Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Сұраулы сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметі



бет50/54
Дата27.11.2023
өлшемі422,04 Kb.
#193722
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
Ä. À. ?ëêåáàåâà ?àçà? ò³ë³í³? ïðàãìàñòèëèñòèêàñû

Сұраулы сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметі

Сөйлемнің айтылу мақсатының әр түрлі сипаттарына қарай жауап немесе кейде сөйлеушінің өзі жауабын таныту қызметіне байланысты сөздер тізбегі сұраулы сөйлемдердің негізін құрайды.


Жалпы тіл білімінде стилистика және тіл мәдениетіне қатысты қаралатын медитативті сұрақ деген атаумен аталатын сұраулы сөйлем түрлері бар. Медитативті сұраулы сөйлемдер “ ойлану - толғану” сұрақтары деген мағынаны білдіреді, бұл сұрақта адрессант өзінің тыңдаушысынан жауап алуды көздемейді; адресанттың өзіне – өзі қарап айтқан сұраулы. Медитативті сұрақтар ауызекі сөйлеуде, ресми стильдің публицистикалық стильдің ауызша және жазбаша түрінде көркем әдебиет стиліндегі лирикалық кейіпкер тілінде жиі байқалады.
Сұраулы сөйлемдер функциональдық стильдердің барлық түріне тән болғандықтан, олардың әрқайсысында ерекше өзіндік белгілермен анықталып отырады. Ауызекі сөйлеу стилінде ол барлық іс – әрекеттің амалын, себебін, мақсатын білдіруге, көруге, анықтауға, түсінуге,мағұлмат алуға жұмсалынады.
Ресми стиьде ол негізінен ресмилік ақиқат – мәліметтің қоғамдағы реттеуші, басқарушы, жабдықтаушы, орындаушы міндетін анықтау мақсатында қолданылады.
Публицистикалық стильдегі сұраулы сөйлемдердің негізгі қабылдауы белгілі хабарламалық және прагматикалық аспектіге негізделеді. Тіл мен сөйлеуді байланыстыратын бір ғана негізделетін сөйлеу әрекеті. Сөйлеу әрекетінің тікелей қолданысында немесе оны айту мақсатының астарында әр түрлі әрекеті, сұраулы міндеті тұрады. Адресанттың сұрақ қоюы субъективті, стилистикалық бағалаушы категорияға негізделеді. Адресант өз сұрағының негізінде прагматикалық мақсатын еш жасыра алмайды, сұрақ арқылы басқа сұрақтың жауабын да іздейді; ал адресат тарапынан алынған “жауап” сөйлеушінің сұрағын қанағаттандыруды да мүмкін, керісінше болуы да ықтимал.
Адресант – логикалық ой жүйесін түзуші, субъект интеллектуалды болмыстың жасалуы объективті, концептуалды – фактілік сипатына байланысты оның әлеуметтік нақты сұрағы (сұраулы сөйлемдері) прагматикалық мәселені көтереді. Қоғамдағы келеңсіз әрекеттердің себебін іздейді, неге сұрағының төңілегінде ой өрбітіп, көпшілікке әлеуметтік және психологиялық ықпал ету күшін көрсетеді.
“Жас Алаш” газетінің бір ғана номерінде (20 қаңдар 2005) мақала тақырыбының өзінде – ақ риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер жиі кездеседі. Мысалы: Құлмаханов көке, Халқыңызға бір қарайлап қойсаңыз қайтеді? Шетелдік инвистицияның қазаққа пайдасы бар ма? Біздің елде мешіт салудың машақаты көп немесе Тараз мұсылмандарының маңдайы қашанғы тасқа тиеді? Ананас қандай жеміс? Синоптиктің қазақшасы не? Немесе қазақ радиосындағы қазақтарға қазақ тілі керек пе? Каспийде қуаныш болуы мүмкін ба? Мұнай кеніштерінде жер сілкінісінің қаупі бар ма? Алматыда қаншалық? Біз нені білуге тиіспіз? Күннің бетіндегі қандай дақ?
Осындай 14 сұраулы сөйлем қоғамының сан – салалы қызметінің әр түрлі көкейтесті мәселелерінің сырын ашуда тақырыптың өзінде ерекше стильдік мән – мағына алып отыр. Публицистикалық стильге арналған мәтінде субъект қоғамның имиджін, қабылдаудың интерпретациялық имиджін сұраулы сөйлемдер арқылы айрықша стильдік құалға айналдырады.
Адресант белгілі қоғамдық өмірдің өкілі ретінде реалды шындықты іздеу мүмкіндіктерін қарастырады, жеке тұлғаны да толғандыратын мәселеге қоғамдық тұрғы деңгейіндегі реалды шындықпен көзқарастарды жинақтап, қоғам болмысының көрінісінде жауап іздейді, соның ақиқатына жауап алу мақсатын көздейді, сондықтан әр түрлі сұраулы сөйлемнің стилилистикалық қызметі жеке мәнері қолданысқа түседі. Кез келген стильдің аясында сұраулы сөйлемдер адамның сұраныс көзқарасының белгісіздігін ассоциациялайды.
Ғылыми стильде сұраулы сөйлемдер ғылыми талас тудырған мәселені шешуде қолданылады: “Біріккен сөздерді қалай жазуымыз керек?” (М.Балақаев). Сұраулы сөйлемдердің астарында болжам мен күдік, ақиқат пен шындық сияқты мәселелердің негізгі шығу көдерін іздеуге жетелейтін прагматикалық мақсат жатады, соған итермелеген сұрақтың жауабын алуды адресант өзіне міндет етеді. Сұраулы белгісі күдіктің барлық мағынасын бере алады, реалды ақиқатты табуға ниеттенеді .
Ауызекі сөйлеу стилінде интонация арқылы сұраулы сөйлемнің стильдік бояуы әр түрлі ренкте көріне алады. Автор сұрай отырып өтінішін қанағаттандырады немесе күдікті сейілту міндетін көздейді, дұрыс жауаптың шешімін іздейді, өз ойының дұрыстығына көз жеткізу сияқты мүмкіндіктерді ашады. Сұраулы сөйлемдерде сұрақ берген адресанттың түпкі ойының прагматикалық мақсаты да ашылып отырды.
Тілдік қолданыста сұралуы сөйлемдердің қызметі сан алуан, ол хабарлап отырған нәрсені талап етіп қана сұрау мақсатын көздемейді, өз ойын жеткізуде сұраулы сөйлемді стилистикалық тәсіл ретінде пайдаланады.
Автордың өз ойын дәл нақты жеткізу үшін оқырман назарын аудару мақсатында сұраулы сөйлемдерді қолданады. Ол сол сұрақ арқылы айтылар ойдың негізгі түп қазығын тани да, әрі қарай сол сұрақтың жауабын алған соң өз ойын жалғастырады. Сұраулы сөйлемдердің басты мақсаты өмірдің әр түрлі құбылыс болмысының ақиқат- шындығын тану үшін әрі сұраушының танымдық дәрежесін көрсету үшін де қолданылады. Сұраулы сөйлемдер кейде хабарлау, пікірін жеткізуді көздейді. Адам ойының нағыз шындығын тек ақиқатқа негіздеген тұжырымына белгілі бір нәрсе жайында ойлау оның жауабын табу, сұрау, анықтау негізінде көз жеткізуге болады. Сұраулы сөйлемдердің табиғатының ашылып саралануы көркем әдебиет стилінде ерекше көркемдік танытады, оны бөліп әңгіме ететін нысандардың бірі деп санауға болады. Сұраулы сөйлемдердің жалпы тілдік қолданыстағы интанация арқылы, сұрау есімдіктері, сұраулы шылаулары немесе кейбір көмекші етістіктер мен қосымшалардың жалғану арқылы жасалуын көркем тілде экспессивті қызметке қолданады.
Көркем әдебиет стилінде өлең шумақтарында сұраулы сөйлемдер қатарларының экспрессивтік мәні ұлғая түсуін жүйелі түрде аңғаруға болады. Мен туғалы ағарып көп таң атты, Қараңғылық жер бетін талай жапты. Ес білгелі алыстым өмірменен Ырық бермей қайғырды, ол не тапты? (Мағжан).
Автор бұл шумақта соңында ғана сұраулы есімдігі мен етістік тіркесін қолдану көркем контекстің экспрессивтік мәнін арттырып, сұраулы сөйлем өмір концептінің негізгі мәнін айқындау үшін қолданады.
Автордың адам өмірінің күрделі кезейдерінде адресатқа мән бергізу үшін әрі оның мақсатын анықтау жолындағы кішігірім контекстік көрініс – бейне тудырып отыр. Өлең жолы I – жақта баяндалып, сұраулы сөйлем сұрау есімдігі мен жедел өткен шақтың жұрнағы арқылы III жақта айтылып, авторлық ой адам болмысының, өмірінің мән-мағынасын түсіну мақсатын білдіреді. Не, кім сұрау есімдіктерінің алуан түрлі қолданысы контексте мағыналық реңк құбылыс, болмыстың құпия әлеміне жалпы танымдық ақиқатын тануға қызмет етеді. Автор бейнесі Ақылға кеш, қараң күнім, бір күні құшағына алар өлім. Қара жерді құшақтап мен жатырмын, сол кезде не деп сынар мені елім? – не сұраулы есімдігімен қатар интонациясының қызметі қосылып, риторикалық сұрақ түрлерінің сипатын танытады. Бұл өлең жолында ақынның өмірлік болмысын тану, бағалау, оның қамшының қысқа сабындай тез бір сәттік өте шығар құмырлық кезеңіндегі мен не істедім, мен өзіме..., еліме не деп жауап берем деген есебі іспеттес жан толғанысының бір үздік сыры. Өлеңнің атында – ақ “Жан сөзі” ақынның адам жанының жалпы толғанысымен қатар өмірбаяндық нақты картинаны берудің өзіндік көркемдік шеберлігін танытады. Мағжан поэзиясының жаңашыл ерекшелігі бола отырып әрі оның өзінен кейінгі қазақ ақындарына тигізген стилистикалық әсері деп бағалауға болады.
Сұраулық тұлғалардың көркемдік қолданыс табуы Мағжанның басталмайды, қазақтың ауыз әдебиет үлгілерінде, бұрынғы ақын – жыраулар поэзиясында көп орын алғаны белгілі. Автор сұраулық қолданыс тәсілін грамматикалық тұлғаларымен әр шумақ сайын, жаңаша үлгідегі еркін үйлесімділікпен түрлендіре білді.
Болмаса қызыл гүл ед, салды дер ме? Сермеп ед қолын Айға қалды!дер ме Қажымай айға шапқан арыстан ед Сабаз – ай сол жолда мерт болды дер ме? Деген өлең жолдарында етістік тұлғасы әрі сұраулық шылау қатар келгенде сұраулық мән айқын аңғарылып тұрса да етістіктің басқа грамматикалық тұлғасының көмегіне жүгінеді. Жел еді, желді жыр ғып өтті! – дер ме? Есалаң сүйтіп еді шоқты! – дер ме? Ойы жоқ, ессіз отты тәңірі көрген – Тұншығып жат, есерім, деп күер ме?
Мұнда дер ме тұлғасын етістіктің есімше тұлғасына сұраулық сұрау тіркестерін қатар қойып болжал, күдікті білдіреді: Күн бол! – дедің, мен Күндей күлмедім бе? Күннен де астым, мен күндіз – түн дедім бе? Сұраулықтардың жасалуы түрліше мағыналық формаға әкеледі. Сұраулық сөздерге ой екпіні түседі де, сұраулық сөйлемнің сыр – сипаты ашыла түседі. Сұраулықтардың әр түрлі тұлғада келуі кездейсоқтық емес, шумақтың немесе өлең бөліктерінің негізгі мағынасын аша түсетін қызметін көтеруге болады.
