрдісін үнемі баяу ойналатын музыкамен психологиялық күйге келуден бастаймыз.
Ыңғайлы отырыңыздар.... тынышталып денелеріңізді бос ұстаңыздар. Көздеріңіз жұмулы кезде босаңсу, тынышталу, демалу өте жақсы. Көздеріңізді жұмыңыздар. Сіздер менің үнімді естіп отырсыздар және тағы да сіздердің ағзаларыңыз қаншалықты бостандық пен тыныштықты қажет етсе, соншалықты босаңсып, тынышталуға болады......сіздердің денелеріңіз.....сіздердің миларыңыз....сіздердің санадан тыс саналарыңыз.....
Сіз қалай дем алып отырсыз, сезініңіз. Ауаны жұтқан сайын тыныштықты сезіну күшейе түседі... Әр демді шығарған сайын барлық үрейлер, уайымдар артта қалады.
Жағымды ішкі өзгеріске жету үшін, өзіңе өзің сұрақтар қоюды үйрену керек. Оған жауап бере отыра, сіз өзіңізді өзіңіз түсінесіз.
Сонымен, өзіңізге өзіңіз жауап беріңіз: «Мен қазір не істеймін? Мен не сезіп тұрмын? Не туралы ойладым?»
Енді қиялымызды белсендірейік. Қиялдаңыздар, ұлан-байтақ мұхитта сіз кішкентай қалтқысыз...
Сізде мақсат, компас, карталар, руль (тұтқа) жоқ. Сізді жел мен мұхит толқындары қайда апарса, сіз солай қарай жүресіз. Үлкен толқындар біраз уақыт сізді бүркемелейді, бірақ сіз қайтадан бетіне шығасыз..... осы соққыларды, құлауды, судың бетіне шығуды сезінуге тырысыңыз..... толқынның қозғалысын....күннің жылуын..... судың шашырауын.......судың түбіне әкетпейтін және сізді қолдайтын осы күшті сезініңіз.
Өмірде де осылай – біресе сіз үрей және мәселе толқынымен бүркемеленесіз, біресе аяқ астынан тағы су бетіне шығасыз.....Өзіңді-өзің ұстай біл.....Қоршаған дүниеден даналықты үйренеміз.....Табиғаттан үйренеміз.....
Жақсы!Ал қазір сіз бақытты болған, көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болғанын сезінген, өміріңіздің бір сәтін есіңізге түсіріңіз......Сіз өзіңіздің кімге өте керек, оның қымбаттысы және сүйіктісі болғаныңызды есіңізге түсіріңіз....Есіңізге түсіріңіз немесе аздап қиялдаңыз.
Сіз өзіңіздің дем алғаныңызды, еске түсіргеніңізді, қиялдап немесе армандағаныңызды сезінген кезде, сіз көзіңізді ашасыз.....Әркім өзі қалаған кезде көзін ашады.
Талдау: Жаттығу ұнады ма? Көз алдарыңызға нені елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыздар? Бір-бірлеріңізге сұрақтар қойыңыздар.
Ойынмен қоштасу
«Сыйлықтар» жаттығуы
Өздеріңнің көз, қол қимылдарың арқылы бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер.
Рефлексия: Сыйлық алған ұнады ма? Сыйлық берген ше? Осыда не сездіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: |