Цифровая дидактика indd


Онлайн режиміндегі дәрістер немесе



Pdf көрінісі
бет203/264
Дата28.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#193967
түріУчебное пособие
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   264
Байланысты:
Сагалиева Дидактика

 Онлайн режиміндегі дәрістер немесе 
вебинарлар өткізу
Оқытушы дәрістер, практикалық сабақтар, семинарлар өткізу үшін, 
сондай-ақ коллоквиум немесе ауызша емтихан түрінде өткізілетін 
бақылауды ұйымдастыру үшін онлайн режимді немесе вебинарды 
қолданады. Онлайн режим немесе вебинар жоғарғы оқу орындарында 
оқу үдерісін ұйымдастырудың аралас форматы болып табылады. Ол 
үшін оқытушы арнайы жабдықпен (ДК, цифрлық камера, микро-
фон, құлаққап) және бағдарламалық қамтыммен (ZООМ, Microsoft 
Teams, Skype, Proficonf, Google Hangouts және т.б.) қамтамасыз етілуі, 
сондай-ақ интернет желісіне қолжетімділігі болуы тиіс.
Цифрлық оқу үдерісін ұйымдастырудың міндетті шарты, оқытушы 
техникалық сауатты болуы керек:
– жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс 
істей білу;
– техникалық мәселелерді шеше білу.
Вебинарларды өткізуге арналған оқытушының функциялары:
– оқу материалын презентация немесе жеке графикалық файлдар 
түрінде әзірлейді;
– білім алушыларды белсендіретін тапсырмалар құрастырады;


351
– білім алушылардың білімін, іскерлігін, дағдыларын бақылау 
құралдарын әзірлейді: дауыс беруге, сұрақ қоюға, тестілеуге, 
күрделі жағдайдың шешімін іздеуге, пікірталасқа қатысуға 
арналған сұрақтар және т.б.;
– оқу материалдарын Platonus немесе Moodle ААЖ-да вебинар 
өткізілгенге дейін алдын ала орналастырады;
– білім алушыларға және вебинарлар мониторингін жүзеге асы-
ратын тұлғаға вебинар өткізілгенге дейін 1 күннен кешіктірмей 
вебинар өткізу туралы ақпараттық хабарлама жібереді;
– байланыс арналарының жай-күйін, вебинардың жабдығы мен 
бағдарламалық қамтылымының жарамдылығын тексереді;
– виртуалды сыныпқа кіруді ашады (сабақ басталғанға дейін 10 
минут бұрын); 
– білім алушылардың сабаққа қатысуы туралы деректерді тіркейді 
және вебинар барысында олардың жұмысын бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   264




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет