Бала құқықтарын қорғау саласында жүйелі және кешенді оқытуды дамыту (әлеуметтік қызеткерлер, БАҚ, мемлекеттік құрылымдар және т.б.);
Қазақстанда сот процестерін қоса алғанда, бала құқықтарын қорғау жөніндегі мониторингті жүргізу;
Үкіметтік емес ұйымдардың Ұлттық ҮЕҰ коалициясының шеңберінде қаржыландыру үшін ЮНИСЕФ пен халықаралық ұйымдарды тарта отырып, БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетіне (бұдан әрі - БҚК) параллель (балама) баяндама дайындауын көтермелеу;
БҚК-ге елдік есеп дайындауға барлық үкіметтік емес балалар ұйымдарын, сондай-ақ балалардың өздерін де тарту;
БҰҰ Комитетінің Бала құқықтары туралы конвенцияны орындау жөніндегі ұсынымдарын қолдау.