Қажетті құрал – жабдықтар: өсімдік жапырақтары, тескіш бұрғы, колба, К2Сr2O7 ертiндiсi, воронка, электр плита, дистелденгенсу, 85% ортофосфорлық қышқыл, дифениламин ерітінділері, Моор тұзы.
Әдебиет: 2, 40-41 бет
Бақылау сұрақтары:
1 Фотосинтез кезінде күн жарығының қай спектрі көп қабылданады?
2 Фотосинтездің қарқындылығына қандай сыртқы орта жағдайлары әсер етеді? Оларды жеке атап түсіндіріңіздер
6 тақырып Тыныс алу қарқындылығы СО2 мөлшерінің бөлінуі арқылы (Бойсен- Иенсен бойынша) анықтау
Мақсаты:
- жұмыс жасау ретімен таныстыру,
- тыныс алу қарқындылығын анықтау әдістеріне үйрету.
Жалпы түсінік:
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде тыныс алудың екі типі болады. Аэробты – оттегінің қатысуымен және анаэробты – оттегінсіз тыныс алу. Аэробтық тыныс алу кезінде фотосинтез нәтижесінде түзілген органикалық заттар тотығып, СО2 және Н2О бөлініп шығады. Сонымен қатар энергия бөлінеді.
Өсімдіктің тыныс алуы кезінде бөлінген СО2 мөлшерін анықтау үшін көлемі белгілі банка алып, оның ішінде ауа қатынасы болмайтындай етіп, зерттелетін өсімдік материалы мен сілті құю арқылы анықталады. өсімдік материалының тыныс алуы нәтижесінде бөлінген көміртегінің диоксиді сілтімен әрекеттесіп, оның концентрациясы кемиді:
Ва(ОН)2 +СО2 =Ва СО3 + Н2О.
Белгілі уақыттан кейін қалған сілтіні тұз қышқылымен титрлеу арқылы табады:
Ва (ОН)2 +2НСІ = ВаСІ2+2Н2О
Бұдан бұрын Ва(ОН)2 – ні химиялық стақанға құйып, өсімдік материалымен өңдеместен НСІ титрленеді. Екі титрдің айырмашылығы өсімдіктің тыныс алуындағы бөлінген СО2 мөлшерін көрсетеді. Тәжірибе көрсету мерзімі өсімдік материалының салмағы мен тәжірибе алынған материалдық ыдыстың көлеміне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |