Мектеп кестесі бойынша ҰОҚ
|
1.Дене шынықтыру
Тақырыбы: Мұздағы ойын
Мақсаты: Денені түзу ұстап, тізені жоғары көтере еркін жүруге, жүгіруге, тізе мен санды жоғары көтеріп, ырғақпен жүруге; зал ішінде бір-біріне доп лақтырып жүгіруге жаттықтыру.
2.Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: «Т» дыбысы мен әрпі
Мақсаты:Айтылу ерекшеліктеріне байланысты «Т» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін өздеріне анықтату, «Т» әріпімен таныстыру
3. Музыка
Тақырыбы: Музыка тыңдау: «Күз тамаша»
Музыкалық-ырғақтық қимылдар) Мақсаты: : Музыка сипатын ырғақты жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру. Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау. Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту. Көңілді әуенге қызығушылықтарын арттыру.
4.Қызықты логика
Тақырыбы:Кішкентай математиктер
Мақсаты:Балаларды жіктеу,орналастыру сияқты логикалық амалдарды ғана емес,ойнату пайымдауды қажет ететін логикалық тапсырмаларды орындау.
|
1.Дене шынықтыру
Тақырыбы: Спорт түрлері
Мақсаты: Қабырғаға допты соғып, одан ыршыған допты жерге түсірмей қағып алуды, заттар арасымен еңбектеуді, гимнастикалық орындықтың астымен өтуді үйрету.
2.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:Менің сүйікті ойыншығым
Мақсаты:балаларға ойыншықтардың қалай жасалатыны туралы түсінік беру.Өз ойыншықтары туралы әңгіме айта білуге сөздік қорларын молайту.Ойыншықтарды ұқыптылықпен ұстай білуге тәрбиелеу.
|