Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі
|
1.Музыка
Қазақстанның музыкалық мәдениетіне бейімдеу. Ұлттық мәдениетке қызығушылықты дамыту. Музыкалық мәнерлігінің тәсілдерін ажыратуға үйрету.
2.Сөйлеуді дамыту
«Ортақ мекен жер шары» өлеңді жаттау
Біз бәріміз – біртұтас әлем екенімізді, әр түрлі ұлт өкілдерін берік достық қана біріктіріп тұратындығы жайлы түсінік беру. Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
|
ҚМҰҚ
«Геометриялық пішіндер»
Бір-бірінен түрлі қашықтықта орналасқан заттар тобының арасында теңдік пен теңсіздік орнату қабілеттерін дамыту. Геометриялық пішіндердің пішінін сипап-сезу және көру тәсілдері арқылы анықтау.
Мүсіндеу
«Кесе»
Ыдыс түрлерімен таныстыру.
Шымшу, созу әдістерін пайдаланып кесені мүсіндей білуді үйрету, ермексаздың түсін ажырата білу, саусақ бұлшық еттерінің қимыл қозғалысын дамыту.
3.Дене шынықтыру
Жұптасып ырғақпен және жеңіл жүру мен жүгіру. Ұсақ заттарды бір қолымен алысқа лақтыру.Бір-біріне допты домалату.
|
Демалыс!
|
1.Сурет салу
«Ертегі кейіпкері»
Сүйікті ертегі кейіпкерлерінің бейнесін құруға үйрету. Мазмұнды композиция салу, дағдыларын дамыту.
2.Дене шынықтыру
Баяу қарқынмен жүру және жүгіру. Басына қап қойып, бастың дұрыс қалпын сақтап, жіп бойымен жүру. Ұсақ заттарды бір қолымен алысқа лақтыру.
|
1.Көркем әдебиет
«Үш жолдас»
Балаларға өздерінің достары жайлы, олардың тартымды қылықтары мен неліктен өзін баурайтындығы жайлы әңгімелету.Достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.
2.Дене шынықтыру
Түрлі қимылдарды түрлі қарқында музыкалық сүйемелдеуге сәйкес ырғақты жүру, қолдарын еркін ұстап алдыға және артқа жеңіл жүгіру. Бір-біріне допты домалату. Допты еденге ұрып жоғары лақтыру және оны секіргеннен кейін қос қолмен қағып алу.
|