Серуен № 20
Шырша мен қарағай ағаштарын бақылау
Көркем сөз
Мақал-мәтел:
Қарағайға қарап тал өсер, қатарына қарап бала өсер.
Жұмбақтар
Жаңа жыл күні
Ағаштардың көркемі,
Төріңде тұрар.
Мәңгі жасыл бұтағы.
(шырша)
Дауылға да, аязға да,
Шыдап бағар мізбақпай.
Тау етегі тұрағы,
Жап-жасыл боп тұрады. (қарағай)
Қимылды ойын: «Шырша, қоян, бүр»
|
Серуен № 21. Адам таситын көліктерді бақылау
Көркем сөз
Тақпақ «Автобус» Е.Елубай.
Автобус іші көңілді,
Автобус алға зырлайды,
Көлік қой ол сенімді.
Бағытынан еш аумайды.
Вокзал, театр, мектепке
Зыр айналар дөңгелек,
Жолаушылар мінгізіп,
Көлік ол бізге ең керек.
Асығар тез жетпекке.
Жұмбақ
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды.(автобус)
|
Достарыңызбен бөлісу: |