Жұмыстың орындалу тәртібі:
Торзион таразысы арқылы белгілі өсімдік жапырақ кесіндісінің транспирация қарқындылығын анықтау 2-3 минут аралығындағы салмақ айырмашылығы арқылы анықталады. Кесілген жапырақтың аз уақытта транспирация қарқындылығының анықталуына, өсімдіктен кесіп алынған жапырақтың тіршілігі өзгермеген кезде табу мүмкіншілігі болады.
Барлық бақылау мерзімі 10-15 минуттан артық болмауы керек. Себебі 15 минуттан кейін жараланған жапырақ суынан айырылу салдарынан солып, булануын тоқтатады.10-15 минуттың ішінде алынған жапырақ кесіндісі 3-5 рет торзион таразысына тартылады да олардың жұмсаған суының орта мөлшері анықталады. Мысалы: өсімдіктен кесіліп алына салысымен тартқанда жапырақ кесіндісінің салмағы 370 мг болды дейік, ал 3 минуттан кейін екінші рет тартқанда оның салмағы 368, үшінші рет-365, төртінші рет-360мг, бесінші рет тартқанда жапырақ кесіндісінің салмағы 355 мг болады.
Орта есеппен әр 3 минутта (25:5) -5 мг су жұмсап отырса, тәжірибедегі жапырақ кесіндісінің ауданы алынған өсімдіктің 1 сағатта 1м2 жапырақ кесіндісіне қанша суды транспирациялайтыны есептеп шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |