Тақырып: Африка: саяси және әлеуметтік процесіндегі жаңа тенденциялар.
Дәрістің мақсаты: Тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі Африка елдерінің даму ерекшеліктерін айқындау.
Тірек сөздер: империализмнің отаршылдық жүйесінің күйреуі, ұлт-азаттық қозғалыстар, отарлардың тәуелсіздігін жариялауы, «Африка жылы».
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
ІІ д.ж. соғыстың нәтижелері және Африка елдері.
Ұлт-азаттық қозғалыстардың өрлеуі.
Тәуелсіз жас мемлекеттердің пайда болуы.
ІІ д.ж. соғыстың аяқталуы Африканың саяси картасын іс жүзінде өзгерткен жоқ, бірақ отаршылдық экономиканың дамуына айтарлықтай түзетулер енгізіп, Африка қоғамының дәстүрлі әлеуметтік құрылымының құлдырау процесін тездетті. ІІ д.ж. соғыс кезеңіндегі және соғыстан кейінгі Африкадағы ұлт-азаттық күрестердің басты үш кезеңін бөліп көрсетуге болады:
40 ж. – 50 ж. аяғына дейін. Африка халықтарының отаршылдарға «бейбіт» ықпал етуі, күрестің қарапайым – ереуілдер, шетелдіктер тауарларына байкот жариялау, митингілер және демонстациялар т.б. сияқты түрлерін қолдану.
50 ж. аяғынан - 60 ж. ортасына дейін. Бұл кезең отаршылдыққа қарсы қарсылықтардың даму кезеңі, көпшілік африкалық елдердің тәуелсіздік алуымен аяқталады.
60 ж. ортасынан – 80 ж. аяғына дейін. Португалиялық отарлардағы Африка халықтарының және Африканың оңтүстігіндегі – Зимбабве мен Намибия, сондай-ақ ОАР-ғы нәсілдік режимге қарсы қарулы күрестермен байланысты.
1960 ж. тарихқа «Африка жылы» деген атаумен енеді, себебі сол жылы 17 Африка елі тәуелсіздігін жариялайды. Тропикалық Африкадағы отаршылдық жүйеден алғаш болып босатылған елдердің бірі – Алтын жағалау болды. 1957 жылы 6 наурызда Алтын жағалау өзін Гана мемлекеті деп жариялайды. Кваме Нкрума оның тұңғыш президенті болып жарияланады. 1960 жылы 1 қазанда Африкадағы халқы жөнінен ең үлкен отар – Нигерия тәуелсіз мемлекет болды. Шығыс Африкадағы ағылшын отарларынан бірінші болып Танганьика территориясы тәуелсіз болды, ал 1962 жылы Занзибар азат етілгеннен кейін унитарлы мемлекет – Біріккен Танзания Республикасы құрылады. Оны Африкадағы азаттық қозғалысының көрнекті өкілдерінің бірі – Джулиус Ньерере басқарады. 1962 жылы қазан айында – Уганда, ал 1963 жылы желтоқсанда – Кения тәуелсіздігін алады.1960 жылдың аяғында Францияның 12 отары және екі қарамағындағы мемлекет тәуелсіз мемлекетке айналады. 1960 жылы 30 маусымда Бельгия үкіметі Конгоға тәуелсіздігін беруге мәжбүр болады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
ІІ д.ж. соғыс Азия және Африка елдерінің саяси картасына қандай өзгерістер енгізді?
ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Шығыс елдерінің ұлт-азаттық қозғалысының тарихын неше кезеңге бөлуге болады?
Неліктен 1960 ж. «Африка жылы» деп аталады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Новейшая история Африки.М.,1968
История стран Азии и Африки в новейшее время.Ч.ІІ М.,1979.
Хрестоматия по новейшей истории. Ч.ІІ. М.,1969.
Новейшая история стран Азии и Африки.ХХ век. Под ред. Родригеса. М.,2001. Ч.ІІ.
Уинстон Черчилль. Индия, Судан, Южная Африка. М., 2004.
15 апта.
Дәріс №15
Тақырып: Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
Дәрістің мақсаты: КСРО құлағаннан кейінгі тәуелсіз ҚР-ның сыртқы саясатының басты бағыттарын айқындау, талдау.
Тірек сөздер: Қазақстан Республикасы, БҰҰ, Түркия, АҚШ, Экономикалық Одақ.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
ҚР-ның тәуелсіздігін жариялауы.
Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық.
ҚР-ның сыртқы саясаты.
ҚР-ның тәуелсіздігінің жариялануы. Қазақстан және д.ж. қауымдастық. Қазақстанда Үндістан, Түркия, АҚШ, Иран елшіліктерінің ашылуы. Қазақстанның европалық саясат аймағына тартылуы. Қазақстанның Қытаймен және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысы. ҚР-мен жасалған келісімдер және олардың стратегиялық маңызы. Экономикалық Одақтың құрылуы (1993 ж.). ҚР-ның ядролық саясаты және Азиядағы қауіпсіздік. Қазақстан-2030 бағдарламасы және оның маңызы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Внешняя политика Казахстана. А.,1999.
Внешняя политика стран Азии. М.,1983.
Назарбаев Н.А. На пароге ХХІ века. А.,1996.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.
«Қазақстан-2030». А.,1997.
6.Семинар сабақтарының жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Семинар сабағының мазмұны
|
Апта
|
Әдебиеттер
|
1
|
Қытай халқының жапон империалистеріне қарсы ұлт-азаттық соғысы.
|
Соғыстың басталуы, себептері. Азат етілген аудандар.
Қытайдағы Жапония саясаты.
Гоминьданның саяси және экономикалық дағдарысы.
Соғыстың шешуші кезеңі және оның маңызы.
|
1
|
1,3,2,4,5
|
2
|
Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Жапония.
|
Жапонияда демократиялық қозғалыстардың өрлеуі (1920-1922).
Фашистік ұйымдардың құрылуы және олардың қызметі.
Коноэ үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.
ІІ д.ж. соғыс жылдарындағы Жапония.
|
2
|
5,6,12,14,10.
|
3
|
І д.ж. соғыстан кейінгі Үнді халқының ұлт-азаттық күресі.
|
Ұлт-азаттық көтерілістің себептері, басталуы.
«Азаматтық бағынбау қозғалысының» принциптері.
1928-1929 жж. Бомбейдегі ереуілдер. Мирут процесі.
1945-1947 ж.ж. Үндістандағы Англия саясаты.
|
3
|
1,5,2,8,15
|
4
|
Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Оңтүстік-Батыс Азия елдері.
|
Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялауы.
20-30 ж.ж. Иранның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
Түрік халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Түркияның Республика болып жариялануы. Кемаль Ататүрік және оның үкіметінің реформалары.
Екі д.ж. соғыс аралығындағы Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің сыртқы саясаты.
|
4
|
2,6,8,11,14
|
5
|
Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Таяу Шығыс елдері.
|
Палестинаны сионистік отарлау. 20-30 ж.ж. ұлт-азаттық қозғалыстар.
Ирактағы ағылшын оккупациясы және оның салдарлары. Мандаттық жүйе кезіндегі Ирак.
Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Египеттегі ұлт-азаттық қозғалыстың күшеюі.
Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Израиль.
|
5
|
1,4,5,7,9,13
|
6
|
Екі д.ж. соғыс аралығындағы Тропикалық және Оңтүстік Африка елдері.
|
Империалистік державалардың Африканы бөлуді аяқтауы.
Оңтүстік-Африка Одағы.
Апартеид жүйесі, расистік мемлекеттің қалыптасуы.
Панафрикандық қозғалыс.
|
6
|
4,5,9,10
|
7
|
ІІ д.ж. соғыс және Шығыс елдері.
|
ІІ д.ж. соғыс жылдарындағы Шығыс елдерінің экономикалық және саяси жағдайы.
Таяу Шығыстағы соғыс қимылдары.
Жапония және Тынық мұхитындағы соғыс.
Кеңес Армиясының Қиыр Шығыстағы азаттық әрекеттері.
ІІ д.ж. соғыстың Шығыс елдері үшін қорытындылары.
|
7
|
2,3,6,8,9,12
|
8
|
1950-2005 жж. ҚХР.
|
1.ҚХР-дің социалистік құрылысқа өтуі. Конституцияның қабылдануы.
2.ҚКП-ның 8 съезді және оның шешімі. «Үлкен секіріс» және «халық коммунасы» саясаты.
3. «Мәдени революция» және оның зардаптары.
4. ҚКП ОК 3 пленумы.Вьетнаммен әскери қақтығыс.
5.ҚКП 13 съезі.ҚХР реформа жылдарында.
|
8
|
5,6,9,8,12,17
|
9
|
1950-2005 жж. Жапония
|
1.Көппартиялық жүйенің қалыптасуы. Социалистік-демократиялық партиясы. Комэйто.
2.1960-70 жж. Ішкі саяси жағдай. «Фукуда доктринасы».
3.1970 ж. Жапон-американ қайшылығы. Қытаймен елшілік қатынастың орнауы.
4.1980 ж. Парламенттік сайлау. «Санкция» саясаты. Накасонэ үкіметі.
|
9
|
1,12,14,18
|
10
|
ХХ ғ. ІІ жартысындағы Үндістан.
|
1.1959 ж. Конституция. Елдегі ұлт мәселесі.
2.1960-70 жж. Ішкі және халықаралық жағдай.Пакистанмен қарулы қақтығыс.
ҮҰК-ның таратылуы.1971 ж.парламенттік сайлау. 1975 ж. Төтенше жағдай.
4.1980-90жж. Үндістан. И.Гандидің «жасыл революциясы».Сыртқы саяси бағыт негіздері.
|
10
|
2,3,4,6,9,14
|
11
|
1945-1990ж.ж. Пакистан.
|
1.ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Пакистанның саяси және экономикалық дамуы.
2.1958ж. төңкеріс. Үнді-Пакистан қақтығысы.
3.Шығыс Бенгал халқының ұлт-азаттық қозғалысы.
4.80-90ж.ж. Пакистан.
|
11
|
2,5,6,9,10
|
12
|
1978-1979 ж. Ислам революциясы.
|
Шах режимінің дағдарысы және революциялық жағдайдың қалыптасуы.
Халық көтерілістерінің басталуы, жүру барысы.
Революция барысында құрылған партиялар мен партиялық ұйымдар.
Революцияның тарихи маңызы.
|
12
|
11,12,13,19, 21
|
13
|
1950-2005 жж. Түркия
|
1.Демократиялық қозғалыстардың өрлеуі.ДП-ның билікке келуі.
2.1961 ж.Конституция.Тюркеш. Н.Эрбакан.
3.С.Демирел бастаған Әділет партиясының биліктен кетуі.
4. Эрвеннің басшылығымен Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің билікке келуі.Жаңа Конституция.
5.1983 ж. Парламенттік сайлау.Т.Озал.Т.Чиллер.
|
13
|
3,4,9,14,15
|
14
|
Таяу Шығыс мәселесі.
|
Израиль мемлекетінің құрылуы.
1956 ж. Суэцк дағдарысы.
1967 ж. араб-израиль соғысы.
1973 ж. араб-израиль соғысы.
|
14
|
3,6,9,13,14
|
15
|
ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Африка елдері.
|
ІІ д.ж. соғыстан кейінгі халықаралық жағдай және Батыс Африка елдері(Нигерия, Эфиопия, Заир).
Африкадағы жас мемлекеттер халықаралық қатынастар жүйесінде.
Тәуелсіз Африка мемлекеттерінің конференциясы (1958, 1960. 1963).
Авторитарлық билік мәселелері және демократияның дамуы.
|
15
|
1,3,6,7,11,13
|
7. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:
Мақсаты мен міндеттері.
Студенттердің өзіндік жұмыстары студенттердің оқу процесінің барысында алған білімдерінің деңгейін және оларды практикада қолдана алу шеберлігін анықтайтын оқу процесінің маңызды факторы болып табылады.
Студенттердің жеке жұмыстарына мыналар кіреді:
-өткен дәріс материалдарын дәріс конспектісі, оқулықтар мен әдебиеттер бойынша оқу;
-үй тапсырмаларын орындау;
- семинар сабақтарына дайындалу;
-семестрлік тапсырмаларды орындау;
-реферат жұмыстарын орындау мен оларды қорғауға даярлану.
Жеке жұмыстарға уақыт шектелген. Сондықтан студенттер жеке жұмыстарды орындау дағдыларын меңгеруге ұмтылу, өнімді жұмыс істеуге үйрену, жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін мезгілінде демалу, жеке жұмыстарын орындауды тиімді жоспарлау керек.
Жеке жұмыстарын жоспарлауға студенттерге оқу жылының басында берілетін студенттердің жеке жұмыстарын орындау кестесі көмек береді. Кестеде семестрлік, не жылдық орындау керек жұмыстардың көлемі, саны мен тапсырмалар мазмұны, орындау мерзімі көрсетіледі. Кесте студентке өз уақытын дұрыс бөлуге, ырғақты жұмыс істеуге және орындау мерзімін сақтауға көмектеседі.
2. Өткен материалдарды қайталау.
Өткен материалдармен қайта жұмыс істеу жеке жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалды қаншалықты терең және толық қайталаса, соншалықты жеке жұмыстардың басқа түрлерін орындау жеңіл болады.
Бірінші дәрістен бастап өткен дәріс материалдарымен жүйелі және үнемі жұмыс жасау келесі дәріс материалдарының мазмұнын және семинар сабақтарының материалдарын түсінуге қажетті жағдайды туғызады.
2.1. Дәріс мазмұнымен танысуға кіріспес бұрын мынаны орындау керек:
-жұмыс орынын анықтау (егер үйде немесе жатақханада қажетті жағдай жоқ болса, онда оқу залының қызметіне жүгінген жөн) қажет;
-дәріс конспектісі болуы қажет;
-оқып жатқан пән бойынша оқу бағдарламасы болуы керек;
-дәріс бойынша берілген әдебиеттердің болғаны жөн;
2.2. Жұмыс істеу әдістері.
- жақында еске сақталған мәліметтер бойынша мақсатты түрде дәріс материалдарын қайта өңдеу(кейінге қалдыруға болмайды, дәріс мазмұны ұмытылып қалуы мүмкін);
-конспектімен жұмыс істеу барысында әдебиетке сілтеме істеген жөн, қажетті толықтыруларды енгізу мен қате кетсе түзету енгізу(бұл емтиханға даярланғанда қажетті болады);
-тақырыппен жұмыс істеу материалды толық түсінгенше және есте сақтағанша жүзеге асады. Ол оқулықтар мен әдебиеттерде көрсетілген мысалдар мен міндеттерді өңдеген соң аяқталады;
-егерде тақырыппен жұмыс істеліп болған түсініксіз мәселелер бойынша сұрақтар туындаса, онда оларды келесі дәріс барысында оқытушыға қоюға болады;
2.3. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын орындату жұмысының мақсаты-практикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді пайдалана алу дағдысы мен шеберлігін меңгерту болады.
-үй тапсырмасын орындауды осы тақырып бойынша өткізілген дәрістен соң бастаған жөн;
-тапсырманы орындаған немесе міндеттерді шешкен кезде оның мазмұнын сараптап алып, дәріс материалдарын немесе оқулықтар материалдарын пайдалану арқылы тапсырманы дұрыс орындау ережесін таңдап алу керек;
-соңында қол жеткізген нәтижелерді сараптау қажет.
2.4. Семинар сабақтарына дайындық.
Дәрісте алған білімді бекіту мен тереңдету үшін семинар сабақтарын өткізу қарастырылған. Семинар сабақтарына даярлану кезінде:
-сабақ тақырыбы бойынша курстың теориялық бөлігін өткен сабақтарда қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып зерттеу керек;
-семинар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік оқу құралдарын немесе тапсырмаларды басшылыққа ала отырып осы тапсырманы орындауға бөлінген уақытты тиімді пайдаланған жөн.
1. 1895ж Симоносеки келісімі бойынша Жапонияға қай елдер тиесілі болды?
а) Симоносеки
б) Янцзы, Ляодун, Тайвань.
в) Эдо, Осака, Тайвнь.
г) Ляодун, Пенхуледао, Тайвань
2. Мамлюктер дегеніміз кімдер?
а) құлдар
б) феодалдар
в) халықтың төменгі тобы.
г) шетелдіктер
3. « Гоминдан » партиясы қашан құрылды, жетекшісі кім?
а) 1913ж наурыз Ю.Шикай
б) 1913ж мамыр Л.Сючен
в) 1912ж тамыз С.Ятсен
г) 1910ж сәуір К.Ювей
4. ХІХ ғ. 70-ж. Иран қандай империалистік державаның тәуелді отарына айналды?
а) Англия, Ресей
б) Франция, Испания
в) АҚШ, Ресей
г) Франция, Англия
5. Дурраний мемлекетінің өмір сүрген жылдары.
а) 1749-50
б) 1810-20
в) 1716-41
г) 1747-73
6. Жас түріктер билік басында қай жылдар аралығында болды?
а) 1909-18
б) 1900-11
в) 1912-19
г) 1911-18
7. Қытайдағы 1919 ж. «4 мамыр қозғалысы» деген не?
a) Жасырын монархиялық бірлестік.
б) Армияның саяси ықпалдылық үшін күресі.
в) Студенттердің, жұмысшылардың және интеллигенцияның антиимпериалистік қозғалысы
г) Оңтүстік аудандардағы шаруалар көтерілісі.
8. 1920 ж. тәуелсіз Түркия мемлекетін алғаш мойындаған қай ел?
a) Дания.
b) Ресей
c) Германия.
d) Армения.
9. ХХ ғ. 30 ж. бірінші жартысында барлық Қытай территориясындағы саяси жағдайға ықпал еткен маңызды фактор?
a) Орталық және Оңтүстік Қытай провинциясындағы гоминьдан мен компартия арасындағы азаматтық соғыс
b) Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс.
c) Компартия жетекшісі Сунь-Ятсеннің өлімі.
d) Қытай Коммунистік партиясының құрылуы.
10. БҰҰ Бас Ассамблеясы Палистинаға британ мандатын жою және екі мемлекетті – Араб және Израиль мемлекеттерін құру туралы шешімді қашан қабылдады?
a) 1949 ж.
b) 1944 ж.
c) 1946 ж.
d) 1947 ж
11. Мына оқығалардың қайсысы бұрын болды?
a) Африкада 17 мемлекеттің тәуелсіздігін алуы.
b) Тәуелсіз Бангладеш Халық Республикасының жариялануы.
c) Тунистің тәуелсіздігін жариялауы
d) Кенияның тәуелсіздігін алуы.
12. Араб – Израиль жанжалының себептері?
a) Еврейлердің тарихи отанына оралып, ұлттық мемлекет құру ниеті.
b) Интифада – арабтардың еврей қоныс аударуына қарсылық көрсетуі.
c) БҰҰ-ң 1947 ж. Палестинаны Израиль еврейлік мемлекетіне және араб Палестинасына бөлу туралы шешімі
d) Таяу Шығыс жанжалына АҚШ пен КСРО-ның араласуы.
13. Тәуелсіз Африка мемлекеттерінің 1958 ж. сәуірде өткен І Африка конференциясында қандай мәселе қаралды?
a) Африка елдерінің аграрлық мәселелері.
b) Экономикалық дамуды арттыру мәселесі.
c) Империализмге және барлық материкте отаршылдыққа қарсы күрес мәселесі
d) Ұлттық өндірісті жетілдіру мәселесі.
14. ІҮ араб-израиль соғысы қашан болды?
a) 1967 ж. 5-сәуір.
b) 1968 ж. 12-қазан.
c) 1971 ж. 3-қазан.
d) 1973 ж. 6-қазан
15. 1955 ж. құрылған Бағдат пактісінің құрамына енген мемлекеттер:
a) Түркия, Ирак, Англия, Пакистан, Иран
b) Ирак, АҚШ, Англия, Пакистан.
c) Түркия, Пакистан, Ирак.
d) АҚШ, Англия, Ирак,
16. «Неоколониализм» саясатының мәні:
a) Отарлық империя шеңберінде өзін-өзі басқару құқығына ие болған отар елдер.
b) Адаммен, мемлекетпен және т.с. қандай да болсын қарым-қатынасты тоқтатудан тұратын күрестің бір түрі.
c) Тәуелсіздіктің бір түрі, бір мемлекет қорғау деген сылтаумен басқа мемлекетті ішкі саяси дербестігінен айырады
d) Жас мемлекеттердің саяси тәуелсіздігін ресми түрде ғана танып, империалистік экономикалық қанауды сақтауға бағытталған шаралар жүйесі
17. ІІ д.ж. соғыстан кейін алғашқы 5 жылда Азия және Африкада қанша тәуелсіз мемлекет пайда болды?
a) 50
b) 27
c) 13
d) 10
18. 1947 ж. Жапония конституциясының 9- бабының негізгі мазмұны:
a) Император – «мемлекет символы».
b) Заң шығару билігін парламент іске асырады.
c) Соғыстан және халықаралық дауларды шешудің құралы ретінде қарулы күштерді қолданудан бас тарту
d) Парламент үкіметтің құрамын бекітеді.
19. Ауғанстанға кеңес әскерлері қашан енгізілді?
a) Желтоқсан, 1979 ж
b) Мамыр, 1980 ж.
c) Қыркүйек, 1980 ж.
d) Қаңтар, 1979 ж.
20. 80-ші жылдардың басында әлі де империализмнің отаршылдық жүйесінде болған елдерді атаңыз?
a) Индонезия, Гуам аралы, Бруней.
b) Сирия, Ливан, Гонконг.
c) Намибия, Гонконг, Бруней
d) Алжир, Тунис, Намибия.
8. Типтік есептік-графикалық, лабораториялық, курстық жұмыстар мен жобаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар – жоспарланбаған.
9.Студенттердің өз бетімен жұмыстануына арналған материалдар.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:
Мақсаты мен міндеттері.
Студенттердің өзіндік жұмыстары студенттердің оқу процесінің барысында алған білімдерінің деңгейін және оларды практикада қолдана алу шеберлігін анықтайтын оқу процесінің маңызды факторы болып табылады.
Студенттердің жеке жұмыстарына мыналар кіреді:
-өткен дәріс материалдарын дәріс конспектісі, оқулықтар мен әдебиеттер бойынша оқу;
-үй тапсырмаларын орындау;
- семинар сабақтарына дайындалу;
-семестрлік тапсырмаларды орындау;
-реферат жұмыстарын орындау мен оларды қорғауға даярлану.
Жеке жұмыстарға уақыт шектелген. Сондықтан студенттер жеке жұмыстарды орындау дағдыларын меңгеруге ұмтылу, өнімді жұмыс істеуге үйрену, жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін мезгілінде демалу, жеке жұмыстарын орындауды тиімді жоспарлау керек.
Жеке жұмыстарын жоспарлауға студенттерге оқу жылының басында берілетін студенттердің жеке жұмыстарын орындау кестесі көмек береді. Кестеде семестрлік, не жылдық орындау керек жұмыстардың көлемі, саны мен тапсырмалар мазмұны, орындау мерзімі көрсетіледі. Кесте студентке өз уақытын дұрыс бөлуге, ырғақты жұмыс істеуге және орындау мерзімін сақтауға көмектеседі.
2. Өткен материалдарды қайталау.
Өткен материалдармен қайта жұмыс істеу жеке жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалды қаншалықты терең және толық қайталаса, соншалықты жеке жұмыстардың басқа түрлерін орындау жеңіл болады.
Бірінші дәрістен бастап өткен дәріс материалдарымен жүйелі және үнемі жұмыс жасау келесі дәріс материалдарының мазмұнын және семинар сабақтарының материалдарын түсінуге қажетті жағдайды туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |