Кіріспе
Пәннің мақсаты – жасушалық және гендік-инженерлік әдістерге негізделген мәдени өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығаруындағы, олардың өнімділігін, ортаның қолайсыз факторларға орнықтылығын және де өсімдік өнімінің сапасын арттыруындағы қазіргі технологиялар саласында студенттермен білім алу.
Міндеттер:
- келесі қызметтер негізінде жататын, жалпы заңдылықтарын және нақты механизмдерін зерттеу: фотосинтез, тыныс алу, су режимі, минералды қоректену, заттар транспорты, өсу мен дамуы, қолайсыз факторларға орнықтылығы және адаптациясы;
- қоғамның қажеттілігін жоғары сапалы қауіпсіз өсімдік өнімімен қамтамасыздандыруында мәселелер шешуіндегі іргелі аспектілер;
- in vitro өсімдік жасушасының өсу мен дамуының реттеу негіздері;
- генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдіктердің гендер құрлымының ерекшелігі және қасиеттері.
Биотехнология, немесе биопроцесстер технологиясы – бұл бағалы өнімді алу үшін биологиялық жүйелерді (микроорганизмдер, өсімдік және жануар жасушалары және олардың компоненттері) өндірістік пайдалану.
Биотехнологияның негізі микробиологиялық синтезбен бірлесіп және биохимиялық әдістердің кең қолданылуымен генетикалық және клеткалық инженерия болып табылады. Гендік және клеткалық инженерия әдістермен қажетті гендердің құрылуы өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің тіршілігі мен тұқымқуалаушылықты басқаруға және жаңа пайдалы қасиеттері бар табиғатта бұрын байқалмаған организмдерді құруға мүмкіндік береді.
Өсімдіктер физиологиясында қызметтердің, үдерістердің физико-химиялық мәнін зерттеу үшін әдістер: зертханалық-талдаушы, вегетациялық, далалық, белгіленген атомдар, электрондық микроскопия, электрофорез, хроматографиялық анализ, ультракүлгін және люминесценттік микроскопия, спектрофотометрия және басқ. пайдаланылады.
Оқу-әдістемелік нұсқауында әрбір зертханалық жұмыс тақырыбының толық ашылған мазмұны, өзіндік бақылауға сұрақтар беріледі.
Пән бойынша негізгі оқулықтар ретінде ұсынуға болады:
1 Кенесарина Н.А. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988.
2 Кенесарина Н.А. Өсімдік физиологиясының лабораториялық сабағына арналған шағын практикум. Алматы, 1993.
3 Ережепов Ә.Е., Мұхамбетжанов С.К., Уәлиханова Г.Ж. Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық жұмыстар. – Алматы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2011. – 117 б.
«Өсімдіктер физиологиясы мен биотехнологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік нұсқау студенттермен теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылар меңгеру жұмысында көмек ету мақсатпен құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |