Әдебиет: 4, 21-22, 24-25 бет
Бақылау сұрақтары:
1 Қандай ерітінді гипотоникалық ерітінді деп аталады?
2 Гипотоникалық ерітінді қандай ерітінді?
3 Транспирация дегеніміз не?
4 Транспирацияның өсімдік тіршілігінде қандай маңызы бар?
5 Транспирацияның неше итүрін білесіздер?
6 Бұл тәжірибеден өсімдіктің топырақтан су қабылдауын қалай түсінуге болады?
7 Өсімдіктің тамыр қысымын қалай түсіндіресіздер, анықтамасын келтіріңіздер.
3 тақырып Өсімдіктің транспирация қарқындылығын торcион таразы арқылы анықтау.
Мақсаты:
- жұмыс ретімен таныстыру.
- құрғақ жел және бөлме температура жағдайларында транспирация қарқындылығын белгілеу.
Жалпы түсінік:
Торсион таразысын пайдалану жолы: торзион таразысы арқылы 1 мг дәлдігіне дейін өлшеу мүмкіншілігі бар. Ол үшін торзион таразысын 2 винті арқылы горизонталь дұрыс етіп орналастырыпөлшеу алдында оның дәлдігін анықтау керек.
Ол үшін арретирді жұмыс қалпына келтіреміз, яғни сабы арқылы үлкен стрелканы жылжыта отырып, кіші тілшенің «0» жағдайда болуын қамтамасыз етеді.
Мысалы, таразы иінінде ешқандай зат жоқ кезінде тілшені «0» -ге қойған кезде кіші стрелка «0» - де тұрады. Енді таразы иініне 180 мг клетін зат ілейік, үлкен стрелканы таразы шкаласының 180 мг деген жеріне келтірмей, кіші стрелка «0» жағдайына келмейді. Дәл осы сияқты белгілі өсімдік мүшесін өлшегенде кіші стрелканы «0» жағдайында тұратындай етіп үлкен стрелканы жылжыта отырып, оның көрсеткен саны арқылы қойылған заттың салмағын анықтайды.
Ескерту:таразы иініне зат ілерде және таразымен жұмысты бітіргенде арретирді жоғары көтеріп жұмыстан шыққан қалпына келтіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |