Қимылды ойын: « Тауық күрес.»
|
Серуен № 22
Әр түрлі күн райына қарай қардың өзгеруін бақылау.
Көркем сөз:
Болжау.
Аязды күні қар жауса – күн жылынады.
Қыс қандай болса, жаз да осындай.
Мақал-мәтел.
Суықтан қорықпа – суық сумен жуын.
Қимылды ойын. «Кім озды?»
Балаларды әртүрлі жарысқа қатысуға үйрету. (кім бұрын жылжиды, кім бұрын озады сол жеңіске жетеді) Балаларды достарының жеңісіне жеткеніне қуануға үйрету, дағдыландыру.
|
Серуен № 23.
Күннің ұзақтығын бақылау.
Көркем сөз:
Мақал-мәтел
Егер жұмыс болмаса, кешке дейін күн де ұзақ.
Болжам.
Желтоқсанда күн өте ерте қараңғыланып, кеш жарықтанады.
Қимылды ойын. «Тарту»
Мақсаты: Балаларды күшті болуға, шыдаммен ойын ережесін бұзбауға тәрбиелеу.
|