Сұраулы сөйлемдер мәтін мазмұнына, идеясына, стиліне қатысты ерекше прагматикалық құрылыс . Соған орай, сұраулы сөйлемдердің сипаты, яғни грамматикалық тұлғаларының өзгеруі әр түрлі сөз табынан екндігі әсерлі ойды үдете түсуі үшін қызмет етеді.
Автор сұраулы сөйлемдердің өзіне тән грамматикалық амалдарын іріптеп алуды диалогтық ситуацияға қатысты прагматикасының астарында “ой тастау” үшін алады.
Сонымен қатар етістік тұлғасындағы негізгі сұрақ пен қатар келген сұраулы сөйлемдер іс – қимылдың сапасының себебін,болжамды, күмәнді ойлар тізбегін нақтылау үшін де қолданылып тұрғаны байқалады.
Ақынның ерекше тәнті ететіні өлең жолдарында диалогтық ситуайияда қолданылған әсерлі сөз тізбектері қызыл гүл, алтын ай, арыстан, сабаз, жел, күн т.б. бейнелеу арқылы әрі сұраулы сөйлеммен өз ойының ақиқат шындығына жету жолындағы ақынның жанын ұғып,жанына медет іздеген жан сырын тануға қызмет етеді. Сондықтан пікірлі сұраулы сөйлемдер қызмет аясы әр түрлі мақсатты сұрақ жиынтығын құрайды. Жеке суреткер тіліндегі бейнелі сұраулы сөйлемдердің типтерін олардың көп-аздығын қолдау қабілетінен байырғы қорынан қаншалықты игеріп, кәдеге асырғандығын жаңашыл үлгілерін Мағжаннан көп кездестіруге болады. Сұраулы сөйлемдердің логикалық жағынан стильдік конструкциялардың (атап айтқанда риторикалық,модальдық, балама ойға жетелейтін жанама сұрақ арқылы қолданылатын тұстары бар) толық қызметін ақынның дүниетанымдық әлемін танытатын тәсіл деп тануға болады.
Сұраулы сөйлемдерді мағыналық – стилистикалық жақтан былайша топтастыруға болады: біріншіден – риторикалық, екіншіден – символикалық,үшіншіден – экспрессивтік, төртіншіден – прагматикалық т.б.
Риторикалық деп отырғанымыз дәстүрлі сұраулы сөйлем тұлғасы арқылы хабар ретінде айтылған,символдық бейнелеу мағынасында айтылған сөздер ай , күн, жел т.б. Мысалы:жел- тағдыр,адам өмірінің символы, жел бол, - дедің жел болып еспедім бе? Ай бол – дедің ай болып жүзбедім бе? Ал стиьдік тәсіл деп тануға болатын басты тұжырым мынадай пікірге әкеледі. Олар көбіне анық сұрақ формасында көп кездесіп отырған, әрине, адамның жан сырын толғаған өлеңдердің бәріне бірдей бұл ақынның жеке стиліне тән тәсіл ретінде қызмет ететінін көруге болды. Сұраулы сөйлем арқылы ақынның айтар ойы, мақсаты, талап – тілегі, болжам, күмәні, таңырқам мен тамсану, үміт болжамы. Автор ішкі жан тербенісінен жарып шыққан сан қилы сөзін, жан жүрегін елес ұрғыздырған ой-қиял пікірін сұрай отырып, хабарлауды оқырманның “көңіл көзімен” тануға апарады.
Жел бол!- дедің , жел болып еспедім бе? Уақыт талғап, ерте я кеш дедім бе?! Ашық сұрақпен айтылған таза сұраулық мағынадағы –ма, -ме, – пе, -ба, -бе шылауларының жалғануы арқылы жасалынған сұраулы сөйлемдер реторикалық реңк алып, интоеация арқылы екпін түрде айтылатын сөйлемдер жан сұрағының көркемдік кілтін дәл береді. Заулап тұрған отқа түспедім бе ?! немесе мынау гүл, мынау күл деп таңдадым ба ?! деген өлең тармақтарында сұраулы сөйлемдер интонацияға байланысты сұраулы да , лепті ыңғаймен айтылып тұр.
Автор бұл принципті өзгеше, өз мәнеріне сала, өз сырын жаңаша оралыммен талғампаз бүниетанымдық көзқараспен жырлаған. Көркем тілдегі сұраулы сөйлемдерді сөз еткенде автор өзінің мынау жарық дүниеге, қат-қабат әлем құпиясына, адам ғұмырының жұмбақ болмысына таңырқап, таңдана қараған бітім – болмысын танытады.
Мысалы:
Болмаса басыма да бармас па екен? Атымды аузына да алмас па екен? Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған Молама көз қырын да салмас па екен? (Мағжан).
Өзіне дейінгі де, өзінен кейінгі де сөз зергерлерінен мағжантау поэзиясының шоқтығы биік тұруының себептері оның тілдік тұлғаларды еркін қолдануында. Осы сұраулы сөйлемдердің өзі етістіктің жедел өткен шақ 1 – жақта немесе оған болымсыз етістік жұрнағының жалғануы, болжаулы келер шақ есімшеге сұраулық шылаулар қосылуы әр түрлі ақын ойының прагматикалық мақсатын аша түсуге қызмет етеді. “Жан сыры” өлеңінің тағы бір құпиясы ақын адамның жеке тұлғаның тірлігіне зер салуы, өзін – өзі зерттеуі сияқты мәселені көтереді, мұның қиындығы, күрделілігі өзін – өзі тану,сынау, бағалау сияқты толғанысы іс- әрекетті айтуға мәжбүр ете отырып, мәрттігі жетсе өзін – өзі сынап, арқыпшылығын танып, бағалар тұстағы прагматикалық “әрекеті”.жалпы айтқанда адам әлеміне үңілуі еді.
Прозалық шығармаларда да сұраулы сөйлемдердің қызметі ерекше байқалып тұрады, “Шолпанның күнәсі ” әңгімесінде бір азат жолдың басталуы мен аяқталуы 16 сөйлемнен тұрса , оның 15- і тек сұраулы сөйлемде құрылған.
Бала... бала екеуінің де жоғы емес пе? Екеуінде бірдей керек байлам емес пе? Сәрсенбай сол ортақ жоқты неге бірге іздеспейді? Баласыз өмірдің бос екенін неге сезбейді ол? Ол неге сол іздеу отына Шолпанмен бірге түспейді, бірге жанбайды? Еркек атаулы бала дегенде, ішкен асын жерге қойғанда. Сәрсенбай неге бала деп аузына алмайды? Әлде... әлде... жоқ... болмас...болмас...кім біледі...жоқ... ендеше, ол неге бала іздемейді?
Неге... неге...шынында ол, әлде бедек еркек пе екен? Тәңірім, тәңірім...егер ол шынында, ол бедек болса... құлшылықтың кемдігінен,құшақтың салқындығынан болмай, Сәрсенбайдың бедеулігінен болса? Бес жылдан бері Шолпанның жүрегіне түскен жара мәңгі жазылмайтын жара болғаны ма? Жайнамаз үстіне төгілген ыстық жастар, жалынды құшақтар, отты сүюлер, бәрі әсерсіз желге кеткені ме? Бала деген құр сөз болып, сағым қиял болып қалғаны ма? Енді қалған өмірдің жапырағынан айырылған қайыңдай жап – жаңаша болып озғаны ма? Жалынды махаббатпен қосылған өмір ендеше, осы батып бара жатқан өмір кемісін бақыт жарына кім сүйреп шығарады?
“Қазуқ тілі стилистикасы” оқулығында сұраулы сөйлемдердің стильдік мінері туралы былай делінген: “Қазақ тілі білімінде болымсыз сұлғалы сөйлемдерді болымды етіп айтудың стильдік қызметі ерекше екендігі белгілі. Болымды сөйлемдерді болымсыз етіп айтудың қызметі де ерекше болып келеді. Солар арқылы йтылатын болымды хабар әдетте өтірік тілдіктің, эмоцияналды сезімінің нысаны болып табылады”.
Міне осындай тәсіл, яғни сұраулы сөйлемді қолдануды айрықша мәнге құралған.
Мысалы:Су бол! – дедің, сылдырлап ақпадым ба? Жылындай жүз бұралып жатпадым ба? Ерікті еріксіз суынан татар жанды Сиқырлап сылдырменен таппадым ба?
Ата – анаңнан без? – дедің безбедім бе? Қаңғырып, талай жалғыз кезбедім бе?
Басыма талай қара күндер туды, Ата – ана, туысқанда іздедім бе? (Мағжан).
Өлең жолдарындағы жиі кездесетін сұраулы сөйлемдер адамның ішкі сезімінің сан алуан мүмкіндіктерін көрсетуге арналған.
Кейде өлең жолдарында болымсыз сұраулы сөйлемдер айтылғанымен, ойды қорытындылайтын, тиянақтайтын сөйлеидерге аяқталатын кездері болады. Болымды сөйлем арқылы өмір құбылыстары ақиқатқа негізделінгендіктен, оған сөйлеушінің субъективті көзқарасы баяндалса, болымсыз сұраулы сөйлемдердің қызметі ерекшеленгендіктен, негізгі ой оның артында айтылмаса да айтылып тұратыны белгілі.
Күн бол! – дедің , мен Күндей күлмедім бе? Күннен де астым, мен күндіз түн дедім бе? Күн тәкәппар. Мен көппен құшақтастым, Бұл ісімді күндікке мін дедім бе? Жыла дедің, талай жас төкпедім бе? Дария болды көз жасым, көп дедім бе?
Жасым бітсе, қып – қызыл қан жыладым, Жыламаймын, көзде жас жоқ – дедім бе?!
Осындағы күлмедім бе, күндіз түн дедім бе?, мін дедім бе, көпдедімбе, көп дедім бе, дедім бе деген тіркестердегі аяқталған сұраулық мағыналы сөйлемдер кейбіреулердің іс – әрекетінен іске асырылғанын көрсетеді.Күн бол дедің, мен күндей күлдім дегенде келесі жолдағы күннен астым, мен күндіз – түн деген өзінің іс- әрекетінің мақсатының орындалғанын толық сеніммен дәлелдегенін көрсетеді.Кейіпкер атынан хабарларға тиісті ой тікелей сұраулы сөйлем түрінде келеді де,риторпкалық (шешендік) сұрақ түрінде мақсатты ойдың жарыққа шығуына ерекше әсер етеді.Жоғарыда келтірілген өлең жолдарында автор болымды және болымсыз етістіктің қатысуымен жасалған сұраулы сөйлемдерде бұрынғы болмаған әдеби тілдік қолданысты, жаңаша тәсілді қолданған.Біріншіден,сұрақ-жауап беру мақсатын көздесе.Екіншіден,бір шумақтағы алдыңғы өлеңнің екі жолына шумақтың 3-4 жолдарын қарама-қарсы қою мақсатын көздеген,қарама-қарсы философиялық категория болғандықтан,ол стилистикалық әсер беру категориясын да қамтамасыз ете алады.
Жоқты іздеп тап!-дадің сен,таппадым ба?Сен Айға шап!-дегенде,шаппадым ба?Не керек,бар бұйрығыңды орындадым! Сұм, жүрек, сол қызметімді ақтадың ба?(Мағжан).
Поэтикалық тілде сұраулы сөйлемдер әр түрлі мағыналық, стильдік қызмет атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет