Cыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы



бет14/18
Дата26.08.2017
өлшемі2,68 Mb.
#28600
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Орталық Америка елдері. Орталық Американың материктік бөлігін Мексика, Гватемала, Белиз, Гондурас, Никарагуа, Сальвадор, Коста-Рика, Панама елдері, ал Кариб теңіздеріндегі Үлкен және Кіші Антильаралдарын Куба, Гаити, Доминика, Ямайка және т.б. кіші елдер мен иеліктер алып жатыр. Материктік бөліктегі ең ірі ел – Мексика, ал аралдық бөліктегі ең үлкен ел Куба болып табылады. Бұл елдердің табиғаты, шаруашылығы, халықтың тұрмыс-тіршілігі Канада мен АҚШ-тан үлкен айырмашылық жасайды.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Канаданың географиялық орнының ерекшеліктерін атаңдар.

  2. Канаданың жер бедерінің сипаты қандай?

  3. Канада жерінде қандай климаттық белдеулер мен табиғат зоналары бар?

Қорытынды: Қорыта келгенде, бүгінгі сабақта, Канада. Орталық Америка елдерін жалпы анықтап түсіндірдім

Үйге тапсырма: §35-оқу. Кескін картаға Канада және Орталық Америка елдерін түсіріп келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Солтүстік жарты шар материктері. Сарамандық жұмыс №3

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды жарты шар материктері бөліктерімен таныстыра отырып, өткен тақырыпты қайталау арқылы білімдерін жинақтау және Солтүстік жарты шар бойынша қорытындылау.

2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

3. Тәрбиелік: Достыққа, қайырымдылыққа, сыпайылыққа, көпшіл болуға, бірін-бірі түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

«Өз біліміңді тексер»

  1. Солтүстік Американың географиялық орнының басты белгілерін атаңдар? Оның Еуразияның географиялық орнынан қандай айырмашылығы бар?

  2. Гренландия аралы қай елдің құрамына кіреді?

  3. Кардильера тау жүйесі неге меридиан бағытында орналасқан?

  4. Материкте қандай пайдалы қазбалар кездеседі?

  5. Солтүстік Америка мен Еуразиядағы табиғат жағдайларының ұқсас аудандарын атаңдар.

  6. Солтүстік Американың қай бөлігінің табиғаты біздің жерімізге ұқсас болып келеді? Мысал келтіріңдер.

  7. Солтүстік Американың жерінде шөлдер неге аз?

  8. Солтүстік Америкадағы табиғаты көркем жерлерді атаңдар?

  9. Материктегі табиғаты қатты өзгерген аудандарға мысал келтіріңдер.

  10. Солтүстік Америкада қандай халықтар тұрады?

  11. Солтүстік Американың ірі елдері мен олардың қалаларын табыңдар.

  12. Картамен жұмыс

  13. «Торнадо», «Ураган» бұл қандай құбылыстар?

  14. Солтүстік Америка үндістері кеше және бүгін

  15. Солтүстік Американың ұлттық саябақтары

  16. Солтүстік Американың сирек кездесетін жануарлары.

Қорытынды: Канада, АҚШ бұл елдердің табиғаты, шаруашылығы, халқының тұрмыс тіршілігі басқа мемлекеттермен айырмашылық жасайды.

Үйге тапсырма: Тарауды қайталау, тест құрау, картамен жұмыс жасау және қосымша материалдар жинап келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Оңтүстік жарты шар метеригі табиғатының ортак белгілері мен өзіндік ерекшеліктері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушылардың алған білімдерінің тиянақты, нақтылы, сапалы болуымен пысықтай түсіндіре отыра ынтасын арттыру.

2.Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін өздігінен ізденісін дамыту.

3. Тәрбиелік: Басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елін, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, бірін-бірі тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оңтүстік Американың физикалық картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:

Географиялық орны. Оңтүстік жарты шар материктері деп аталатын Оңтүстік Америка, Африка, Автсралия және Антартика узақ уақыт бойы ежелгі Годвана материгінің құрамында болған. Литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде Гондвана Оңтүстік Америка, Африка-Арабия, Үндістан Австралия-Антартика плиталарына ажырады. Сонымен мқатар плиталардың ажырау аймағында қазіргі Атлант және Үнді мұхиттарының табаны ашылды. Кейінірек Африка-Арабия және Үндістан плиталары Еуразияға, ал Оңтүстік Америка Панама мойнағы арқылы Солтүмтік Америкаға жалғасты. Аустралия мен Антарктида арасындағы құрлықтық байланыс үзілді. Нәтижесінде Оңтүстік жарты шар материгінің қазіргі пішіні қалыптасты.

Қазіргі кезде Оңтүстік Америка материгінің Солтүстігі мен Африка жерінің жартысынан астамы солтүстік жарты шарда орналасқан. Соған қарамастан олар геологиялық даму тарихымен табиған жағдайларының ортақ белгілеріне сәйкес оңтүстік жарты шар материктері тобына киреді. Сондықтан материктердің географиялық орнындағы қазіргі айырмашылқтарға қарамастан табиғат жағдайлары ұқсас болып келеді.

Оңтүстік Америка, Африка және Аустралия материктерінің көпшілік бөлігінде температура жыл бойы жоғары болады. Материктердің ең енді бөліктері субэкваторлық және тропиктік белдеулерде жатыр. Тек Оңтүстік Американың жіңішке оңтістік бөлігі ғана қоңыржай белдеуге енеді. Оңтүстік Америка, Африка және Аустралия материктерін оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтеді.

Жер бедері. Оңтүстік жарты шар материктерінің жер бедерінде жазықтар басым болады. Олар материктердің негізгі бөліктерін алып жатқан ежелгі гондваналық платформаларға сәйкес келеді. Платформаларда фундаментті құрайтын кристалды жыныстары жер бетіне шығып жатқан қалқанда мен өте қатты майысқан ойыстар алма-кезек ауысып орналасқан. Қазіргі жер бедерінде қалқандар күшті мүжілгендіктен қалдық аласа тауларға айналған. Ал ойыстарда шөгінді жыныстардың қалың қабаты жиналып, үлкен алқапты алып жатқан тегіс жазықтар қалыптасқан.

Материктердегі ірі тау жүйелері олардың жағалық бөліктеріне сәйкес келеді. Гоендваналық плиталар мен мұхиттық плиталар мен литосфералық плиталардың түйіскен аймақтарында болған қатпарлану әсерінен түзілген бұл жас тауларға Оңтүстік Американың батысындағы Анд таулары, Африканық солтустік-батысындағы Атлас тауы, Аустралияның шығысындағы Үлкен Су Айырық жоталары жатады. Жарықтар арқылы базальтты жыныстардың сыртқа лықсуы нәтижесінде жанартаулық белдеулер қалыптасты. Оған біртұтас Африка-Аравия гондваналық плитасынығ Еуразия плитасы мен ығысуы нәтижесінде Арабияның Африкадан бөлінуі, Қызыл теңіз табанының ашылуы далел болады.

Материктердің экватор мен тропиктер аралығындағы орнына байланысты бірдей климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі. Бірақ материктердің ауданы мен жер бедереінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белдеулер мен зоналардың орналасуы және аудандару түрліше болады. Қазіргі кезде оңтүстік жарты шар материктері бір-біріне оқшау орналасқанымен олардың ертеректе табиғатының біртұтас дамығанын делелдейтін өсімдіктер мен жануарлардың ортақ түрлері кездеседі.

Жеке табиғат компаненнтерінің ұқсатығы мен айырмашылықтары туралы толық мәліменттерді әр материк табиғатымен жеке танысу барысында алатын боласындар.



Материк жағалауындағы мұхиттар ашылуы және зерттелу тарихы. Географиялық орны. Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен бірге Америка дүние бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп те атайды. Материк жағалауларына жақын маңда аралдан аз, тек оңтүстік батысы мен қиыр оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы кездеседі. Аралдардың ең ірісі Магелан бұғазы арқылы материктен бөлініп жатқан Отты-жер аралы.

Ашылу және зарттелу тарихы. Оңтүстік Американың ашылуы және зарттелу тарихы Солтүстік Америка материгімен тығыз байланысты. Материк жағалауларына алғашқылардың бірі болып өздеріңе белгілі саяхатшы Хрестофор Колумб келген. Х. Колумб Америкаға төрт рет саяхат жасады Колумб алғашқы екі саяхатында орталық Амариканың аралдарын Соргасс теңізін ашса, үшінші саяхаты барысында 1498 жылдың тамыз айында тұңғыш рет Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Колумб өзінің жаңа материк ашқанын білместен, ғұмырының соңына дейін Үндістанға баратын батыс жолды таптым деп есептеген. Соның нәтижесінде Американың байырғы залқын үндістер деп атап кетті.

Х. Колумбтан кейін материккке қадам басқан саяхатшы Америго Веспуччи болды. Ол 1499 жылғы бірінші саяхытнда Гвияна және Венесуэла жағалаулары мен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейн барып, кері қайтқан. Қайтар жолындағы үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқөсатып, оған «Кіші Венеция» деген ат берген. Веспуччи өзінің екінші саяхаты барысында 1501 жылы Бразилия жағалауларына жеткен. Жағалау бойымен жүзіп өздері қаңьтар айында сағасына жеткен өзенге саяхатшылар «Қаңтар» өзені деген (испанша Рио де Жанейро) деген ат берді. Веспуччи өзі жүріп өткен жерлердің табиғаты мен халқының тұрмыс тіршілігін суреттеп жазған. Колумб үндістанға баратын жолды аштым деп есептегендіктен жаңа дүние бөлігін ашу құрметіне А. Веспуччи ие болды.

ХVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында неміс географ ғалымы Алексендр Гумбольдт француз ботанигі Бонпланмен бмрге Оңтістік Америка табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасаған; батыс жағалауындағы мұхит ағыстаны сипаттап, олардың материк табиғатына тигізетін әсерін түсіндірген. А. Гуибольдт Анд таулары зерттеу нәтижесінде биіктік белдеулік заңдылығын негіздеген. Ғалым Оңтүстік Америка табиғатын зерттеу нәтижесінде 30 томнан аса еңбек жазып қалдырған. Атақты орыс климат зерттеушісі А.И. Воейков 1874 жылы Оңтүстік Америка климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеді.

1932-1933 жылдар аралығында экспедициясы кезінде орыс ботанигі Н.И.Вавилов материктегі ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған. Ғалым кейбір мәдени өсімдіктердің: картоп, жүгері, қызанықтың отаны Оңтүстік Америка екенін дәлелдеген.

Жаңа сабақты бекіту:


  1. Физикалық карта мен оқулық мәтінін пайдалана отырып, оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орнындағы, табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтаңдар.

  2. Оңтүстік Американың географиялық орнын анықтаңдар.

  3. «Америка» атауы қалай пайда болғанын түсіндіріңдер, неге оның байырғы тұрғындары үндістер деп аталады?

  4. Материк табиғатын кімдер зерттеген?

Қорытынды: Оңтүстік Америка әлі де адам аяғы баспаған, табиғаты зерттелмеген, құпияға толы ауданда жеткілікті. Амазонияның мүлгіген жасыл ну ормандары, Анд тауларының асқар шыңдары, бай жануарлар дүниесі әлі де өз зерттеушілерін күтеді.

Үйге тапсырма: §37-оқу. Кескін картаға Оңтүстік Америка жерін салып келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбаларымен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елін, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, бірін-бірі тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оңтүстік Американың картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оңтүстік Америка жер бедерінің сипаты жөнінен айқын екі бөлікке ажыратылады. Батыс бөлігін бойлай созылып ежелгі инктер «мысты таулар» деп атаған Анд таулары орналасқан. Одан шығысқа қарай бөлікте жазықтар басым.

Жазықтар гондваналық ежелгі платформада жатыр. Платформалық бөлік ұзақ уақытқа созылған дамуы барысында бірнеше рет көтерілуге ұшырап, кей бөліктері керісінше қатты майысқан. Майысып, төмен түскен жерлер қалың теңіздік және континенттік шөгінді жыныстар жиналуы нәтижесінде тегіс жазықтарға айналған. Олардың қатарына Жер шарындағы аса ірі ойпаттардың бірі Амазонка ойпаты, Ла-Плата, Ориноко жазықтары жатады.

Ал жазықтар аралығында платформа қалқандарына сәйкес келетін Гвиана, Бразилия таулы үстірттері орналасқан. Кейінгі көтерілулер нәтижесінде жарылыстар арқылы жердің ішкі қойнауынан балқыған жыныстар жер бетіне жайылып, лавалық жамылғыларды қалыптастырған. Гвиана таулы үстірттерінің орталық бөліктерінің, Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік-шығысының биік болуы осы жамылғы қабаттың болуымен байланысты. Жер қыртысының терең жарылыстары арқылы таулы үстірртер жеке бөліктерге бөлінген, олар өзен аңғарлары мен қатты тілімденіп, үгілу мен мүжілуге ұшыраған. Осындай жер бедері оңтүстіктегі Патагония үстіртіне де тән.

Оңтүсті Америка платформасының Анд қатпарлы белдеуі мен жалғасқан бөлігінде Анд тауларына қарай биіктейтін ішкі жазықтар – Гран-Чако, Маморе, Пантанал орналасқан.

Оңтүстік Америкадағы ең күрделі жер бедері Анд тау жүйесіне тән. Тау жүйесі бір-бірінен бірде алшақтап, бірде түйісіп, тау түйіндерін құрайтын бірнеше жоталар тізбегінен турады. Тау түйіндері сөнген және сөнбеген жанартаулар болып табылатын өте биік шыңдарға сәйкес келеді. Батыс жарты шардың ең биік нүктесі – Аконкагуа осында орналасқан.

Анд тауларының орталық бөлігінде тауаралық үстірттер тән болады, оларды жергілікті халық пуна деп атайды. Үстірттердің бетін қиыршық тастар мен қорымдар, тұзды батпақтар алып жатыр. Анд тау жүйесі екі литосфералық плитаның түйісу аймағында орналасқандықтан жас қатпарлы тауға жатады. Мұнда тау түзілу алі де күшті жүріп жатыр, оған күшті жер сілкінулер мен жанартау атқылаулары, терең жарылыстардың болуы дәлел болады. 1970 жылы Перуде болған жер сілкінкде 70 мың адам қаза тауып, 600 мыңнан астам адам баспанасыз қалған. Мұндай апатты құбылыстар әр-бір 10-15 жылда қайталанады.

Оңтүстік Америка жері пайдалы қазбаларға өте бай. Шығыстағы таулы үстірттердің қойнауларында темір, марганец, уран кендері никель, алмас пен алтынның алюминий шикізаты – бокситтің, ал ойпаттарда мұнай, табиғи газ, таскөмірдің ірі кен орындары бар. Анд тауларында жарылыстар бойымен магманын сыртқа төгілуінен пайда болған мыс, қалайы, қорғасын, мырыш, күміс кен орвндары мен асыл тастарының аса бай көздері кездеседі. Валерия жеріндегі әйгілі өалайы белдеуі солтүстіктен оңтүстікке 940 км-ге созылып жатыр.



Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оңтүстік Американың жер бедерінің қандай басты ерекшеліктері бар?

  2. Физикалық картаны пайдаланып, материктегі ірі жазықтықтар мен таулы үстірттердің биіктіктерін анықтаңдар.

  3. Анд тауларында қандай табиғат апаттары болып тұрады?

  4. Анд таулары неге «мысты тау» деп аталады?

Қорытынды: Оңтүстік Американың қазба байлықтарын ұзақ уақыт бойын Еуропа елдері мен АҚШ жыртқыштықпен пайдаланып келди. Қазіргі кезде материктин тәуелсіздік алған елдері табиғат байлақтарын экономиканы дамыту мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында игеруде.

Үйге тапсырма: §38-оқу. Кескін картаға пайдалы қазбаларын түсіріп келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Климаты.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Оңтүстік Американың климатымен таныстыру және табиғатындағы ерекшеліктермен бірлесе отырып талдау. Оқулық мәтінімен жұмыс жасау.

2.Дамытушылық: Болжай білу, ауызша сипаттама жасауды дағдыландыру, тілін дамыту.

3. Тәрбиелік: Басқа мемлекеттермен таныса отырып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ел байлығын дұрыс бағалауға, өздігінен ізденуге үйрету, дүниетанымдарын қалыптастыра тереңдете түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оңтүстік Американың картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:

Климат қалыптастырушы факторлар. Географиялық орнына сәйкес, Оңтүстік Америка күн сәулесін өте мол алады. Бирақ ылғалдың көп болуы материкти шамадан тыс қызып кетуден сақтайды. Материк солтүстік субэкваторлық белдеуден оңтүстік қоңыржай белдеуге дейін созылып жатыр. Климаттың қалаптасуына географиялық ендікпен қатар, батыстағы биік Анд тау жүйесінің тигізетін әсері мол. Сондықтан әр бір климаттық белдей биік таулық және жазықтық климаттарға ажыратылады.

Материк клматына қоршап жатқан мұхит айдандары үстінде қалыптасатын экваторлық, тропиктік қоңыржай ауа массалары басым ықпал етеді. Сондықтан Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғаолды материк болып табылады.

Климаттық белдеулер. Материкти 6 климаттық белдеу кесіп өтеді. Экваторлық климаттық белдеу Амазонка ойпатының едәуір жері мен Тынық мұхитының экватор сызығынан солтүстікке қарай жатқан жағалық бөлігін алып жатыр. Жыл бойын ауа температурасы t +25 0C дан төмен түспейді, жауын-шашын мөлшері Амазонкада 1500 мм-ден 3000 мм-ге дейін, ал Тынық мұхит жағалауында 3000 мм-ден артық түседі. Жауан-шашын жал бойы мол, әсіресе көктем мен күздегі күн мен түннің теңелуі кезінде айырықшы көбейеді.

Материкте екі субэкваторлық климаттық белдеу бар, олар Амазонканың шығысында бір-бірімен түйіседі. Бұл белдеулер жазда ылғалды экваторлық, ал қыста құрғақ тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан белдеулердің қысы құрғақ, жазы жаңбрлы болады. Мұндай климатты – ауыспалы ылғалды климат деп атайды. Ауаның орташа температурасы құрғақ кезеңнің соңына қарай +280С дейн жоғарлайды, қыс айларының өзінде орташа температура +20 0С-тан төмен түспейді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм-жен 1000мм-ге дейін кемиді. Ал Бризилия таулы үсмтіртінің солтүстік шығысындағы жылы ағыстар екиге айырылатын жағалау бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм-ге дейін күрт азаяды.

Тропиктік климаттық белдеу. Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік шығыс жағалық бөлігінің, Ла-плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтарын алып жатыр. Бұл белдеудегі температура жыл маусымдаро бойынша өзгеріп жазда орташа температура +280С-қа дейн жоғарлайды. Гран-Чако жазығында метериктегі ең жағарғы температура (+470С) байқалған. Жылдық жауын-шанының мөлшері Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік шығыс жағалық бөлігінде жылы ағыс әсерінен 2000 мм-ге жетіп, тропиктик ылғылды климат қалыптасады. Мұхиттан қашықтаған сайын жауын-шанның мөлшері біртіндеп азайып, климат ауыспалы ылғалды сипатқа көшеді. Ал Анд тауларының Тынық мұхытның жағалауындағы Атакама шөлінде суық ағыстар әсерінен жағалық шөл климаты қалыптасады. Жаздың орташа температурасы +200С ал қыстың орташа температурасы +130С-тан жоғарламайды.

Субтропиктик климаттық белдеу. Материктің 300 және 40о.е. аралығын алып жатыр. Белдеудің шығысында климат ылғалды субтропиктік, мұнда орташа температура жазда +250С-тан қыста +150С—қа дейін ауытқып отырады. Жауын-шашын жыл бойы түседі. Ал Анд тауларының Тынық мұхиты жағалауында субтропиктік Жерорта теңіздік климат қалыптасады, мұнда жазы құрғақ, қысы жылы әрі ылғалды болады.

Қоңыржай климаттық беллдеу. Материктің оңтүсытігіндегі жіңішке бөлікті алып жатыр. Белдеудің шығысында Фолкленд суық ағысының әсерінен қоңыржай континетттік климат қалыптасады. Жазы құрғақ, қоңыр салқын. Қысы салқын кейде аязды күндер болып турады. Қар жауғанымен тез ерип кетеді. Матреиктегі ең томенгі температура (-330С) осында тіркелген. Анд тауының Тынық мұхиты жағалауы бүкіл жыл бойына батыс тасмалының ықпалында болатындақтан жауын-шашын мол болады, оның мөлшері әсіресе қысқа қарай артады. Жылдық температуранын айырмашылығы онша байқалмайды. Мұндай климат – қоңыржай теңіздік деп аталады.

Анд таулары биік таулы климатқа жатады. Ол биіктікке қарай ауа температурасы мен қысымның өзгеруіне байланысты айқындала түседі. Сондықтан экваторлық белдеу аймағындағы шыңдардың басында жыл бойы қар жатады. Тропиктік белдеу қамтитын таулы аудандарда климат аса құрғақ, температураның тәуліктік айырмашылығы жоғары келеді. Анд тау жүйесінде климаттық белдеулердің ауылуы геграфиялық ендікке де, теңіз деңгейінен биіктігіне де байланысты. Биік таулы климан жазық бөліктегі өзіне сәйкес келетін климаттық белдеуден климат көрсеткіштері бойынша айырмашылық жасайды.



Жаңа сабақты бекіту:

  1. Материктегі қоңыржай теңіздік климатты солтүстік жарты шар материктеріндегі осындай климатпен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар.

  2. Жазық бөліктегі әрбір климаттық белдеудің басты белгілерін анықтап, белдеу ішіндегі климат айырмашылықтарының сипатын дәптерге жазыңдар.

  3. Анд тауларының қандай климаттық ерекшеліктері бар?

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Оңтүстік Американың климатымен таныстық.

Үйге тапсырма: §39-оқу. Кескін картадан климатты көруге, қосымша деректер жинау.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Өзендері мен көлдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Оңтүстік Американың өзендері мен көлдерімен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушыларды ізденіске, еңбекке, танымдық қабілеттерімен дамыта отырып, тез ойлауға, тез шешуге, картамен жұмысты дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушылар басқа мемлекеттермен таныса отыра, өз елін сүйе білуге, тануға, бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:

Өзендері. Материктің батысындағы Анд таулары Атлант және Тынық мұхит арасындағы басты суайрық жота болғандықтан, өзендердің барлығы дерлік Атлант мұхитына құяды. Атлант мұхитына және оның Кариб теңізіне материктің Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена сияқты ірі өзендері құяды. Анд тауларынан басталатын Амазонка Жер шарындағы ең мол сулы өзен болып табылады: төменгі ағысында өзен арнасы арқылы 1 сек-да 220 мың м³ су ағып өтеді. Бұл көрсеткіш бүкіл дүние жүзі өзендері арқылы ағып өтетін су мөлшерінен бірнеше есе артық. Амазонканың арнасының ені орта ағысында 5 км болса, төменгі ағысында 80 км-ге дейін жетеді. Өзен жаңбыр көп жауатын экватор маңын бойлай ағатындықтан жыл бойы мол сулы болады. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия материгінің жерімен парапар.

Парана мен Ориноко да мол сулы өзендер қатарына жатады, олардың Амазонкадан басты айырмашылығы – су деңгейі маусымға байланысты өзгереді.

Тынық мұхитына Анд тауларының батыс беткейінен басталатын мол сулы қысқа өзендер ғана құяды. Ал Анд тауларының тау арқылы үстіртті бөлігінің өзендері ішкі тұйық алапқа жатады.

Оңтүстік Америкада көлдер онша көп емес. Анд тауларында ірі тектоникалық Титикака көлі орналасқан. Көл атауы аймара үндістерінің

тілінде «қалайы алаңы» дегенді білдіреді. Бұл атау судың ерекше түсіне байланысты қойылған. Мұнда су бетіндегі қамыстан жасалған қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан.

Титикаканың оңтүстігінде жазғы ыстықта кеуіп қалатын Поопо тұзды көлі бар. Материк жағалауларында мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көлдер орналасқан, олардың ең ірісі – Маракайбо. Оның түбінен мұнай өндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет