Цифрлық технологиялардың қазіргі қоғамдағы ролі


Google формамен жасалған файлдарға қолжетімділік ұсыну



бет6/11
Дата14.05.2023
өлшемі70,01 Kb.
#176696
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Цифрлы технологияларды азіргі о амда ы ролі

Google формамен жасалған файлдарға қолжетімділік ұсыну
Ортақ қатынас Google бұлтты файлдары үшін бұл жаңалық емес, өйткені бәрінде ұқсас параметрлер бар файл қоймалары және файлдық хостинг. Google Disk -те бөлісу бірнеше жолмен конфигурацияланған

11

Қашықтан оқыту барысында дәріс сабағына бейнедәріс даярлау әдістері
Әрбір педагог жаңа сабақты түсіндіру барысын бейнетаспаға түсіріп, бейнедәрістер жинақтаса, өзіне де, оқушыларға да құнды материал болып табылады. Сонымен қатар, мұғалімнің әдістемелік қоржыны толыға береді, өзгенің немесе дайын контентті пайдаланғанша өз материалы әрі қолжетімді, әрі сапалы болып табылады.
Бейнедәріс дегеніміз – мұғалімнің жаңа материалды түсіндіру барысы, яғни ол кезде мұғалім тек бір өзі тақтаның немесе интерактивті тақтаның алдында сабақты түсіндіру барысын бейнетаспаға түсіреді, ол жерде оқушылардың болуы міндетті емес. Осы орайда бейнедәріс не үшін қажет? – деген сұрақ туындайтыны заңдылық. Ол оқушы сабаққа белгілі себептермен келмей қалған жағдайда, оқушы үйде отырып, бейнедәрісті қарап, өздігінен сабаққа дайындала алады; оқушылар олимпиадаға, ҰБТ-ге дайындалған кезде өте қажетті болады. Филиал директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Сафуллиннің түсірген бейнедәрістерін мысал ретінде ұсынғым келеді, бейнедәрістерді мына сілтеме арқылы yeldos.kz көріп, танысуға болады

12

Дәріс бейнежазбасына дайындықтың 7 ережесі
1. Дәрістерге сценарий дайындау.
Яғни өтетін видео дәрістің жоспарын құрып алу керек. Видео дәрісте қандай тақырып өтесіз. Тақырыпты түсіндіру үшін қандай әдістерді қолданасыз. Дәріс сабақта қосымша видео көрсетсеңіз оны да алдын ала дайындап алған жөн.1 лекцияның көлемі (өлшем үлгісі мен қаріптерді (шрифт) өзгертпей алғанда) 4-5 бетке тең (бұл 5-7 минут бейне дәрістер)

  1. Дәріс мәтінін дайындау Егер лекцияны есте сақтай алмасаңыз, компьютер бетінде көрініп тұратындай (сіз көріп отыратындай) оның тезистік жоспарын құрастыруға болады.

3. Күрделі сөздерді дұрыс айту бойынша жұмыс жасап алу
Егер сіздің лекцияларыңыз айтылуы қиын сөздер, күрделі термин сөздер кездессе мәтінмен алдын ала жұмыс жасаңыз. Күрделі сөздерді дұрыс айтуға жаттығыңыз. Немесе сол күрделі сөздерді экран бетіне шығарып қою керек.
4. Видео дәрістің дизайны үшін түс комбинацияларын, жарық микрофондарды дұрыс таңдаңыз. Ол түс өзіңіздің де, дәрісті көрушілердің де көңілін блетіндей болмай керек. Сіз таңдаған түстер жалпы фондық бейнетақырыптар, мәтін, графика және т.б. барлығында пайдаланылады. Ал микрофон сізге ыңғайлы болу керек.

5. Гардеробыңызды қарап, видео дәріс түсіру үшін киім таңдаңыз. Киетін киіміңізді таңдауда курс дизайнының түс комбинацияларына сәйкестендіріп таңдаңыз. Сіздің киіміңіз ұқыпты және стильді көрінетін, ыңғайлы болуы керек! Қатаң талап – киіміңіздің түсі ақ немесе пастэль тонды емес болуы шарт. (киімде «ұяшық» және «жолақтар» болмау керек.) Сондай-ақ қара түсті киім кимеген дұрыс. Ыңғайлы аяқ киім де маңызды элементтердің бірі болып табылады.


6. Бет пен дауысты дайындауды ұмытпаңыз
7. Психологиялық дайындық – өте МАҢЫЗДЫ!



13



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет