Чингаева Г. Н. Бүйректің созылмалы ауруы



бет6/21
Дата23.12.2023
өлшемі231,86 Kb.
#198813
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ХБП КАЗ 2
Методика обследования ребенка, ЛЕКЦИЯ № 19. Опрос и физикальные методы обследования больных с заболеваниями мочевыделительной системы
Микроальбуминурия (МАУ) мен протеинурияның диагностикалық критерийлері. Анықтау әдістеріне тәуелді, ақуыздардың келесідегідей деңгейлері диагностикалық болып есептеледі. (4 кесте).

4 кесте–Альбуминурия мен протеинурияны анықтау





Көрсеткіштер

Анықтау әдістері

Қалыпты

Микро-
альбуминурия

Альбуминурия немесе клиникалық протеинурия

Протеин-урия

Тәуліктік экскреция
Тест сызықтар
Ақуыз/креатинин қатынасы

<300мг/тәу
<30 мг/дл
<200 мг/г




>300 мг/тәу
>30 мг/дл
>200 мг/г

Альбумин-урия

Тәуліктік экскреция
Тест сызықтар
Жынысына тәуелді* ақуыз/креатинин қатынасы

<30 мг/тәу
<3 мг/дл


<17 мг/г (Е)
<25 мг/г (Ә)

30-300 мг/тәу
>3 мг/дл
17-250 мг/г (Е)
25-355 мг/г (Ә)

>300 мг/тәу
>250 мг/г (М)
>355 мг/г (Ж)

*Әйелдер мен ер адамдарда бірдей мәнді қолдану әйелдерде бүйрек зақымдалуының гипердиагностикасына әкеледі. Америкалық диабет ассоциациясының ұсыныстары жынысқа тәуелсіз МАУ мен протеинурия 30 және 300 мг/г, қалыпты жағдай арасындағы шектеулі мәнді анықтайды.

Cr экскрециясы әйелдерге қарағанда, ерлерде жоғары болғандықтан, зәрде Аl/Cr қатынасының деңгейі әйелдерге қарағанда ерлерде төменірек. Жүрек-қантамыр асқынулары үшін МАУ-дың болжамдық мәні жоғары, сондықтан зәрмен альбумин экскрециясының деңгейін анықтау қажеттілігіне орай «төмен деңгейдегі альбуминурия» термині ұсынылды.


Ересектер мен балаларға арналған ұсыныстар:

  • Ересектер мен балаларда протеинурияны анықтау және оның мониторингі үшін көп жағдайларда ыңғайлы уақытта (“spot”) жиналған зәр үлгісін қолдану қажет.

  • Ересектерде де, балаларда да оны бағалау үшін белгілі бір уақытта (түнгі уақытта немесе 24 сағат ішінде) жиналған зәр үлгісін алудың қажеттілігі жоқ.

  • Алғашқы таңертеңгі зәр үлгісі ең ыңғайлы болып табылады, алайда алғашқы таңертеңгі порциясы болмаған жағдайда, тәулік ішінде бөлінген кез-келген зәр үлгісі де жарайды.

  • Көп жағдайларда протеинурияны анықтау үшін зәр жолақтарының (urine dipsticks) көмегімен жасалатын скрининг ыңғайлы: стандартты жолақтар зәрдегі жалпы ақуыздың жоғарылауын анықтау үшін ыңғайлы.

  • Альбуминдік жолақтар альбуминурияны анықтау үшін ыңғайлы.

  • Науқаста сынама нәтижесі оң болса (1+ немесе одан көп) 3 ай ішінде 1 рет сандық әдістермен (ақуыз/Cr қатынасы немесе Аl/Cr) протеинурияны нақтылау қажет.

  • БСА бар науқастарда протеинурия мониторингі сандық өлшемдермен анықтайтын әдістер арқылы жүзеге асырылғаны дұрыс.

Қант диабеті жоқ балаларға арналған арнайы ұсыныстар:
Келесілерді қолдану арқылы, БСА-ң бар-жоғын анықтау үшін балаларды тексергенде зәрдегі жалпы ақуызды еркін жиналған зәр үлгісінде өлшеуге болады:

  • Стандартты зәр жолақтары;

  • Жалпы ақуыз/креатинин қатынасы.

  • Егер кездейсоқ зәр үлгісінде алғаш рет протеинурия анықталса, алғашқы таңертеңгі зәр үлгісінде қайталап анықтау арқылы ортостатикалық протеинурияның бар-жоғын тексеру қажет.

  • БСА бар балаларда протеинурия мониторингі кезінде жалпы ақуыз/креатинин қатынасын кез келген зәр үлгісінде өлшеу қажет.

Протеинуриядан басқа бүйрек зақымдалуының маркерлеріне зәр тұнбасындағы өзгерістер мен визуалды зерттеулер кезіндегі ауытқулар жатады. Маркерлердің жиынтығы БСА-ң кейбір түрлерінің клиникалық көріністерін анықтайды. БСА-ң басқа түрлерінде ШСЖ төмендеуіне дейін бүйректік зақымдалуды анықтау үшін жаңа маркерлер қажет.

  • БСА-мен науқастарда және БСА даму қаупі жоғары адамдарда эритроциттер мен лейкоциттерге зәр тұнбасын тексеруді өткізу немесе тест-жолақтарын (dipstick) қолдану қажет.

  • БСА-мен науқастарда немесе БСА даму қаупі бар адамдарда бүйректің визуалды зерттеуін өткізу қажет.

  • Бірнеше жаңа зәрлік маркерлерді қолдану (тубулярлы және төмен молекулярлы ақуыздар сияқты және арнайы мононуклеарлы жасушалар) үміттендіретін нәтижелер көрсеткенімен, қазіргі уақытта оларды клиникалық шешім шығару үшін қолдану әлі ерте.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет