Ciмдiктер физиологиясы мен биотехнологиясы



бет17/36
Дата26.08.2020
өлшемі378,5 Kb.
#77027
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
өсімдіктер физиологиясы

Жұмыстың орындалуы:

Өсімдікті таразыда 5-10 г тартып алып, бинттің үстіне салып, жан-жағы жиналып жіппен байланады да, ыдыстың ауызын жабатын тығынның төменгі жағындағы скрепкадан жасалған ілгекке ілінеді.

Тәжірибе жүргізетін ыдыстың ішіне 25 мл Ва(ОН)2 ерітіндісін өлшеп құйып, ілгегі бар тығынмен тез жабылады. Уақыты белгіленіп, жазылып алынады. 30 минут тәжірибені жүргізу кезінде ауық-ауық ВаСО3–тен түзілген ерітіндібетіндегі қалқыған тұз пленкасын шайқап отырады. Уақыты болғаннан кейін өсімдік материалы бар тығын алып тасталынып бір тесігі бар тығынымен жабылып, сол тесіктен 2-3 тамшы фенолфталеин тамызып НСІ мен титрленеді. Бұл жұмысты орындау кезінде қалған уақытта өсімдігі жоқ көлемі тең ыдыс алып, оған 25 мл Ва(ОН)2 ерітіндісін құйып, 2-3 тамшы фенолфталейн тамызып НСІ титрлеп бақылау есебі алынады. Тәжірибеге кеткен тұз қышқылы мен бақылауға кеткен тұз қышқылының айырымы табылады. Тәжірибеге жасыл пигменті бар өсімдік мүшесімен анықтау жүргізілетін болса, тәжірибе қараңғыға қойылып анықталады. Оның себебі жасыл мүшелерде жарықтың әсерінен фотосинтез процесі өтеді.

Тәжірибеден алынған сандар кестеге толтырылады



Өсімдік түрлері немесе мүше аттары




Алынған г салмақ

Ва(ОН)2 мл мөлшері

Уақты

Кеткен мө лшері

НСІ мл




Титр түзудегі айырмашылық

Тыныс алу қарқындылығы мг/г, сағ.

Басталуы


Анықталуы

Ұзақтығы

Бақылауғы кеткен

Тәжірибеге кеткен






























Тыныс алу қарқындылығы мына формула бойынша шығарылады.

І т/а=( а-б)·к 0,55/рt. Мұндағы: а- бақылауға кеткен НСІ мөлшері, б - тәжірибеге кеткен НСІ мөлшері, К – НСІ – дың түзету коэффиценті, 0,55 мг СО2 1мл НСІ айырымына тең, р – алынған салмақ, t - тәжірибе жүргізу уақыты.

Жұмыстың соңында әр студенттің жұмыстарында жүргізілген өсімдік түрлерімен мүшелердің тыныс алу қарқындылығы салыстырылып, қорытынды жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет