Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары. № 338. 13.07.2009 жыл
Электрондық оқыту жүйесінің тұжырымдамасы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар, орындаушылар мен кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарыны өткізу ережесі №668 28.12.2007
Бала құқықтары туралы конвенция 1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттаp Ұйымының Бaс Асcамблеясы қaбылдады
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы
3. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын талдау ( ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы)
Бағдарлама құрылымы мен мазмұны жалпыдидактикалық қағидаттар және А. Байтұрсынұлының әдістемелік қағидаттары негізінде айқындалды:
1) дыбыспен жаттығу;
2) әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;
3) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;
4) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.
Әріпті таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
"Әліппе" пәнінің мақсаты – әріп таныту, оқуға мен жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін ұлттық рухани құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру.
"Әліппе" пәнінің міндеттері:
1) оқу әрекетіне бейімдеу;
2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін (сөйлеу) туралы қарапайым түсінік (ажырату, салыстыру, топтастыру және талдау) қалыптастыру;
3) дыбыс пен әріпті (баспа және жазба түрлері) үйрету;
4) оқу (буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу) және жазу дағдыларын қалыптастыру;
5) коммуникативтік әрекет түрлерін жетілдіру, сөздік қорын байыту;
6) ана тіліне, Отанына, халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарай білуге үйрету, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіру.
"Әліппе" пәнінің мазмұны
. "Әліппе" пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны:
1) қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;
2) негізгі тілдік бірліктерден (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін);
3) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.
"Әліппе" пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.
"Әліппе" пәнінің мазмұны І жартыжылдықта "Әліппе" оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.
Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:
Достарыңызбен бөлісу: |