«Пинг-пингтік дипломатия» - қарама-қайшылықтан жақындасуға жол іздеген 60-70 ж.ж.американ-қытай қатынастарының шартты атауы.
Плацдарм – шабуыл жасау үшін қолайлы қарсыласушы мемлекеттің әскелерін дайындау үшін соғыс барысында иеленген территория бөлігі.
Президенттік республика– президент атқарушы билікке қоса заң шығарушы биліктің бір бөлігіне де кең құқықтар иеленген басқару түрі.
Протекторат – мемлекет-протектор (яғни қорғаушы) тәуелді мемлекеттің (протектораттың) саяси және экономикалық дамуының негізгі мәселелерін шешуді өз мойнына алған отаршылдық тәуелділік формасы.
Популизм (латынша – «халық») – қатты әлеуметтік қарама-қайшылықтар кезінде, қоғамның дамуының дағдарысы тұстарында қоғамның тауқымет шеккен кейбір топтарының әлеуметтік-саяси үмітін білдіретін идеялық және саяси қозғалыстар. Популистік қозғалыстарға қарапайым адамдардың мүдделерін қорғаушы жігерлі жетекшілердің айналасына бірігу, олардың сөзіне ұйып құлақ асу және әрекеттерге жігерлену тән болып келеді.
Радикализм(латынша – «түбегейлі») – мәселелерді шешуде, қоғамда өзгерістер жүргізуде батыл әдістер қолдану, іс-әрекеттердің батыл қолданылуы.
Репарация – шабуылға ұшыраған мемлекетке агрессор-мемлекеттің материалдық шығынын толтыруы. Бұл шығын бейбіт келісімнің талаптары бойынша ақшалай немесе басқа формада өтеледі.
Референдум– мемлекеттік билікке маңызды мәселелерді шешуге бағытталған жалпыхалықтық дауыс беру (мысалы, конституцияны қабылдауға).
СЕАТО – 1954 ж. құрылған, Оңтүстік-Шығыс Азия туралы шарт ұйымы. Оған АҚШ, Англия, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Пакистан, Таиланд және Филиппин кірді.
СЕНТО - 1955 ж. құрылған, Орталық шарт ұйымы. Англия, Түркия, Ирак, Пакистан және Иран енді. Алғашында «Бағдат пактісі» деп аталды. 1959 ж. Ирак шығып кеткен соң СЕНТО деп аталады.