Ерікті сертификаттауөтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың) басшылығы бойынша өнімнің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.
Сертификаттаудың қатысушылары Сертификаттау жүйелеріне қатысу түрлері: стандарттау жүйесіне жіберіледі; стандарттау жүйесіне қатысу; стандарттау жүйесіне мүше болу.
Стандарттау жүйесіне жіберіледі дегеніміз- өтініш берушілер осы жүйенің ережелеріне сәйкес өнімді сертификаттаудан өткізуі мүмкін.
Сертификаттау жүйесінің қатысушысы- осы ережелерге сәйкес күші бар және жүйеде басқаруға қатысатын немесе басқаруға мүмкіндігі бар орган.
Сертификаттау жүйесінің мүшесі- осы жүйе ережелеріне сәйкес күші бар және жүйе басқаруда қатысуға немесе басқаруға мүмкіндік беретін орган.
Сонымен бірінші қатысу түрі әзірлеуші-өндірістерге, өнім жеткізушілерге жатады, ал қалған екі түрі сертификаттау органдарының ұлттық, аймақтық және халықаралық сертификаттау жүйелерінде жұмыс атқаруына қатысты.