Қортынды
Біздің үй ( Ғ.Өкеев)
Қалаушы да табылды,
Үй салынды, жабылды,
Қосып құмға лайды.
Сылақшылар сылайды.
Тезерек, есік, едені,
Қиюласты әдемі.
Құрылысшы боламыз,
Зәулім үйлер саламыз.
Балалардың жұмысын мадақтау.
|
1.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Менің отбасым » Мақсаты: Отбасы туралы түсінік беру және отбасы мүшелері туралы ойын анық жеткізіп, әңгімелей білуге үйрету.
ҰОҚ өтілу барысы:
1.Шаттық шеңбер
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз, Барша жанды құрметтеп Бас иеміз біз.
ІІ.Миға шабул.
" Көңілді доп"
- Отбасы мүшесін ата.
- Отбасында кімді жақсы көресің?
- Отбасында кімге сыйлық жасайсың?
ІІІ.Ой дамыту
Отбасы туралы түсінік беру. -Отбасы мүшелерін атау. ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, іні, қарындас, сіңлі.
Сұрақ-жауап.
Сенің отбасың қандай?
Отбасында неше адам бар?
Олар кімдер?
-Атаң мен әжең кім?
-Әкең қайда жұмыс істейді? -Анаң қайда жұмыс істейді? -Сен неше жастасың
Тіл ұстарту жаттығуы:
Та-та- ата,
Же-же- әже,
Ке-ке- әке,
На-на-ана,
Ке- ке- әпке
Ға – ға- аға
4. Сергіту сәті: Саусақ ойыны «Бармақтар отбасы» (караоке – қазақша балалар әні)
5. Дидактикалық ойын:
«Кім жоқ»
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.
6. Қорытынды.
Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.
Балаларды мадақтау.
2.Музыка.
Тақырыбы: «Ата-ананы тыңдаймыз»
Мақсаты: Отбасы жылулығын музыка арқылы сезіндіру. Ән салу дағдыларын жетілдіру.
Ән тыңдау: «Нешеуміз» А.Тоқсанбаев
Ән айту: «Балақандар әні» А.Еспенбетова
Әуенді ырғақты қимыл-ойын: «Анамызға көмек» муз: А.Айтуова
|