7 тақырып Өсімдік күліне микрохимиялық анализ жасау
Мақсаты:
Жоспар:
1 Қоректену элементтерін анықтау
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар
Өсімдікті жаққан кезде одан газ тәрізді заттар: көміртек, азот, сутек және оттегі ұшып шығады. Бұлар органогендер деп аталады.
Элементтердің күлді заттар деп аталатын барлық қалған бөлігі органогендер ұшып шыққаннан кейінгі қалған күлде болады. Күлдің құрамы өте күрделі және әр түрлі. өсімдіктердің топырақтан қоректенуі минералдық қоректену деп аталады.
Күлдің құрамында кездесетін мөлшеріне қарай, элементтерді үш топқа бөледі. Бірінші тобы – макроэлементтер деп аталады: (С, Н, К, Са, Мg Р, Fe)
Екінші тобы - микроэлементтер: (Мn , В, Сu, Ва, Вr, Со, Мо)
Үшінші тобы – ультромикроэлементтер: (Аu , А g, Нg т.б)
Күлдің ерітіндісі дайындалады. Ол үшін өсімдіктің кез –келген мүшелерін алып, жағады. 1. суда 2-10% НСІ-да 2 мл еріткішке ¼ см3 күл алынады. Дайындалған ерітіндіні сорғыш қағаз арқылы сүзеді. Барлық реакция зат әйнегінің үстінде жүргізіледі.
Ол үшін зерттелетін күлдің ерітіндісінен жіңішке шыны таяқшамен бір тамшы алып, зат әйнегінің үстіне тамызады және одан 1-2 см қашықтықта сол элементті анықтау үшін қажетті реактивті тамызып, екі тамшы арасын өте жіңішке сызық жолмен жалғастырады. Бұл екі ерітінді қосылғанда олардың арасында реакция жүріп, кристалдар түзіледі. әрбір реакцияның өзіне тән түсі және пішінді кристалдары болады. Түзілген кристалл микроскоппен бақыланады. Пайдалданған шыны таяқшаны әр ерітіндіден кейін жуып, сорғыш қағазбен сүртіп отыру керек. Осы жолмен күл құрамындағы мынадай элементтердің бар , жоғы анықталады.
Кальций ионын анықтау үшін, 1 процентті Н2SО4 қолданылады. Күл ерітіндегісіндегі кальций хлориді күкірт қышқылымен әрекеттесіп, гипстің кристалдарын түзеді.
СаСІ2 + Н2SО4 = Са SО4 +2НСІ
Түзілген гипс кристалдары түссіз, шоғырланған инелер тәрізді немесе жұлдызша тәрізді болады.
Магнийді анықтау үшін күлдің ерітіндісінің тамшысының үстіне бір тамшы аммиак тамызып, 1-2 см қашықтықта 1 проценттік фосфор қышқылды натрии ерітіндісін тамызады. Бұл екі тамшы қосылған соң реакция мынадай теңдеумен өтеді:
МgСІ2 + Nа2 НРО4 + NН3 = NН4 Мg РО4 +2 NаСІ
Түзілген кристалдар куб немесе жұлдызша тәрізді болады.
Фосфорды анықтау үшін, 1 процентті молибден қышқылды амонии тұзының азот қышықылындағы ерітіндісі қолданылады. Реакция мынадай теңдеумен өтеді.
Н3РО4 + 12(NН4)2 М0 О4 + 21НН3 → (NН4) РО4 12М0О3 + 21NН4 NО3 +12Н2О
Түзілген кристалдар түсі сарғыш – жасыл болады.
Темірді анықтау реакциясы пробиркада жүргізіледі. Ол үшін 1 проценттік сары қант тұзының К2 [Fе( СN6 )] ерітіндісін алып,, күл ерітіндісіне қосқанда реакция өнімі көкшіл түске боялады.
5FеСІ3 + 3К4[Fе(СN6)] → Fе4[Fе(СN6)]3 + 12КСІ
Жұмыстың барысында реакциялардың теңдеулері жазылып, кристалдардың суреті салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |