Д/О: «Шаңғы тебу.»
Мақсаты: Балалар қысқы ойындарды ажырата білуге, шапшаңдыққа, зеректікке баулу.
Д/о:«Әркімге өз үйі» Мақсаты: Қолмен саусақ ұштарының қимылдарын және сенсамоторлық кеңістікті «көз», «қол» үйлесімділігін дамыту.Түстерді ажыратуға үйрету.
Сюжеттік-рөлді ойын:
« Қысқы киімдер дүкенінде»
Мақсаты: Сатушы мен сатып алушының қызметімен, әрекет ету барысында диалогтық сөйлеуге баулу. Ұйымшылдықта, сыйластықта ойнауға үйрету.
|
«Қолғап» ертегісін әңгімелету, сахналау.
Мақсаты: Ертегі желісі бойынша әңгімелеуге, актерлік қабілеттерін шыңдау. Бірлесе әрекет етуге тәрбиелеу.
Д/о: «Жұбын тап»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
|
Д/о: «Қысқы еңбек»
Мақсаты: Қыста қандай жұмыстар атқарылуын дұрыс топтастыра отырып жинауға үйрету.Еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Д/о: «Сипатына қарай шешуін тап»
Мақсаты: Заттарды қасиетіне қарай айыра білуге тәрбиелей отырып, байқампаздыққа баулу.
Қысқы ағаш бұтақтарынан түрлі бейнелер жапсыру.
Д/о: «Ғажайып дорба»
Мақсаты: Заттармен жасалатын әрекеттерді түсінуін дамыту, геометриялық пішіндерді атауға үйрету.
|
Д/о: «Қар жинау»
Мақсаты: Балалар қарды жинау арқылы шапшаңдылыққа, тез ширақ қозғалуға тәрбиелеу.
Д/о:Қар үстіндегі іздер» Мақсаты: Балалар қардың үстіндегі қай жануардың ізі екенін ажырата білу, ақыл ойын дамыту.
Д/о: «Танып ал да, атын ата»
Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.
|