Әдебиет: 2, 51-55 бет; 4, 66-70 бет
Бақылау сұрақтары:
1 Әр түрлі элементтердің өсімдік тіршілігіндегі маңызын түсіндіріңіздер
2 Микроэлементтердің өсімдік тіршілігіндегі маңызын атаңыздар
8 тақырып Тұқым жетілуін анықтау
Жұмыс орындалуы:
Әр вариантқа пленка кесіндісін алып оның үстін дәл осындай мөлшердегі фильтрлі қағазбен жабамыз. Барлық ұзындығына жоғары шетінен 5 см қашықтықта болады осы ұзындыққа 50 тұқым саламыз, олардың арасы бір-бірінен 1 см болу керек. Осы тұқымдары үстінен ені 5 см алдын ала суланған фильтрлі қағазбен жабамыз, оны орап, байлаймыз да этикеткамен белгілеп су құйылған ыдысқа саламыз. Тұқымды қараңғы жерде 5 күндей 20°С өсіреді. Содан соң оралған роликті ашып, ондағы тұқымдардың жетілуін 5 балдық системамен анықтаймыз. Жетілген тұқым сапасын төменгі шкала бойынша анықтаймыз.
Жақсы жетілген тұқым Жаңа пайда болған өскіннің және тамырдың саны 5 немесе 5 – тен артық -5 балл
Жаңа пайда болған тұқым ұзындығы 4 см болса немесе тамырдың саны 4 немесе 4 –тен артық - 4 балл
Жаңа пайда болған тұқым ұзындығы 2,5 болса, немесе тамырдың саны 3 немесе одан артық - 3 балл
Әлсіз дамыған тұқым.
Тұқым өскінінің ұзындығы 2,5 см – ден кем, ұрық тамыршасының саны – 2 немесе 2-ден көп - 2 балл
Өскіннің ұзындығы, тұқымның екі ұзындығынан кем, ұрық тамыршасының саны-2 және одан көп – 1 балл.
Жақсы дамыған ұрық саны
Дамыған ұрық саны.
Тәжірибеден алынған мәліметтер мынадай кестеге жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |