Cитуациялық сұрақтар:
Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
-
Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
-
Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады?…..деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
-
Сізге тәрбиешілер «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
-
Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», – деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
-
Балаңыз балабақшаға барғысы келмесе не істейсіз?
-
Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?
-
Балаңыз балабақшадағы бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?
-
Сіздің балаңыз топтағы балалармен жиі тіл табыса алмай жатса, балаңызға қандай кеңес бересіз?
-
Балаңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
-
Биыл сіздің балаңыздың достарының бәрінде планшет бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады, балабақшаға барғысы келмейді. Сіз жұмыссызсыз, не істейсіз?
Сауалнама. Сіз қандай ата-анасыз?
-
Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
-
Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
-
Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
-
Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
-
Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
-
Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
-
Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?
-
Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
-
Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
-
Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
-
Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
-
Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?
-
Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Достарыңызбен бөлісу: |