Фразеологизмдердің тілдік-стильдік айшықты бірліктері Фразелоогизмдер – қазақ ұлттық тілінің ең шұрайлы бөлігі.
Қазақ тілі ғылымындағы фразеологияға қатысты еңбектердің қай-қайсын алып қарасақ та олардың ең басты көңіл бөліп, арнайы көрсеткен мәселесі – фразеологизмдердің синонимділігінің эмоционаллды-экспрессивтілігі, себебі синонимділік стилистикалық мүмкіндіктерді жеткізудің ең басты көзі бола алады, себебі “қолданыс тілі стилистикасы”, “синонимдер стилистикасы” деп те аталынады.
Бейнелі фразеологизмдер, эмоционалды-экспрессивті фразеологизмдер, стилистикалық фразеологизмдердің құрылымдық ерекшеліктері мен лексика-семантикалық өзгерісі эстетикалық қызметтің орасан күшін көрсете алады. ФТ бейнелілігі – оның негізгі стилистикалық коннотациясынан таратылғандығы. Қазақ тілінің аса бейнелі тілдік оралым болып саналатын фразеологизмдер стильдік қатарлары көркем әрі экспрессивті қасиеттерімен ерекшеленеді. Орыс тіл ғылымында және отандық тіл ғылымында фразеологизмдердің стильдік қабат құрайтындығы талас тудырғанымен, оның негізгі қызметі функциональдық стильдерде көрінетіндігін ашып айтқан болатын. Фразеологизмдерің сан алуан қасиеті – функциональды-стилистикалық, эмоционалды-экспрессивтілік, коммуникативті-прагматикалық қызметіне тікелей байланысты. Фразеологияның прагматикасы оқырманға қалай ықпал етуді көздейтіндігін анықтау мәселесін алға қоюда. Псиxологиялық зерттеулерде адам санасына таңба арқылы әсер ету екі негізгі түрге бөлінеді, бірі – сендіру, екіншісі – көндіру. Автор әр уақытта өзінің жадында тұрған ФТ эмоцилналдығын дайын күйінде жұмсауға ниеттеніп тұрады, кейде адресат ішкі сезімнің әр түрлі констрастарынан айырылу үшін кәдеге асырады. Басқа стильге қарағанда ауызекі сөйлеу стилінде ерекше мәнге ие болады. Публицистикалық стильде адресат адресаттың интеллектісіне ықпал ету үшін стилистикалық фразеологизмдерді пайдаланады. ФТ айтылуы ауызекі сөйлеуде ситуацияға қатысты болса, публицистикалық стильде контекстке және экстралингвистикалық факторлардың рөліне қатысты болып келеді. Мысалы, публицистикалық стильде сойылын соғу деген ФТ қоғамдағы саяси мәселенің арақатынасын көрсету үшін жиі қолданылса, ұнжырғасы түсу ауызекі сөйлеу стилінде жиі ұштасады.
Лексикологияның маңызы артқан сайын оның функциональдық стильдердегі коммуникативтік, көркемдік-эстетикалық қызметі айқындала түсетіндігі.
Фразеологизмдер тілде мағыналық тұрғыдан лексикологияның, құрылымдық, тұтастық жағынан синтаксистің, көріктеу құралы ретінде экспрессивті стилистика саласында зерттелуде. Фразеологизмдерді тек тілші ғалымдардың еңбектерінде талдау өз алдына үлкен жіктеу болып табылса, әдебиетшілер тарапынан ауыз әдебиетінің кіші жанры ретінде, философтар тарапынан философиялық-танымдық тұрғыдан қарастырылып келеді. Қазақтың ұлттық әдеби тілінің нормалары оның ұлттық сипатынан шығады. Қазақ тілі – аса бейнелі көркем тіл. Бейнелі фразеологизмдердің шексіздігі синонимдік қатарларының молдығы, тілдік бірліктердің көріктеу амал-тәсілдер болуға қабілетті күшті екендігімен ерекшеленеді.
Фразеологиялық тіркестердің тіл мен сөйлеу стилистикасы арасында маңызды айырмашылық бар. Публицистикалық стильде жазылатын шығармалар тілінде тұрақты тіркестер прагмастилистикалық бағдармен көрінеді.
Фразеологизмдердің эмоционалдық қасиеті оның барлық стильдерде еркін қолдануына тежеу салады. Фразеологизмдер эмоционалды бірліктер тудыратын сөздер болғандықтан, ресми стильде қолданбайды. Стилистикалық мағына екінші болғандықтан, кейінгі қазақ ұлттық әдеби тілінің жандануында, яғни функциональдық стильдерде сөздер мен фразеологизмдердің жаңа мағынасы туындайды. Тілдегі эмоционалды мағына бірінші болғандықтан, екінші стилистикалық мағына ауысу заңды құбылыс.
Ұлттық сипатымен ерекшеленетін тілдік бірліктер функциональдық стильдері сараланған тұста өзінің ерекшеліктерінің арасында өзінің даму, тұрақтану сияқты қызметімен көріну әлеумет тарапынан сұраныс тудырып отыр.
ФТ көркем әдебиетте эмоционалды-экспрессивті әрі прагматикалық қызмет атқарады. Ғылыми, ресми стильде тұрақтанған, өзгермейтін сипатқа ие болса, ауызекі стильде эмоционалдық сипаты ерекше байқалып тұрады, ал, публицистикалық стильде қолдануы жағынан логикалық мәнге ие болып, оны ұтымды жеткізуге әрі тұрақты тіркестің астарлы мағынасы арқылы автор ой сен сезімнің тоғысуын ең тиімді тілдік тәсіл, яғни фразеологизммен жеткізуді мақсат етеді.
Лексикалық синонимдерге қарағанда мағыналас фразеологизсдердің мағына жақындығы мен стильдік әсері көбінесе бір дәрежеде сақталуға тырысады. Бір пікірлерді жинақтай келе айтпағымыз, синонимдес фразеологизмдер бір-бірінен стильдік қолданылуы мен эмоционалды-экспрессивті әсері жағынан ерекшеленеді деген қорытынды шығады.
Қазіргі уақытты фразеологизмнің функциональдық-стильдік мағынасын былайша топтастырады:
Фразеологизм (фразеологиялық бірлік) – семантикалыш тұрақты байланыста болатын сөйлемдер мен сөздердің тіркесуі. Фразеологизмдердің негізгі және универсал қасиеттері – бейнелілік болуы немесе семантикалық транспозиция тұрақтылығы, стилистикалық коннотацияны құрауы прагмастилистикалық мақсатқа сай үйлестірілуінде. Фразеологиялық тіркестердің стильдік түрленудің кез келген стиль аясында қолданылуы өзінің күрделілігімен, қызмет аясының шексіздігімен ерекшеленеді. Фразеологиялық тіркестер лексикалық-семантикалық топ, бір-бірінен мағынасы өте жақын сөздер, өзара түйісіп жаңа мағыналық тіркестер құрай отырып, одан басқа ұтымды, ойлы, бейнелі уағыздаушы мағына туғызады. Фразеологиялық тіркестер өмір, қоғам, түйіндеуге негіздейді. Жалпыxалықтық тілдердегі ФТ қазіргі көркем әдебиетте қолданылуы жағынан өзгешелігін бақылауға болады. ФТ стильдік мақсатта қолдану әр жазушының xалықтық тіл байлығын пайдаланудағы өзіндік қолтаңбасына байланысты болса, екіншіден, сол дәуір, қоғам, қоғамдағы орта, адамдардың әлеуметтік жағдайына үйлестіре, соның әлеуметтік тынысын көрсетуімен жиі қолданысқа түседі. Көркем әдебиет – өз дәуірінің айнасы, сол дәуір тынысын адамдардың жан-дүниесінің нәзік қатарларын беруде ФТ ерекше рөл атқарады.