Ciмдiктер физиологиясы мен биотехнологиясы


Әдебиет: 2, 57 бет Бақылау сұрақтары



бет24/36
Дата26.08.2020
өлшемі378,5 Kb.
#77027
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
өсімдіктер физиологиясы

Әдебиет: 2, 57 бет

Бақылау сұрақтары:

1 Қанттың әсері неде?

2 Қант қосылмаған ерітіндідегі клеткаларының мембранасы неге антоцианды шығарады?

12 тақырып Биотехнологиялық зертхананың жабдықталуы және жұмыс істеу ережелері. Өсімдік материалды, ыдысты, құралдарды және қоректік орталарды стерилдеу әдістері

Мақсаты:

- жұмыс орынды, өсімдік материалды, ыдысты, құралдарды және қоректік орталарды стерилдеу әдістерімен танысу



Жоспар:

1 Ламинар-боксты стерилдеу

2 Ыдысты стерилдеу

3 Құралдарды стерилдеу

4 Материалды стерилдеу

5 Өсімдік материалды стерилдеу

6 Қоректік ортаны стерилдеу

7 Салқын стерилдеу


Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Жалпы түсінік: Жекелеген мүшелерді, ұлпаларды, жасушаларды және протопласттарды сәтті өсірудің негізгі шарттарының бірі – ұқыпты залалсыздандыруды сақтау. Өйткені өсімдік ұлпалар мен жасушаларды өсіруге арналған жасанды қоректік орталарда микроорганизмдер де жақсы көбейеді, бұл өсірілетін материал үшін қауіпті тұғызады. Организмдердің тіршілігі нәтижесінде қоректік орталардың құрамы өзгереді. Сонымен қатар, өсімдіктен жекелеген ұлпалар мен жасушалар, әсіресе протопласттар микроорганизмдермен оңай зақымдалады. Сондықтан өсімдіктердің жекелеген мүшелерін, ұлпаларын, жасушаларын және протопласттарын өсіру бойынша барлық тәжірибелерді ламинар-бокстарда өткізеді. Боксты, құрал-саймандарды, ыдысты, өсімдік материалын, қоректік орталарды, мақта тығындарын және жұмысқа қажетті басқа да материалдарды стерильдейді.

Жұмыс барысы:

Ламинар-бокс. Ламинардың ішкі жұмыс бетін 70%-дық спиртпен сүртіледі. Одан кейін ламинарда спирт жанарғыны, сіріңкені, 96%-дық спиртімен стақанды, стерильді ыдыс пен құрал-саймандарды, стерильді суымен колбаны орналастырады. Меристемаларды бөліп алу бойынша жұмыстарды жасаған кезде ламинарға бинокулярлы лупа қойылады. Ламинар-боксты бактерицидтік ультракүлгін шамдармен 10-12 сағ. ішінде өңделеді.

Ыдыс. Стерильдеуді кептіргіш шкафта немесе автоклавта өткізеді. Стерильдеудің алдында ыдысты жуып кептіру керек. Ыдысты жуу үшін детергенттер және де сірке қышқылындағы екіхромқышқылды калийдің ерітіндісі (хромпик) қолданады. Стерильдеудің алдында шыны түтіктер мен колбаларды алдын ала мақта тығындармен жабылып, орама қағазбен орайды. Кейін ыдысты кептіргіш шкафқа салып +175оС температурасымен 2 сағ. ішінде қыздырады (қажетті температура орналғаннан кейін). Бұндай қыздыруда бактериялармен қатар олардың споралары да өледі. Кептіргіш шкафындағы температурасын 175оС-ден жоғарылатуға болмайды, өйткені ол кезде мақта тығындары қоңыраяп, жамылған қағаз сынғыш болып қалады.

Күшті стерилдеуді автоклавта қысымымен өткізуге болады, өйткені дымқыл қызу құрғақ қызуға қарағанда микроағзаларды тиімді өлтіреді. Қақпағымен стақандарды, Петри табақшаларды, тамызғыштарды, дистиллденген сумен колбаларды автоклавта стерилдейді. Ыдысты фольгаға немесе орама қағазға орап, 25-30 минут ішінде 2 атм қысымымен автоклавдайды. Дәйектелген тамызғыштардың жоғарғы жағын мақта аралығымен жауып, тамызғыштарды қағазға 10 данадай орайды.

Құралдар. Скальпельдердің, пинцеттердің, инелердің және басқа құралдардың алдыңғы стерилдеуді кептіргіш шкафта 12 сағат ішінде 140оС-де өткізеді. Шприцтерді қайнатып стерилдеуге ыңғайлы. Металлдық бұйымдарды автоклавпен стерилдеуге болмайды, өйткені будың әсерінен оларды тот басады да мұқалып қалады. Тура жұмыстың алдында және отырғызу процессінде құралдарды 96%-тік этил спиртімен кәрлен стақанға салып және спиртовка жалынында күйдіріп, қосымша стерилдейді. Ланцеттерді, пинцеттерді, микробиологиялық ілмектерді күйдіруге болады. Күйдірумен стерилдеуден кейін әрбір құралды алдында стерилденген бумаға немесе арнайы штативке жиналған тығыз қағаздың парақтар арасында салынады. Стерилді құралды біржолғы манипуляция үшін қолданылады. Кейін оны қайтадан спиртпен стерилдеп, күйдіреді. Тым жіңішке құралдары (инелер, жүздердің бөлшектері) күйдіруден кейін өз қасиеттерін жоғалтуы мүмкін, сондықтан оларқды спиртке салып, стерилдейді.

Материалдар. Ұлпаларды отырғызу кезінде пайдаланатын мақтаны, дәкені, мақта тығындарды, халаттарды, орамалдарды 2 атм қысымымен 25-30 мин ішінде автоклавта стерилдейді.

Өсімдік материал. Тұқымдарды, төбешілік меристемаларды, өсімдіктің түрлі бөліктерден алынған ұлпа бөлшектерін стерилдеу үшін түрлі стерилдейтін ерітінділер қолданылады: сулеманың немесе екіхлорлы сынаптың (0,1%), бромның (1%), пергидрольдің (20-30%), хлораминнің (3-6%), диацидтің, натрий гипохлоритінің (10%) су ерітінділері.

Диацидті келесі тәсілмен дайындайды: этанолмеркурхлоридтің 330 мг және цетилпиридинил хлоридінің 660 мг бөлек ыстық суда ерітеді, алынған ерітінділерді араластырады, сұйықтықтың көлемін дистилденген сумен 1 л-ге дейін жеткізіп, Твин-80 детергенттің бірнеше тамшысын қосады. Диацидті мұздатқышта жабық колбада қараңғыда сақтайды.

Өсімдік ұлпаны стерилдеуге кіріспес бұрын оны алдын ала тазартады. Тамыржемістерді, түйнектерді, өсімдіктердің қалың сабақтарды сабындап қылшақпен жылы ағынды суда жуып, қабықты (тамырлар мен түйнекжемістерден, өскіндерден) алып, дистилденген сумен жуады да абсолюттік спиртке бірнеше секундқа түсіреді. Мұнда спирттің әсерінен басқа негізгі стерилдейтін ерітіндісінің эффекттің күшеюі байқалады. Стерилдеуден кейін өсімдік объектілерді стерилдейтін заттардан дистилденген сумен талай рет біртіндеп шайып әбден жуып алу қажет.

Диацидті жүгері, бидай, қарабидай тұқымдарын, пергидрольді фасоль, бөрібұршақ, күнбағыс (қабықтан тазартылған), томат, шалғам және басқалар үшін қолдануға ұсынылады. Тұқымдарды диацидпен стерилдеу уақыты 15-20 мин, пергидрольмен 10 мин. Кейбір тұқымдар (мақта, бұршақ) қойылтылған күкірт қышқылымен 3 мин ішінде жақсы стерилденеді, кейін автоклавталған дистилденген сумен 5 рет шайылады. Меристемалардың және өсімдіктердегі түрлі бөліктерден ұлпа бөлшектерінің стерилдеу уақыты шамамен екі есе кем. Әдетте диацидті қолданады, оны кейін сумен жуады, суды 5-6 рет алмастырады.

Кейде кейбір өсімдіктердің тұқымдарын: қызанақ, алма, асқабақ, бұршақ пен темекінің антисептикпен өңделмейді. Тұқымдар пісіп жетілу мерзіміне қалың, сүректі немесе сүйекті жабынға қапталған болады. Осы дақылдардың сау, зақымдалмаған жемістерін әбден сабынды сумен, кейін спиртпен бірнеше рет жуады. Одан кейін оларды қатаң асептикалық жағдайда бөледі. Бөлінген жерден стерилді құралмен тұқымдарды алып, стерилді ыдысқа салады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет