Чингаева Г. Н. Бүйректің созылмалы ауруы


Ағзада фосфаттардың құрамына әсер ететін факторлар



бет16/21
Дата23.12.2023
өлшемі231,86 Kb.
#198813
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
ХБП КАЗ 2

Ағзада фосфаттардың құрамына әсер ететін факторлар:

  • Төмендеген бүйрек қызметі

  • Емдәммен фосфаттарды қолдану

  • Фосфат байланыстырушы антацидтерді қолдану

  • Фосфорды сіңіру қабілеті

  • Паратиреоидты гормонға сүйектердің сезімталдылығы

  • Д дәруменінің жеткіліксіз деңгейі және белсенді Д дәруменімен емдеу.

  • Диализдің жиілігі, ұзақтығы, нәтижесі.

  • Карбонаттар қолдану (транзиторлы әсер).

  • Сүйектердің өсу жылдамдығы (остеомалация, остеофиброз).

  • Кальций орынбасушыларын көп мөлшерде қабылдау.

  • Парентеральді қолдану.

Паратгормонды әмбебап уремиялық токсин деп есептейді, ал соңғы уақытта оның БСА кезінде жүрек қантамырлары ауруларында маңызды роль атқаратындығы байқалды. Фосфор қан сарысуында >6,5 мг/дл болғанда фосфордың төмен деңгейіне қарағанда ЖИА-нан өлім қаупі 41%-ға жоғарылайды, ал кенет өлу қаупі 20%-ға жоғарылайды. Гиперпаратиреоз жиі ШСЖ деңгейі 60 мл/мин/1,73 м2 төмендегенде болады, сондықтан осы деңгейден бастап мұндай науқастарды бақылау қажет. СаxР 4,44-тен және паратгормон 70 пг/мл-ден көп болса, гиперпаратиреоз бар екені анықталады (NKF-K/DOQI, 2003) және ол емді қажет етеді. Гемодиализдегі науқастарда бүйректік остеопатияның айқындылығы жоғары болады. Сарысулық фосфордың, кальций-фосфор туындысының, паратгормонның жоғарылауы қантамырлардың, ішкі ағзалардың, көздің, буын маңы тіндерінің, терінің кальцификациясына алып келеді, сонымен қатар жүрек-қантамырлар ауруларынан өлім қаупі жоғарылайды. Екіншілік гиперпаратиреоз фиброзды-кистозды остеодистрофияның дамуына әкеледі, ол сүйектердегі минерализацияның төмендеуімен, сүйектік кисталардың дамуымен, остеосклерозбен, остеомаляциямен көрінеді. ШСЖ 60 мл/мин-тан төмен болған науқастардың барлығына фосфор-кальций алмасуы көрсеткішінің мониторингін жүргізу қажет. Оған кальций, фосфор деңгейін, сілтілі фос­фатазаны және паратгормонды тексеру жатады. Әсіресе, фосфор деңгейін ерте және тұрақты бақылау өте маңызды болып табылады.
K/DOQI ұсынысы бойынша БСА-ның 3-4 сатысында фосфор деңгейі 0,87-1,49 ммоль/л (2,7-4,6 мг/дл), 5 сатысында және гемодиализдегі, перитонеалді диализдегі науқастарда – 1,13-1,78 ммоль/л (3,5-5,5 мг/дл) шамасында болады (11 кесте).

11 кесте – БСА-ның әртүрлі сатысындағы фосфор деңгейі





БСА сатысы

ШСЖ мл/мин/1,73 м2

Фосфор (мг/дл, ммоль/л)

3

30-59

2,7-4,6 мг/дл
0,87-1,49

4

15-29

- « -

5

15 немесе диализ

3,5-5,5
1,13-1,78

Паратгормон деңгейі: БСА-ң 3 сатысында 35-70 пг/мл, 4 сатысында – 70-110 пг/мл, 5 сатысында – 150-300 пг/мл болады (12 кесте). Осы мөлшерлерден жоғары болмауын бақылау қажет.


12 кесте – БСА-мен науқастардың қанындағы паратгормонның деңгейінің мақсатты мәні





БСА сатысы

СКФ мл/мин/1,73 м2

Паратгормон
(пг/мл, рмоль/л)

3

30-59

35-70
3,85-7,7

4

15-29

70-110
7,7-12,1

5

15 немесе диализ

150-300
16,5-33,0





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет