Д. Б. Абулкасова (қолы) (аты-жөні)


«Пинг-пингтік дипломатия»



бет41/93
Дата05.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#16438
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93
«Пинг-пингтік дипломатия» - қарама-қайшылықтан жақындасуға жол іздеген 60-70 ж.ж.американ-қытай қатынастарының шартты атауы.
Плацдарм – шабуыл жасау үшін қолайлы қарсыласушы мемлекеттің әскелерін дайындау үшін соғыс барысында иеленген территория бөлігі.
Президенттік республика – президент атқарушы билікке қоса заң шығарушы биліктің бір бөлігіне де кең құқықтар иеленген басқару түрі.
Протекторат – мемлекет-протектор (яғни қорғаушы) тәуелді мемлекеттің (протектораттың) саяси және экономикалық дамуының негізгі мәселелерін шешуді өз мойнына алған отаршылдық тәуелділік формасы.
Популизм (латынша – «халық») – қатты әлеуметтік қарама-қайшылықтар кезінде, қоғамның дамуының дағдарысы тұстарында қоғамның тауқымет шеккен кейбір топтарының әлеуметтік-саяси үмітін білдіретін идеялық және саяси қозғалыстар. Популистік қозғалыстарға қарапайым адамдардың мүдделерін қорғаушы жігерлі жетекшілердің айналасына бірігу, олардың сөзіне ұйып құлақ асу және әрекеттерге жігерлену тән болып келеді.
Радикализм (латынша – «түбегейлі») – мәселелерді шешуде, қоғамда өзгерістер жүргізуде батыл әдістер қолдану, іс-әрекеттердің батыл қолданылуы.
Репарация – шабуылға ұшыраған мемлекетке агрессор-мемлекеттің материалдық шығынын толтыруы. Бұл шығын бейбіт келісімнің талаптары бойынша ақшалай немесе басқа формада өтеледі.
Референдум – мемлекеттік билікке маңызды мәселелерді шешуге бағытталған жалпыхалықтық дауыс беру (мысалы, конституцияны қабылдауға).
СЕАТО – 1954 ж. құрылған, Оңтүстік-Шығыс Азия туралы шарт ұйымы. Оған АҚШ, Англия, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Пакистан, Таиланд және Филиппин кірді.
СЕНТО - 1955 ж. құрылған, Орталық шарт ұйымы. Англия, Түркия, Ирак, Пакистан және Иран енді. Алғашында «Бағдат пактісі» деп аталды. 1959 ж. Ирак шығып кеткен соң СЕНТО деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет