Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Исаак Ньютон
|
|
туған
|
қаңтардың 4 (373 жас)
Вулсторптағы Колстерворт
Линкольншир, Англия
|
Қайтыс болды
|
1727 ж. наурыздың 31(84 жаста)
Кенсингтон, Лондон, Англия
|
Тұратын жері
|
Англия
|
Ұлты
|
ағылшын
|
Салалары
|
физика, математика,астрономия,
табиғи философия, алхимия,
теология
|
Институттары
|
Кембридж университеті
Корольдік қоғам
|
Alma mater
|
Тринити колледж (Кембридж)
|
Academic advisors
|
Исаак Барроу
Бенжамин Пуллейн
|
Notable students
|
Роджер Коутс
Уиллиам Уистон
Джон Уиккинс
Хамфри Ньютон
|
Еңбегі үшін танылған
|
Ньютон механикасы
Бүкіләлемдік тартылыс заңы
санақ
оптика
|
Influenced
|
Николас Фатио де Дюлльер
Джон Кайл
|
Religious stance
|
Англиканизм
|
Signature
|
Исаак Ньютон, ағылш. Sir Isaac Newton ( 4 қаңтар 1643 жыл — 31 наурыз 1727) — ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғифилософы, алхимигі және теологы, Корольдік қоғамның мүшесі . Оның1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын жәнеқозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізін қалады. Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысының заңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы мен аспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша ол гелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді.
Механикада Ньютон импульстың және бұрыштық импульстың сақталу заңын алға тартты. Оптикаға қосқан үлесі: ол рефлекторлы телескопжасап шығарып, үшбұрышты призманың жарықты көзге көрінетін жеті түске бөлетінін ашты. Ол Ньютонның суу заңын тұжырымдап,дыбыстың жылдамдығын зерттеді.
Математикада Ньютон Готтфрид Лейбницпен қатар дифференциалдық және интегралдық санақты ойлап шығарды. Сонымен қатар ол биномдық теореманы көрсетіп, функцияның нөлін шамалауға қолданылатын Ньютон әдісін тапты. Дәрежелік қатарлардызерттеуге де үлес қосты.
Ньютонның дінге деген қызығушылығы да зор болды, оның діни еңбектері көлемі жағынан ғылымға қосқан үлесінен үлкен.
Денелердің Орталық күш әсерінен қозғалу траекториясы конустық қима болатынын, оған себеп барлық планеталар мен кометалардың Күнге, ал планета серіктерінің өз планеталарына ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал күшпен тартылуы екенін дәлелдеп, бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Физикада Ньютон қызған денелердің суыну заңын, ақ жарықтың монохромат сәулелерге жіктелуін, сфералық мөлдір денелердің түйіскен нүктесінің айналасында интерференц. сақиналардың пайда болатынын, т.б. ашты. Ол – термометрді ойлап шығарған алғашқы ғалымдардың бірі.[1]Астрономияны телескоптық бақылау мен математикаға сүйенетін жаңа ғылыми сатыға көтерді. Өзі жасаған екі айналы телескоп арқылы (1668) аспан құбылыстарын тікелей бақылады. Аспан денелерінің қозғалыс теориясын жасап, аспан механикасының негізін салды.[2]Ньютонның астрономиялық еңбектері механика мен физикадағы табыстарына ұштасып жатады. Математикада дифференциалды және интегралдық есептеулерді (Г.Лейбницке тәуелсіз) ойлап тапты, шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу, қисық сызыққа жанама жүргізу, қисық сызықтың ұзындығын, жазықтықтағы тұйық сызықтың қоршайтын ауданын табу, функцияларды қатарларға жіктеу, т.б. жаңалықтар ашты. Бұлар математикалық анализдің негізі болып табылады. Ньютонның ғыл. шығармаларының жинағы 5 том болып 1779 – 85 жылы Лондонда латын тілінде басылған.[3]
2005 жылы өткізілген сауалнамаға сұралғандардың көпшілігі Ньютонның ғылым тарихына жасаған ықпалы Альберт Эйнштейндікінен әлдеқайда күшті болған деп ойлайтындарын айтқан.[4]
Мазмұны
[жасыру]
1Кембридждағы өмірбаяны
2Шығармашылығы
3Тағы қараңыз
4Дереккөздер
5Сыртқы сілтемелер
Кембридждағы өмірбаяны
1664 жылы Кембридж университетінің бөлімшесі Тринити колледжін бітірді
1665 жылы бакалавр дәрежесін алды
1669 жылы Кембридж университетінің профессор және физика-математика кафедрасының меңгерушісі болды
1672 жылы 1 қаңтарда Лондон Корольдік қоғамының мүшесі болып сайланды (1703 жылдан өмірінің соңына дейін президенті болды)
Шығармашылығы
1687 жылы “Табиғат философиясының математикалық негіздері”
1704 жылы “Оптика”
1672 жылы ″Жарық пен түстің жаңа теориялары”
1684 жылы ″Дененің орбитадағы қозғалысы″
1707 жылы “Әмбебап арифметика”
1728 жылы “ Әлем жүйесі ”
Достарыңызбен бөлісу: |