Байланысты: Цифрлы технологияларды азіргі о амда ы ролі
Заманауи цифрлық технологиялардың қолданылу аясы Білім беру ұйымдарын жаппай цифрландырудың маңызы болашақ ұрпақтың кез келген салада ақпараттық сауаттылығын арттырып, шеберліктерін шыңдап, жан-жақты іскерлігін дамытып, бәсекеге қабілетті етіп, білім кеңістігінде өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл – білім сапасын арттыру, оқыту үдерісін қолжетімді ету, мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың байланыстарын жеңілдету тұрғысынан да өзекті. Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы. Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді.
Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті – білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау.
Цифрлық білім берудегі әлеуметтік желінің алатын орны
Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр.Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда
Цифрлық технология —болашаққа батыл қадам.
Қазіргі уақытта әрбір адамның заманауи ақпараттық-технологияларды пайдалануға мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы — цифрлы технология. Қай салада болмасын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр. Цифрлық технология тек электрондық портал арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалануда ғана емес, тұрғындардың бір-бірімен ақпарат алмасуында да таптырмас құрал болып отыр.
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлер мен ұялы сымтетіктерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Бұл байланыс түрі ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, әлемде зор қарқынмен дамып келеді
Цифрлық технологияның мүмкіндігі
қызмет көрсету сапасын арттыруға, шығындарды төмендетуге және тұрғындар мен бизнеске уақытты үнемдеу. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсетудің 80 пайызы электронды форматта жүргізілмек. Бұл жыл сайын 40 млн-ға дейін қағаз түріндегі анықтаманы қысқартуға және электрондық нұсқадағы қызметтерді жылдам алуға, сонымен қатар 2021 жылға дейін 12,5 миллиардтан аса теңге қаржыны үнемдеуге мүмкіндік бермек
Қашықтан білім беру технологиялары оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқытудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оffline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырылады.
Қашықтан оқыту кезінде мұғалімдер цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, жаңа әдістер мен ресурстарды кеңінен қолдануда.
Білім берудегі бұлттық технологиялар
Шын мәнінде, барлық айырмашылық тек деректерді сақтау мен өңдеу әдісінде. Егер барлық операциялар сіздің компьютерде орындалса (оның қуатын қолдана отырып), онда бұл «бұлт» емес, бірақ егер процесс желідегі серверде орын алса, онда бұл әдетте «бұлтты технология» деп аталатын сәнді нәрсе. Басқаша айтқанда, бұлтты технологиялар - бұл өз мақсаттарына, міндеттеріне, жобаларына жету үшін пайдаланушыға Интернет қызметі ретінде ұсынылатын әр түрлі аппараттық құралдар, бағдарламалық қамтамасыз ету, әдістемелер мен құралдар