121
R.iliensis
құрамындағы
дәрумендер,
-каротин, минералдық заттар мен
антиоксиданттық белсенділіктері зерттелмеген.
Жемістер мен жидектер, сондай-ақ бақша өсімдіктерінің жапырақтары
адам денсаулығына пайдалы заттардың жақсы көзі екендігі белгілі.
Каротиноидтар, полифенолдар және аскорбин қышқылдары әртүрлі тағамдар
арқылы адам денсаулығы үшін пайдалы құнды және маңызды биологиялық
белсенді қосылыстар болып табылады.
Rosa
түрлері осы екінші реттік
метаболиттердің потенциалды көзі болып табылатыны белгілі.
Сондықтан
R.iliensis
өсімдігі популяцияларының аскорбин қышқылы,
-токоферол,
-
каротин, фенол қосылыстары мен минералды заттардың құрамын зерттеу өте
қызықты болды.
Аскорбин қышқылы («С» дәрумені) - адам рационында кездесетін ең
көп таралған дәрумендердің бірі. Сондықтан аскорбин қышқылының бар-
жоғын алдын-ала тексеру өте маңызды мәселе.
R.iliensis
құрғақ
жеміс
жұмсағы мен жапырақтары тиісті әдістермен алынды, ал «С» дәруменінің
құрамы RP-HPLC әдісімен анықталды.
Аскорбин қышқылының УФ-детекциялы RP-HPLC нәтижелері 28
кестеде берілген. Бұл кестеден көріп отырғанымыздай,
екінші популяция
аскорбин қышқылының ең жоғары құрамымен ерекшеленді.
R.iliensis
жапырақтарының сығындыларында аскорбин қышқылы қолданылған талдау
жағдайында табылған жоқ.
Кесте 28 - Аскорбин қышқылының құрамына жүргізілген
R.iliensis
жеміс
жұмсағы мен жапырақтарының сығындыларының RP-HPLC талдау
нәтижелері
Популяция
Экстракті
Аскорбин қышқылы
(мг/100 мг экстракт) %
P-I
Жеміс жұмсағы
0.701
P-II
3.148
P-III
0.230
P-I
Жапырағы
табылмады
P-II
табылмады
P-III
табылмады
R.iliensis
өсімдігінен
алынған нәтижелерді біз
Rosa
туысының басқа
түрлерінің әдебиеттерден алынған нәтижелерімен салыстыруға тырыстық.
Алайда, жарияланған мәліметтер әртүрлі бірліктерде келтірілген немесе жаңа
немесе кептірілген жемістерге, жеміс жұмсағына немесе сығындыларға
есептелген (анықталмаған). Мысалы, итмұрынның
жеміс жұмсағындағы
органикалық заттардың аскорбин қышқылының мөлшері кептірілмеген
(свежий) салмаққа есептегенде 385,82 мг/100 г (
R.canina
) бастап, 736,27
мг/100 г (
R. rugosa
) дейін өзгерді [282].
R.pouzinii
және
R.canina
122
өсімдіктерінің испан үлгілерінде аскорбин қышқылы құрғақ жемісте тиісінше
0,7 мкг/г және 101 мкг/г болды [283]. Иран мен Батыс Әзірбайжаннан келген
R.canina, R.damascena
және
R.moschata
өсімдіктерінің 21 данасын қоса
алғанда,
Rosa
туысының әртүрлі генотиптерінің
жемістерінде дене салмағына
шаққанда 9,99-84,27 мг/кг аскорбин қышқылы болды [284].
R.canina
және
R.penduline
түрлеріне арналған Еуропалық фармакопеялық монографияда
кептірілген дәрілік затта кемінде 0,3% аскорбин қышқылының шегі
көрсетілген.
Осы зерттеу жұмысымызда
Достарыңызбен бөлісу: