Геттинген университетінде оқыған (1795 — 98).
1807 жылдан Геттинген универститетінің профессоры және Геттинген астрономиялық обсерваториясының директоры болды.
Оның еңбектері алгебраның, сандар теориясының, дифференциалдық геометрияның, тартылыс теориясының, электр және магнит құбылыстарының классикалық теориясының,геодезияның, теориялық астрономияның дамуына орасан зор ықпал етті. Кез келген алгебралық теңдеудің кем дегенде бір түбірі болатындығы жөніндегі алгебраның негізгі теоремасын дәлелдеген (1799). Гаусс сондай-ақ,астрономия, ықтималдық теориясы, шексіз қатарлар теориясы, потенциалдар теориясы, т.б. салалар бойынша да іргелі еңбектер жазған, жоғары геоздезияның математикасы негізін қалаған. Ол өлшеу кезінде жіберілетін қателіктерді есептей отырып, ең кіші квадраттар тәсілін және 3 рет бақылау нәтижесінде планеталардың эллипстік орбитасын есептеу тәсілін ұсынған.
1830 — 40 ж. неміс физигі В. Вебермен біріге отырып теориялық физикадан елеулі табысқа жетті. Сөйтіп электр магниттік бірліктердің абсолют жүйесін (қ. Бірліктердің СГС жүйесі) құрды.
1833 ж. Германиядағы тұңғыш электр магниттік телеграфты құрастырды. Ол Н.И. Лобачевскийдің еңбектерінде дамытылған Евклидтік емес геометриялардың идеяларына ерекше мән берді.
(1+100)+(2+99)+......+(49+52)+(50+51)=(100+1)∗50=5050{\displaystyle ~(1+100)+(2+99)+......+(49+52)+(50+51)=(100+1)*50=5050}Салу есептері
Салу есептерді ежелгі математиктер еңбектері арасынан елеулі орын алған. Өйткені, бұл кезеңде барлық математикалық деректер сызба көмегімен геометриялық тілде негізделген. Сызғыш пен циркульді пайдаланып көпбұрыштарды, оның ішінде дұрыс көпбұрыштарды салу мәселесі немістің ұлы математигі Карл Гауссқа дейін өз шешімін таппай келді. Бұл мәселені тек 1801 жылы ғана К. Гаусс алгебралық жолмен толық шешті. Оның дәлелдемесі бойынша дұрыс n-бұрышты циркульді және сызғышты пайдаланып салу үшін n=2m. P1·…·P k, m€Z, m≥0, P1, …, P k2²+1, ал 7 мұндай түрде жазылмайды, яғни жетібұрышты циркулді және сызғышты пайдаланып салуға болмайды.[1]
Евклид[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Euclid
|
Euclid in Raphael's School of Athens
|
туған
|
fl. 300 BC
|
Қайтыс болды
|
unknown
|
Тұратын жері
|
Alexandria, Egypt
|
Зерттеу салалары
|
Mathematics
|
Еңбегі үшін әйгілі
|
Euclidean geometry
Euclid's Elements
|
Евклид (көне грекше: Εὐκλείδης,Б.д.д. 325 – 265ж) ежелгі дәуірдегі грек математикгі.
Оксфорд университетіндегі тарих музейіндегі ескерткіш
Ол математикадан жазылған теориялық алғашқы трактаттың авторы, Александрия қарамағындағы мектептің тұңғыш математигі. Оның өмірі жайлы деректер жоқтың қасы. Евклидтің басты еңбегі – «Негіздер». Онда планиметрияның, стреометрияның кейбір мәселелері талданған. Сөйтіп, ол өзінен бқрынғы грек математикасының одан әрі дамуының ірге тасын қалаған. Евклидтің «Негіздерден» басқа «Фигураны бөлу туралы», «Канустың қималары» деп аталатын еңбектері бар. Ол астраномиядан,музыкадан, т.б. салалардан да еңбектер жазған. Евклидтің бізге жеткен шығармалары мына басылымда жинақталған: «Eudidis Opera Menge». Онда грекше түр нұсқасы, латыннан аудармасы және кейінгі авторлардың түсініктемелері берілген. Евклид «Негіздерінің» математиканы дамытуда әсері орасан зор болады. Бұл еңбектен тәлім алмаған ірім-ұсақты математик жоқ деуге болады. «Негіздер»орыс тілінде тұңғыш рет 1739 жылы аударылып басталып шықты, ал ең кейінгі жаңартылған аудармасы 1948-1950 жылдары жарық көрді. Математиканы сүйетін әрбір талапкердің ғылымының классикалық бұл еңбегімен танысып аса пайдалы болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |