Сауат ашу кезеңдерінде берілетін тапсырмалар: Ойын: «Сөз ойла, тез ойла» Ж дыбысынан басталатын сөздер айту. Оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс Ауада жазу. Шығармашылық тапсырма: Бес жолды өлең құрастыру Берілген әріптерден сөз құра Мына сөздерді тиісті әріптермен толықтыр, т.с.с Әңгіме немесе ертегі оқу сабағы. Өлең оқыту сабағы. Жазу сабағы. Оқылған әңгіме бойынша Жазу сабағы.
Сауат ашу кезеңі 4 кезеңге бөлінеді: Бірінші кезеңде- дауысты дыбыстардың жуан, жіңшке болып бөлінуі, дауыссыз дыбыстардың түрлері үйретіледі.
Екінші кезеңде - қысаң дауысты дыбыстармен, буынның түрлерімен танысады, сюжетті суреттеумен, кестелермен жұмыс жүргізеді. Үшінші кезеңде - жіңішке дауысты дыбыстарды дауыссыз дыбыстардан ажыратып жазуды үйретеді.
Төртінші кезеңде - орыс алфивитінен енген дыбыстармен, олардың әріп таңбаларымен жұмыс жүргізу.
Жүргізілген зерттеулер бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:
бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдысын қалыптастыруды өз деңгейінде өткізу үшін ЖОО-ның студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне арналған оқу құралдарын, әдістемелік нұсқаулықтарды дайындау;
Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отыра әр оқушыға шағын әріптер ойылып жазылған алфавит шығару (бояу үшін);
Бастауыш сынып мұғалімдерінің каллиграфиясын жетілдіру үшін және жазу арқылы адамға психологиялық мінездеме беруге үйрететін қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру.