Декарттың ғылыми және философиялық ойлары еуропа құрлығымен шектелмей, басқа халықтардың ағартушылық қозғалысына да пайдалы ықпал етті. Мысалы, қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы Декарттың еңбегімен жете танысып, оның жан мен тән,индукция мен дедукция, Тәңірінің ақиқаттығы, ғылым адам игілігіне қызмет етуі тиіс" деген секілді көптеген тұжырымдарын қостады және ол туралы «Қара сөздерінде» өз көзқарасын Шығыс философиясыменбайланыстыра отырып пайымдады. Мұхтар Әуезов абайтанусаласындағы барлық еңбектерінде Декарттың Абайдыңфилософиялық көзқарастарына әсерін ерекше атап өтеді. Ол «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845- 1904)» атты (1959) монографиясындаАбайдың да «терең ойдың телміріп соңына ермей», адам жаратылысы туралы дуалистік жолда болғанына, жаңа идеалистік санадағы Декартқа кебірек жақындағанына талдау жасайды (20 томдық шығармалар жинағы, 1985, 20-том, 166-бет).[1][2]
Ғұмырбаяны
1596 жылы 31 наурызда Рене Декарт францияның Туреньдегі Эндр-Луарада (Лаэ, қазір "Декарт" деп аталады,) дәрежесі төменірек ақсүйек отбасында дүниеге келіпті. Әкесі Joachim сол Лаэдегі Бретань парламентінің мүшесі болып сайлаған екен. 1 жасында Декарттың шешесі өкпе туберкулезі ауыруынан қайтыс болады. Бала Декартқа шешесінің ауруы жұғып кеткендіктен, денесі әлжуаз, көп ауыратын бала болып өсіпті. Шешесі қайтыс болған соң әкесі басқа қыстаққа кетіп, сонда қайта үйленіпті. Декартты нағашы әжесі бағып өсірген екен. Ол әкесін сирек көріпті, бірақ әкесі оған экономикалық жағынан қамсыздандырып, жақсы тәрбие алуына заттық мүмкіндік жасап беріпті. Бұл оның тұрмыстық істерге назарын аудармай, өз арманына талпынуына мүмкіндік берген көрінеді.
1606, не 1607 жылы Декарт Ла-Флештегі иезуиттік қоғамның Королдік колледжіне түсіп білім алған. Онда олматематика, физика қатарлы пәндерді үйренген. Тіпті сонда әйгілі ғалым Галилео Галилейдің жұмыстарымен де танысқан көрінеді. 1616 жылы желтоқсанда аталған оқу орынын тамамдап, әкесінің қалауы бойынша адвокат болу үшінПуатье университетіне заң мамандығын үйренеді. Университеттен кейін ол жұмыс таңдауда екіойлы болып, "Дүние деген ұлы кітаптың даналығын" оқу үшін еуропаны аралап көруге бел байлайды.
Декарт былай деген болатын:
|
"Мен университетке мол білім алып, көкейімдегі сұрақтарыма жауап табамын, түрлі мәселелерді шешім ететін қабілетті игеремін деп түскен болатынмын. Университет бітіргенде байқасам, өзімнің дұрыс ойлай алмайтын, жаттанды сөз сөйлейтін, неге сенерін білмеген, білімі таяз топасқа айналыппын. Енді мен нағыз білімді дүние-өмірдің ұлы кітабынан алуға тиіспін."
|
|
1618 жылы Рене Декарт әскери қызмет өтеу үшін Нидерландтың Нассаудағы Морис қосынына тіркеледі. Бірақ Нидерланд және Испания ортасында соғыс тоқтату келісімі жасалғандықтан, ол осы бос уақытында математикалық білімін жетілдірумен болады.
Декарт өмір сүрген мезгілде латын тілі оқымыстылар тілі болды, ғылым мен философия латын тілінде жазылғаны белгілі. Сол дәстүр бойынша Декарт өз кітабына латынша атымен Renatus Cartesius деп қол қойған екен. Сондықтан кейде оның атындағы координата Картезий координатасы деп те аталады.
Оның математика мен физиканы біріктіру ойы осы Нидерландта әскери қызмет өтеп жүргенде пайда болады. 1618 жылы 10 қарашада жолдағы жарнама тақтайшасынан Фландрии тіліндегі мәселе есепті көріп қатты таңырқап, бір кісіге аталған есепті латыншаға аудартып алады. Оған көмектескен кісі одан 8 жас үлкен Isaac Beeckman деген кісі екен. Ол да математика мен физикаға ерекше қабілетті болып, біртіндеп Декарттың ұстазына айналады. 4 айдан кейін Декарт оған "Сіз мені бейғамдық ұйқысынан ояттыңыз ..." деп хат жазады және осы аралықта математикадан ашқан 4 жаңалығын жеткізеді. Оның әскери өмірі осылайша физика, алгебра, геометрия, логика, медицина қатарлы салаларда үйрену және ізденіс жасаумен өтеді.
1621 жылы Декарт әскерден қайтады.
1622 жылы 26 жастағы Рене Декарт әкесінен қалған мұраны түгел сатып жіберіп, сол қаражатқа еуропаны 4 жыл бойы аралаумен болады және 2 жыл Италияда болып, соңында Парижге оралады.
Ол кезде Францияда шіркеудің ықпалы күшті болып, діни мәселелерді еркін талқылауға жол қойылмайтын. Сондықтан 1628 жылы Нидерландқа қайта орапған Декарт сонда 20 жыл тұрады. Осы аралықта ол өзінің көптеген философиялық және ғылыми еңбектерін жазады. «Әдіс жөніндегі пікірлер», «Метафизикалық толғаныстар» («Бірінші философиялық толғаныс» деп те аталады), «Философия ережелері» қатарлы әйгілі туындыларын осы мезгілде жазып, еуропаның сол замандағы ең ықпалды философына айналады.
1649 жылы Декарт Швеция ханшайымы Кристинаның ұсынысыменСтокгольмде ханшайымның жеке ұстазы болады. Бірақ осынау "аю, мұз және жартасы бар өңірде" өкпе қабыну ауыруына шалдыққан ұлы ойшыл, 1650 жылы 11 ақпанда 54 жасында дүниеден озады.
1663 жылы оның кітаптары Рим мен Парижде бірдей тиым салынған кітаптар қатарына енеді. Тек бір ғасырға жуық уақыт өткенде, 1740 жылы ғана Парижде бұл шектеу күшін жояды. Өйткені сол кезде францияға Исаак Ньютонның ғаламдық жүйе туралы ілімі кең тарап, Декарттың идеялары мен ғылыми жетістіктері балама ретінде қолдау таба бастайды.
Шығармалары
Декарттың ең негізгі философиялық еңбектері: «Әдіс жөніндегі пікірлер»,(Discours de la méthode) «Метафизикалық толғаныстар» («Бірінші философиялық толғаныс» деп те аталады, Méditations métaphysiques), «Философия ережелері»(les Principes de la philosophie)қатарлылар.
Философиядағы үлесі
Декарт өмірге келген үй (Турендегі Гаага)
Декарт батыстың қазіргі замандық философиялық-ғылыми ойлауының негізін қалаушы тұлға ретінде толық философиялық жүйе жасады. Ол философиядадуализм (қоснегіз) мен рационализм (зердешілдік) бағытын дамытты.
Декарттың пікірінше адам баласы математикалық логикалық әдіс арқылы --- яғни зерделі түрде философиялық ой жүгіртуге тиіс. Адам ақылды нәрсе және барлық нәрсені ақылмен түсіндіруге болады. Зерде сезім мүшелеріне қарағанда сенімді куәлік етеді, сенімді білм береді. Мысалы, Түс көрген кезімізде біз шын өмірде жүргендей сезінеміз. Бірақ зерделеу арқылы түстік шын өмір емес екенін тұжырымдап шығамыз деді. Ол логика, геометрия, алгебра арқылы төрт ережені ұсынды:
Еш нәрсені де ақыл-зердемен танудан бұрын шын деп есептеме, тек күдіктен толық арылғанда барып ақиқат айқындалады. Күдік ақиқатқа жетуде міндетті түрде басып өтетін жол талабы.
Күрделі мәселені оны құраған ұсақ мәселелерге бөліп, жеке жеке шешу арқылы шешуге болады.
Ой қарапайымнан күрделіге дамиды. Ойлау қарапайымнан бастап күрделіге ауысуы керек.
Әрқашан өз ізденісімізді түбегейлі қайта қарап, ізденіс желімізден адасып қалмай, әлдебір қажетті мазмұнды жоғалтып алмағанымызды, әлдебір қателікке ұрынып қалмағанымызды тексеріп тұруға тиіспіз.
Декарт бұл әдісті философиялық ойлауда қолданып қана қоймай, геометрияда тіке қолданып, аналитикалық геометрияның негізін қалады.
Декарт философиялық әдіснама арқылы рационалді философияның мынадай мәселелерін қарастырды:
Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлі;
Субстанция, оның атрибутары мен модустары;
Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіру, дуализмӘ;
Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясы.
Болмыс[өңдеу]
Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады.
Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:
материалды (заттар),
рухани (идеялар).
Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары – форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б.
Адам
Адам, Декарт пікірінше, екі – материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған. Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады. Адам өз бойында екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды.
Р.Декарт «философияның негізгі сұрағын» да дуализм тұрғысынан шешеді:
«Не бірінші: материя ма, әлде, с ана ма? Таласы мағынасыз. Материя мен сана тек адам бойында бірігетіндіктен, адам табиғаты дуалистік болғандықтан (өз бойында екі – материалды және рухани – субстанцияны біріктіретіндіктен), материя да, сана да бірінші бола алмайды – олар әрқашан болған және тұтас болмыстың екі түрлі көрінісі». Физикада, математикада, т.б. түрлі ғылым салаларында қолданылатын ғылыми әдіс таным процесінде қолданылмайды, дейді Декарт. Ғылыми әдісті таным процесінде белсенді қолдану арқылы таным процесін әлдеқайда алға жыджытуға, танымды өндірістен өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады. Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық әдісінің мағынасы – таным процесінде тек абсолютті, деректі, шын сүйену және ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы жаңа, ақиқат білім алу. Декарт пікірі бойынша, дедукция әдісін пайдалану арқылы ғана танымның барлық салаларында шын білімге қол жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |