Ойындар, дербес әрекет
|
Сюжетті рөлдік ойын: «Шаштараз »
Мақсаты: балаларды шашатараз рөліне еніп ойнауға үйрету. Балалардың әртістік қабілеттерін дамыту.
Д/о: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты: Жыл мезгілдері жайлы түсінктерін бекіту.Балалардың жыл мезгілдерінің ретін дұрыс көрсететін сөздерді қолдана отырып, талқылай білуге баулу.
Д/о:«Санау таяқшаларынан бейнелерді құрастыр»
Мақсаты: Берілген пішіндерге қарап, санау таяқшаларынан белгілі бір бейнелерді құрастыруға үйрету.
|
Д/о: «Сүйікті ертегінің кейіпкері»
Мақсаты:Шығармашылық белсенділікті, ым-ишара, бет-әлпеттің көмегіме ертегі кейіпкерінің бейнесін сомдау іскерлігін дамыту. Д/о:«Айырмашылығын тап»
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.
Д/қ ойын: «Әңгімелеп бер»
Мақсаты:Тақырыпқа байланысты байланыстырып сөйлеуді дамыту.Ойын шарты: балаларға тірек сызбалар таратылып беріледі. Олар тақырыпқа сай байланыстырып сөйлем құрастыру қажет.
|
Сюжетті-рөлді ойын:
«Ойыншықтар дүкені».
Мақсаты:Сатып алған заттың атын, түсін айта білуге, санауға, топтастыруға, көп, аз ұғымын айыра білуге үйрету. Ойын арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Ойыншықты таза ұстап, ұқыпты қарауға тәрбиелеу
Д/о: « Бұл киімдерді қай мезгілде киеді?»
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерін ажырата білуді,қандай киімдер киетінін баяндай білуге үйрету, сөздік қорын молайта отырып, ой-өрісін дамыту.
|