Ciмдiктер физиологиясы мен биотехнологиясы



бет13/36
Дата26.08.2020
өлшемі378,5 Kb.
#77027
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Байланысты:
өсімдіктер физиологиясы

Жұмыстың орындалуы

I Пигменттердi Краус әдiсiмен бөлу. Бұл әдiс пигменттердiң спирт және бензинде түрлi дәрежеде еруiне байланысты. Спирт пен бензиндi қосқанда бұл ерiткiштер өзара араласпайды, қосындының төменгi жағында спирт, жоғарғы қабатында бензин жинақталады. Сөйтiп, спирт пен бензинде еритiн пигменттердi бөлiп алуға мүмкiндiк туады. Жапырақтан алған пигменттердiң спирт ерiтiндiсiнiң 2-3 мл көлемiн алып, оны таза пробиркаға құяды. Оның үстiне 3-4 мл бензин қосады. Пробирканы жақсылап шайқап, iшiндегi заттарды араластырады. Араластырған қосындылар тұнғанда, бензинде жақсы еритiн хлорофилдер пробирканың жоғарғы бөлiгiнде, спиртте жақсы еритiн ксантофилл пробирканың төменгi орналасады. Хлорофиллмен бiрге ксантофилл сияқты пигмет бензин бөлiгiнде болады.

Пигменттердiң бөлiнуi айқын болмаса, пробиркаға 3-4 тамшы су қосып қайта араластырады. Пигменттердiң бөлiнуi нәтижесiн сурет салып аяқтайды.



II. Хлорофиллдiң сабындану реакциясы.

Хлорофиллдi сiлтiмен үнемдеп, оның молекуласындағы эфир топтарын сабындау реакциясына қосуға болады. Сол кезде метил және фитол спирттердiң

қалдықтары хлорофилл молекуласынан бөлiнедi:
CООН3 СОО Nа

С32 Н30 ОN4Mg < + 2Nа ОН → С32 Н30 ОN4 Mg < +

СООС20Н39 СОО Nа
+ С20 Н39 ОН+ СН3ОН

Бұл реакцияда алынған хлорофилин қышқылының тұзы хлорофилге тән жасыл түсін және оптикалық қасиеттерін сақтайды, сонымен бірге оның гидрофильдігі артады.

Пробиркаға 2 3 мл спирт ерітіндісін алып, оның үстіне 20 проценттік

Nа ОН сілтісінің 1 мл қосып, пробирканы шайқайды.

Одан соң пробирканы қайнап тұрған суға салып қыздырады.

ІІІ хлорофиллді феофитинге өзгерту, реакцияны кері айналдырып сутегін металл атомы мен алмастыру.

Хлорофиллдің порфирин сақинасының ортасына орналасқан магнии атомы берік ұсталмай, күшті қышқылдар әсер еткенде оңай шәйіліп кетеді. Оның орнын сутегінің екі атомы басады. Сөйтіп, магнийден айырылған хлорофилл жасыл түсінен де айырылып, қошқыл түсті феофитинге айналады.

Н39С ООС

> С32 Н30 ОN4 Мg+ 2НСІ →

Н3 СООС

Н39 С20 ООС

→ > С32 Н30 ОN4 Н2 + Мg СІ

Н3 СООС

Феофитинге мыс, мырыш, сынап тұздарымен әсер еткенде6 магниидің орнын алған екі протон осы металдармен алмасады сөйтіп жасыл түс қайта пайда болады. Бұл реакция хлорофиллдің жасыл түсі металл мен органикалық азот арасындағы байланысқа тәуелді болуын байқатады. Екі пробиркаға 2-3 мл хлорофиллдің спирт ерітіндісін алып, оларға 10 проценттік НСІ қышқылының 2-3 тамшысын қосады.

Пробиркаларды шайқағанда, хлорофиллдің жасыл түсі өзгеріп, феофитинге тән қоңыр түс пайда болады. Бір пробирканы бақылау ретінде ұстайды, екінші пробиркаға мыстың сірке қышқылды шағын ғана мөлшерін қосып, ыстық сулы моншаға салып қыздырады. Қыздыру нәтижесінде ерітіндінің қоңыр түсі жасыл түске айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет