Балалардың құқықтарын қорғау және көтермелеу жөніндегі іс-шаралардың шеңберінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өзі айқындайтын тізбеге сәйкес тұрақты түрде балалар мекемелеріне тұрақты түрде барып тұрады.
Өңірлердегі бала құқықтарының жағдайын бақылау елдегі барлық билік деңгейіндегі мемлекеттік басқаруды жетілдіру мақсатын көздейді.
2005 жылғы 5-7 қазан аралығындағы кезеңде Батыс Қазақстан облысына сапармен барды. Сапар шеңберінде Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығына (КУОБОО), РУ-170/1 (СИ-4) мекемесіне, Батыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық көмекші мектеп-интернатқа, № 1 облыстық мамандандырылған бала үйіне барды.
Достарыңызбен бөлісу: