Чингаева Г. Н. Бүйректің созылмалы ауруы



бет14/21
Дата23.12.2023
өлшемі231,86 Kb.
#198813
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
ХБП КАЗ 2

Гиперлипидемияны емдеу

Гиперлипидемия БСА-мен ауыратын науқастарда өте жиі кездеседі және ол аурудың жылдам өршуіне әсерін тигізеді. Қандағы липидтер деңгейін төмендетуге бағытталған емнің нәтижесінде БСА-ң үдеуі баяулайды деген мағлұматтар бар.


Дислипидемияны анықтау. Барлық БСА-мен ауыратын науқастар дислипидемияға тексерілуі тиіс, аш қарынға липидті профиль: жалпы холестерин, төмен тығыздықты липопротеидтер (ТТЛ), жоғары тығыздықты липопротеидтер (ЖТЛ) және триглицеридтер(ТГ).
Гиперлипидемияны емдеу жүрек-қантамыр жүйесіндегі атеросклероздың қаупін төмендету мақсатында өте қажет, себебі БСА-мен ауыратын науқастарда жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі жоғары болады. NKF ұсыныстары бойынша липидтердің мақсатты деңгейі: ТТЛП <100 мг/дл, ЖТЛП <130 мг/дл, триглицеридтер <500 мг/дл. Егер қандағы липидтер төмендеуіне өмір салтының өзгеруі жеткіліксіз болса, ТТЛП <100 мг/дл болу үшін статиндерді қолдану ұсынылады. БСА кезінде аторвастатин мен правастатинді әдеттегі мөлшерде тағайындайды, ал флувастатин, ловастатин және симвастатинді ШСЖ <30 мл/мин/1,73 м2 кезінде екі есе төмендетіп тағайындайды. Бүйрек қызметі төмендеген науқастарға липид төмендетуші препараттарды тағайындағанда ШСЖ-н ескере отырып мөлшерін өзгерту қажет.


II. Бүйрек қызметінің жедел төмендеу қаупін азайту

Бүйрек қызметінің төмендеуі әртүрлі қарқынмен өсуі мүмкін. Тұрақты ШСЖ-нан – жылына бірнеше мл/мин-қа төмендеуінен, ШСЖ-ң күрт төмендеп, шұғыл БАЕ-н талап ететін терминалды бүйрек жетіспеушілігінің тез дамуына дейін.


ШСЖ-ның тез төмендеуіне жиі алып келетін себептер:

  • Гиповолемия

  • Зәр шығару жүйесінің обструкциясы

  • Тамыр ішіне рентгенконтрасттық препараттарды енгізу;
    Мынандай препараттарды енгізу:

  • Кейбір антибиотиктер (мысалы, аминогликозидтер және амфотерицин B);

  • Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, сонымен бірге простагландиндердің қантамыр кеңейткіш әсерінің тежелуінің салдарынан болуы мүмкін. Жоғары қаупі бар науқастар: іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, бауыр циррозы, нефротикалық синдром, гиповолемия. Сонымен қатар бұл препараттар гиперкалиемияны күшейтіп, БСА бар науқастарда гипертензияның дамуына теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Селективті циклооксигеназа-2 тежегішінде мұндай әсер жоқ.

Сонымен қатар БСА бар науқастарда контрастты заттардан дамитын нефропатияның даму қаупі жоғары. Рентгенконтрастты препараттарды қолдануды мүмкіндігінше шектеу қажет. Егер қажет болса, мөлшерін азайтып, ионды емес изоосмолярлы ерітінді түрінде тағайындау керек. Науқасқа алдын ала физиологиялық ерітіндімен, натрий бикорбанатымен гидратация жүргізу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет