Тірек сөздер: 1925-1927 ж.ж., азамат соғысы, Гоминьдан, «ықпал ету аймағы», Париж конференциясы, Чан Кайши.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытайдың саяси-экономикалық жағдайы.
1925-1927 ж.ж. революция және азамат соғысы.
Буржуазиялық-помещиктік Гоминьдандық диктатураның орнатылуы.
Дүниежүзілік тарихтың қазіргі заман кезеңі басталған уақытта Қытай экономикалық жағынан артта қалған жартылай феодалдық және отар ел ретінде қала берді. Империалистік державалар Қытайды жартылай отар елге айналдырып, оны «ықпал ету» аймағына бөліп алды. Ел экономикасында шетел монополиясы үстемдік құрды. Фабрика-завод өнеркәсібі өнімі Қытай экономикасының азғантай ғана бөлігін құрады. Қазіргі жобадағы өнеркәсіп орындары негізінен Шанхайда, Тяньцзинде, Циндаода, Гуанчжоуда (Кантонда), Ханкоуда және басқа бірнеше қалаларда орналасты.
Европалық империалистік державалар І д.ж. соғысқа тартылған мезгілде Қытай ұлттық өнеркәсібі салыстырмалы түрде жылдам дамуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде Қытай өнеркәсіп пролетариатының саны өсіп, 1918 жылы ол шамамен 2 млн. адамды құрады. І д.ж. соғыс жылдары Қытайда шетелдік империализм мен феодалдық құрылыс үстемдік еткен жағдайда ұлттық өнеркәсіптің дамуы елдегі қарама-қайшылықтарды шиеленістерді. Қытайда революциялық жағдай қалыптасады. 1919 жылы патриоттық қозғалыстар басталып, оған Париж бейбіт конференциясының Шаньдун провинциясына қатысты шешімі себеп болады. Бұл Қытай провинциясы ХІХ ғ. аяғында Германияның «ықпал ету аймағына» айналған болатын. І д.ж. соғыс жылдарында Шаньдунға жапон империалистері орнығады. Қытай халқы соғыс аяқталған соң Шаньдунда Қытай суверинететі орнайды деп үміттенеді. Алайда АҚШ, Англия, Франция империалистері Қиыр Шығыста Кеңестік Ресейге қарсы күш ретінде пайдалану үшін Шаньдун провинциясын Жапонияға береді. Париж конференциясының Шаньдун туралы шешімі Қытай халқының наразылығын туғызады. Алғаш болып 1919 жылы 4 мамырда Пекин студенттері демонстрацияға шығады. Маусым айының басында патриоттық интеллигенция мен студенттердің қозғалысы халықтың басқа да топтарын, оның ішінде жұмысшылар тобын қамтып, одан әрі кеңейе түседі.
1925 жылдың жазында революциялық жағдай Қытайдың басты орталықтарын қамтиды. 1925 жылы 30 мамырда ағылшын полициялары демонстрацияға қатысушыларға оқ атып, империалистермен арадағы қатынас шиеленісе түседі. 30 мамырдағы атыс толқу туғызып, 1925-1927 ж.ж. революция басталады.
1927 жылғы төңкерістен кейін гоминьдан буржуазияның, помещиктердің, «жаңа милитаристердің» көзқарасын жақтаған, жұмысшылар мен шаруалардың революциялық қозғалыстарына қарсы күрескен басты партияға айналады. Елді біріктіру деген ұранды желеу еткен Чан Кайши 1927 жылы жазда Солтүстік қытайды бақылап отырған ескі милитаристерге қарсы жорығын жандандырады. 1928 жылы маусымда гоминьдан әскері Пекинді алады. 30 ж. І жартысында барлық Қытайдағы саяси жағдайға ықпал еткен маңызды фактор – Орталық және Оңтүстік Қытайдағы гоминьдан мен компартия арасындағы азаматтық соғыс болды.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
І д.ж. соғыс кезінде Қытайға Жапонияның ықпалы қандай?
«21 талапта» қантай талаптар қойылды?
І д.ж. соғыстан кейінгі Қытайдың саяси даму жағдайы қандай?
30 ж. І жартысында Қытайдың саяси дамуына қандай жағдайлар өз әсерін тигізді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
История стран Азии и Африки в новейшее время. М.,1976
Новейшая история Китая. 1917-1977 г. М.,1978.
Васильев Л.С. История Востока. М., 1994.
Новейшая история Китая. М.,1972.
Родригес А.М. Новейшая история стран Азии и Африки. ХХ век. М.,2000.
Очерки по новой и новейшей истории Китая. М.,1954
3 апта.
Дәріс №3
Тақырып: Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қытай Халық Республикасының орны мен рөлі.
Дәрістің мақсаты: ІІ д.ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қытай Халық Республикасының орнын айқындау.
Тірек сөздер: 1949 ж, Қытай Халық Республикасы, Мао Цзэдун, Дэн Сяопин, «Мәдени революция», «Үлкен секіріс».
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
ІІ д.ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар және Қытайдағы ішкі саяси жағдай.
70 ж. Қытай-американ қатынастары.
Қытай және д.ж. қауымдастық.
ІІ д.ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар және ішкі жағдайы. Социалистік құрылысқа көшу. Кеңес-Қытай келісімі және оның маңызы (1950 ж.). Қытайдың Болгариямен, Румыниямен, Польшамен, Чехословакиямен., ГДР-мен және т.б. елдермен дипломатиялық қатынастарын орнатуы. Қытай-американ қатынастары. Тайвань мәселесі. Маоизм кезіндегі қытай. Мао Цзедунның сыртқы саяси концепциялары. Мао Цзедунның агрессиялық сыртқы саясаты. Қытай және д.ж. қауымдастық. Қытай және БҰҰ.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1946-1949 ж.ж. азамат соғысының нәтижелері қандай?
Қытай Халық Республикасы қашан жарияланды?
ҚХР-ның мемлекеттік құрылымы қандай?
70 ж. кеңес-қытай қатынастары қандай болды?
ХХ ғ. соңындағы Қытайдың д.ж. халықаралық қатынастаға орны?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Новейшая история Китая. 1917-1977 г. М.,1978.
Родригес А.М. Новейшая история стран Азии и Африки. ХХ век. М.,2000. Ч.ІІ.
Хрестоматия по новейшей истории. М.,1961.
Тихвинский С.Л. История Китая и современность. М.,1976
Белов Е. Чжоу Энлай – первый премьер нового Китая . Азия и Африка сегодня. 1997 № 10.
4 апта.
Дәріс №4
Тақырып: 1918-1940 жж. Халықаралық қатынастар және Жапония.
Дәрістің мақсаты: Екі д.ж. соғыс аралығындағы Жапонияның саяси, әлеуметтік-экономикалық жаму ерекшелігі.
Тірек сөздер: Жапонияның агрессиялық саясаты, «солтүстік территориялар» мәселесі, «21 талап», Танака меморандумы, Хасан және Халкин Гол.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
І д.ж. соғыстан кейінгі Жапонияның экономикалық және саяси жағдайы.
20-30 жж. сыртқы саясаты.
Танака кабинетінің агрессиялық саясаты.
Жапон-американ және жапон-ағылшын шиеленісініңі өрлеуі.
Жапонияның билеуші топтары І д.ж. соғысты Қытайда және Қиыр Шығыстың басқа да елдерінде өз позицияларын нығайту үшін пайдаланды. Бұл өнеркәсіп пен сауданың өсуіне және монополистік компанияларға ірі табыстарды қамтамасыз етуіне алып келді. І д.ж. соғыс аяқталғаннан кейін Жапония Россияның Приморье бөлігін, Шығыс Сібірді, Сахалиннің солтүстігін басып алу үшінбатыл әрекеттер жасады. Бұл әрекеттер барысында қарапайым халық зардап шегіп, басып алынған территориялырдыталан-таражға салуға кіріседі. Алайда Қызыл армияның әрекеттерінің нәтижесінде және партизандық күрестің етек алуына байланысты 1922 ж. Жапон интервенттері Сібір мен Қиыр Шығыстан қуылады. Сахалиннің солтүстік бөлігін олар Жапония мен КСРО арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан кейін 1925 ж. ғана азат етеді. І д.ж. соғыстан кейін империалистік державалардың Тынық мұхит ауданында ықпал ету үшін күресі шиеленісті. Ағылшын-жапон одағында Жапониямен байланысты болған АҚШ-ты, да, Англияны да І д.ж. соғыс жылдарында Қиыр Шығыста өз позициясын нығайтқандығын мойындағысы келмеді. Осындай жағдайда 1921 ж. қараша айында шақырылған Вашингтон конференциясында Тынық мұхит және Қиыр Шығыс мәселесі бойынша жаңа қатынастар айқындалды: АҚШ өз бәсекелестерін ығыстырып, Тынық мұхит аймағындағы елдерге ену үшін тиімді экономикалық және саяси жағдай қалыптастырады.
Кеңестік Қиыр Шығыста жапон интервенциясын талқандағаннан кейін Кеңес үкіметі бірнеше рет КСРО мен Жапония арасында өзара жақсы қарым-қатынастарды орнатуды ұсынады. Бірқатар капиталистік елдермен дипломатиялық қатынастардың орнатылуына байланысты Кеңес мемлекетінің экономикасының өсуі, оның саясаттағы жетістіктері Жапонияның билеуші топтарын кеңес-жапон қатынастарын орнатуға итермеледі. 1925 ж. 20 қаңтарда Пекинде өзара қарым-қатынастардың негізгі принциптері туралы кеңес-жапон конвенциясына қол қойылды. Екі ел арасында дипломатиялық және елшілік қатынастар орнатылды.
30 ж. басында соғыс қаупінің екі ошағы қалыптасты. Қиыр Шығыстағы соғыс қаупін Жапония тұтандырды. 1931 жылы қыркүйекте Жапония Қытай провинциясы Маньчжурияны оккупациялады. Күрделі қарама-қайшылықтарды кездестірмеген жжапон әскерлері азғантай уақыт ішінде барлық Солтүстік-Шығыс Қытайды басып алды. 1932 жылы қаңтарда Жапония Шанхайды басып алуға әрекет жасайды.
1927 жылы жапон экономикасы қаржы дағдарысын бастан кешеді, бұл еңбекшілердің онсыз да ауыр жағдайын одан әрі шиеленістіреді. Осындай жағдайда 1927 ж. көктемінде Сейюкай партиясының жетекшісі - генерал Танака кабинеті билікке келеді.1937 жылы 7 шілдеде жапон қарулы күштерінің Солтүстік Қытайға шабуылы басталады. Қытайға жапон империалистерінің баса көктеп кіруі батыс державалары тарапынан ешқандай қарсылыққа ұшырамайды. Жапон агрессиясын Кеңес Одағына қарсы бағыттауды мақсат еткен АҚШ пен Англия олардың ісіне "араласпау" позициясын ұстанады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
І д.ж. соғыс кезіндегі Жапонияның агрессиялық саясаты туралы не айтасыз?
30 ж. Жапонияның сыртқы саясаты қандай?
ІІ д.ж. соғыс қарсаңындағы Жапония сыртқы саясатының негізгі бағыттары қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Кузнецов Ю.Д. и др. История Японии. М.,1988.
Очерки по новой и новейшей истории Японии. М.,1978.
Международные отношения на Дальнем Востоке. Ч.1-2. М.,1973
Хлынов В. и др. Япония. Государство и экономика. Азия и Африка сегодня. 1997 №10.
История Японии. М.,1978 г.
Эйдус Х.Т. История Японии с древнейших времен до наших дней. М.,1968.
5 апта.
Дәріс №5
Тақырып: ІІ д.ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Жапония.
Дәрістің мақсаты: Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Жапонияның орны мен ролі.
Тірек сөздер: Потсдам декларациясы, Сан-Франциско конференциясы, 1947 ж. Конституция, Кеңес-жапон, кеңес-американ қатынастары.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Американ оккупациясы және Жапонияның экономикалық және саяси дамуы.
Либерал-демократтардың жаңа саясаты.
Жапония сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
Жапониямен соғысқа КСРО-ның араласуынан және оның әскерлерінің Квантун армиясын талқандауынан кейін Жапонияның билеуші топтары Потсдам конферециясының капитуляция туралы талабын орындауға мәжбүр болады. Осыдан кейін одақтас державалар атынан әрекет жасаған американ әскерлері Жапонияны оккупациялайды. Осы кезден бастап 1952 ж. Сан-Франциско бейбіт келісімі күшіне енгенге дейін елдегі жоғарғы билік АҚШ-тың қолында болады. Жапонияның мемлекеттік құрылымын өзгертудегі маңызды шара 1946 жылы 3 қарашада жаңа конституцияның қабылданып, 1947 жылы 3 мамырда күшіне енуі болды (қазіргі кезге дейін қолданылып келеді). Конституция абсолюттік монархияны жариялап, императорды саяси биліктен шеттетіп, оны тек «ұлт бірлігінің символы» деп жариялады. Жаңа конституция бойынша әйел адамдарға ерлермен бірдей сайлау құығы берілді. Парламенттің жоғарғы палатасы сайланбалы болды және «Кеңесшілер палатасы» деген атауға ие болды. Төменгі палата (өкілдер палатасы) жоғарғы палатамен салыстырғанда біраз артықшылықтарға ие болды.
Жапония сыртқы саясатының негізі АҚШ-мен арадағы қатынастарға негізделген. 1987 ж. Жапонияның «жұлдызды соғысқа» қатысуы туралы бағдарламаға қол қойылады. 1975 ж. қарашасынан бастап Жапония неғұрлым дамыған капиталистік елдердің жыл сайын өтетін кездесулерінің үздіксіз қатысушысына айналады («Жетілік елдер»). 1997 ж. күзінде АҚШ мен Жапонияның әскери министрлері мен сыртқы істер министрлері Вашингтонда жапон-американ «қауіпсіздік келісіміне» негізделген әскери бірлестігінің жаңа бағыттарын айқындаған жаңа келісімге қол қояды. 1996 жылы Жапонияның Азия елдеріне шығарған экспорт көлемі оның АҚШ мен Европаға шығарған экспортының 188,8 млрд. доллардан асып түсіп, 192,8 млрд. долларды құрады. Токио, әсіресе сыртқы саясатында Пекинмен байланысын реттеуге көп көңіл бөледі. Бұл екі ел арасындағы тауар айналымы 60 есе өсіп, 1972 жылы 1,1, млрд. доллардан 1996 жылы 62,4 млрд.-қа дейін жетеді.
Жапония сыртқы саясатындағы маңызды мәселе Кеңес Одағымен арадағы байланыстарды реттеу болып отыр. 1952 жылы КСРО Сан-Франциско келісіміне қол қоюдан бас тартады. Кейіннен екі ел дипломатиялық қатынастарды қайта жандандыру туралы, соғыс жағдайын тоқтату туралы келісіп, 1957 жылы сауда келісімі жасалады. Алайда әлі күнге дейін «солтүстік территория» мәселесінің сақталуына байланысты келісімге қол қойылмай отыр (Жапония 1945 ж. заңсыз түрде тартыпалынған Итуруп, Кунашир, Шикотан және Оңтүстік Куриль аралындағы Хабомал жоталарының қайтарылуын талап етуде).
1997 жылы күзде Красноярскіде Ресей президенті Б.Н.Ельцин мен Жапония премьер-министрі Рютаро Хасимото кездесуінен кейін д.ж. екі ел 2000 ж. бейбіт келісім жасайды деп жарияланады. Алайда ол жүзеге асқан жоқ. 1998 жылы сәуірде жапон-ресей келіссөздерінің барысында Ельцин бейбіт келісім емес, Россия мен Жапония арасында ынтымақтастық, бейбітшілік және достық туралы келісім жасауды ұсынады. Бұл ұсыныс Жапония тарапынан қолдау таппайды. Рютаро Хасимото жетекшілігімен экономикалық салада өзара қарым-қатынас жасау туралы бағдарлама қабылданады («Ельцин – Хасимото жоспары»).
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
ІІ д.ж. соғыстың Жапонияға әсері қандай?
1947 ж. конституция бойынша Жапонияның мемлекеттік құрылымы қандай?
Қай жылы Жапония «жұлдызды соғысқа» қатысуы туралы келісімге қол қояды?
90 ж. ІІ жартысындағы Жапонияның экономикалық даму көрсеткіші туралы не айтасыз?
Жапония мен Ресей арасындағы халықаралық деңгейдегі келіссөздерге қашан қол қойылды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Кузнецов Ю.Д. и др. История Японии. М.,1988.
Очерки по новой и новейшей истории Японии. М.,1978.
Международные отношения на Дальнем Востоке. Ч.1-2. М.,1973
Хлынов В. и др. Япония. Государство и экономика. Азия и Африка сегодня. 1997 №10.
История Японии. М.,1978 г.
Эйдус Х.Т. История Японии с древнейших времен до наших дней. М.,1968.
Петров Д. В. Внешняя политика Японии после ІІ мировой войны. М.,1975.
Вербицкий С.И. Японо-американский военно-политический союз (1951-1970 гг.). М.,1972.
6 апта.
Дәріс №6
Тақырып: 1918-1945 ж.ж. Үндістан.
Дәрістің мақсаты: Екі д.ж. соғыс аралығындағы Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың өрлеу себептері, азаматтық бағынбау тактикасының кезедерін ашып көрсету.
Тірек сөздер: Монтегю-Челмсфорд, М.Ганди, «Азаматтық бағынбау» тактикасы, Ұлттық Конгресс.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Британ отаршыл үкіметінің саясаты.
"Үнді Ұлттық Конгресі" және М.Ганди.
ІІ д.ж. соғыс қарсаңындағы Үндістанның саяси және экономикалық дамуы.
І д.ж. соғыс Үндістанда әлеуметтік-экономикалық қатынастардың өрлеуіне алып келді, бұл өз кезегінде үнді халқы мен ағылшын империалистері арасындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуін туғызды. Үнді буржуазиясы соғыс жылдарында жылдам қарқынмен дамуға мүмкіндік алады. Әсіресе мақта-қағаз өнеркәсібінің түсімі артты, бұған соғыс тапсырыстарының молдағы және ағылшын матасының импортының қысқаруы себеп болады. І д.ж. соғыс жұмысшылар тобының жағдайын одан әрі қиындатты.
Ағылшын отаршыл үкіметі Үнді халқын езгіге салып, олардың онсыз да ауыр жағдайын қиындатып жіберді. 1918-1921 жж. ұлт-азаттық қозғалыстардың өрлеуіне Үндістандағы отаршылдық жағдайды одан әрі нығайтқан Монтегю-Челсмфорд реформалары септігін тигізді. Бұл заң бойынша полиция мен отаршыл билікке шектен тыс артықшылықтар берілді. Олар үкіметке қарсы қозғалысқа қатысты деген кез-келген күдіктіні тұтқындап, сотқа беруге құқылы болды.
Соғыстан кейін Конгрестің буржуазиялық жетекшілері тек қана жаппай қозғалыстардың көмегімен империализмді шектеуге болады деген шешімге келеді, сондықтан Ұлттық Конгресс жаппай күресті өрістетуге кіріседі. 1916 ж. бастап Ұлттық Конгрестің жетекшісі болып М.Ганди сайланады. Үнді ұлттық буржуазиясының болашақ идеологы ретінде, Ганди барлық таптар мен үнді қоғамындағы топтарды ағылшын империализміне қарсы күреске біріктіруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Ұлттық Конгресс 1930 жылы қаңтар айында М.Ганди ұсынған 11 пункттен тұратын өз талаптарын қояды. Алайда ағылшын үкіметі бұл талаптарды орындаудан бас тартады. Осы кезден бастап М.Гандидің жетекшілігімен азаматтық бағынбау ісі басталады. Ағылшын үкіметі бұл әрекеттерді террор арқылы басуға ұмтылады. 1930 жылы мамыр айында Ұлттық Конгресс заңнан тыс деп жарияланып, М.Ганди, М.Неру және Дж. Неру т.б. Конгресс жетекшілері, сонымен қатар 60 мыңнан астам қозғалысқа қатысушылар тұтқындалады.Үкіметтің қатаң репрессияларының нәтижесінде 1931 жылдың алғашқы айларында жаппай империалистерге қарсы бағытталған қозғалыстар біртіндеп бәсеңдей бастайды.Осындай жағдайда 1931 жылы наурызда Үндістанның вице-королі лорд Ирвин мен азаматтық бағынбау компаниясының жетекшісі М.Ганди арасында келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде "Дели пактісі" деп аталған құжатқа қол қойылады. М.Ганди азаматтық компаниясын тоқтатуға және "дөңгелек үстел" конференциясына қатысуға келіседі. Үкімет репрессияны тоқтатуға, соғыс жағдайы туралы Жарлықты жоюға және тұтқындағылардың көпшілігін босатуға міндеттенеді. Ұлттық Конгрестің мүшелерінің көпшілігі және оның жетекшілері келіссөздермен келіспейтіндіктері жөнінде мәлімдейді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Ұлт-азаттық қозғалыстардың негізгі орталықтары мен себептері?
М.Ганди қай жылдан бастап азаматтық бағынбау компаниясын бастайды?
«Дели пактісі» атты құжатқа қашан қол қойылды және ол не туралы?
ІІ д.ж. соғыс қарсаңындағы Үндістанның сыртқы саясаты туралы не білесіз?
М.Гандидің ел тәуелсіздігі жолындағы күрестегі ролі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Уинстон Черчилль. Индия, Судан, Южная Африка. М., 2001 г.
Антонова К.А. История Индии. М.,1973.
Володин А.Г. Индия: становление институтов буржуазной демократии. М.,1989.
Новейшая история Индии. М.,1973
Новая и новейшая история стран Азии и Африки. (под ред. Розалиева Н.). М.,1988.
7 апта.
Дәріс №7
Тақырып: Қазіргі замандағы дүниежүзілік саясаттағы Үндістанның рөлі.
Дәрістің мақсаты: ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Үндістанның тәуелсіздігін жариялауы, тәуелсіздігін алғаннан кейінгі Үндістанның саяси даму ерекшеліктері, д.ж. халықаралық қатынастағы орны.
Тірек сөздер: Раджендра Прасад. Дж. Неру, Үнді Ұлттық Конгресі, Лок сабха, Раджья сабха, «5 принцип».
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
Үндістанның тәуелсіздігін жариялауы.
«Коломбо жоспары» және оның маңызы (1954 ж.).
50-70 ж.ж. Үндістанның саяси және экономикалық дамуы.
80-90 ж.ж. сыртқы саясаты.
1947 жылы 15 тамызда Үндістанның тәуелсіздігі туралы Заң күшіне енеді, ол боынша Үндістанға Британ бірлестігі шеңберінде доминион статусы берілді. Елдің мемлекеттік-құқықтық құрылымына енгізілген өзгертулер оның жаңа тарыхының бастамасы болды. Құрылтай жиналысы өз заңдарын шығару құқығына ие болды.
Үндістан тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі алғашқы жылдарда бірқатар әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүреді. Осындай өзгерістер қатарына жекелеген ұлттық аудандардың орта және ұсақ буржуазиясын нығайту жатады. Бұл жағдай осы аудандардың ішкі рыногында бір жағынан, ірі буржуазиямен арадағы бәсекелестік күрестің шиеленісуіне, екінші жағынан, ұсақ және орта буржуазияның күресінің шиеленісуіне алып келеді. Осы аталған процесс Үндістандағы штаттарды ұлттық және лингвистикалық негізде қайта құру қозғалыстарын дамытудың басты себебіне айналады. Ірі капиталистік монополиялық буржуазияның күштеуімен Үнді үкіметі және Үнді Ұлттық Конгресі жетекшілері елді тілдік (лингвистикалық) белгілері бойынша қайта құрудан бас тартты. Алайда жаппай күрестердің дамуы нәтижесінде үкімет кейбір талаптарды орындауға мәжбүр болады. 1953 жылы Үндістанның оңтүстігінде тұңғыш ұлттық штат – Андхра Прадеш құрылады. Елдің тұңғыш президенті болып Раджендра Прасад, ал премьер-министр болып – Джавахарлал Неру тағайындалады.
1950 жылы 26 қаңтарда Конституция күшіне еніп, бұл күн Республика күні деп жарияланады. Конституция бойынша Үнді Одағы тәуелсіз парламенттік республика деп жарияланады. Мемлекет басшысы – президент – зор артықшылықтарға ие болады: ол қарулы күштердің бас қолбасшысы, премьер-министрді және орталық үкімет министрлерін тағайындайды, конституция қызметін тоқтата алады.
Заң шығарушы жоғарғы орган екі палатадан тұратын – яғни Халықтық палата (Лок сабха) және Штаттар Кеңесі (Раджья сабха) – Орталық парламент болды. Халықтық палата тікелей сайлау жолымен бес жылға сайланады және уақыты біткен мезгілде құрамы қайта жаңғыртылады. Конституция бойынша, жалпыға бірдей сайлау құқығы енгізіліп, жасы 21-ге толған Үндістан азаматтары сайлауға қатысуға құылы болды (1988 ж. – 18 жасқа төмендетілді). Штаттар Кеңесі тұрақты орган, оның құрамының әр жыл сайын 1/3-і ауысып отырады. Кеңестің жеке депутаттары алты жылға сайланады, Кеңес еш уақытта толықтай қайта сайланбайды.
Тәуелсіз Үндістан халықаралық қатынастарда маңызды роль атқарады. Оның сыртқы саясаты империализмге және отаршылдыққа қарсы сипатқа ие болды. Оның қалыптасуына Дж.Неру үлкен ықпал етеді. Үндістан үкіметі 5 принцип (панча шила) қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болып, әскери блоктар СЕАТО мен СЕНТО қызметін айыптайды. Үндістан Үндіқытай түбегіндегі жағдайдың тұрақталуына өз үлесін қосады. 5 принцип негізінде КСРО мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастар дамиды. 1953 жылы тұңғыш үнді-кеңес сауда келісіміне қол қойылады. Содан бері Үндістан мен Кеңес Одағы арасында тұрақты экономикалық байланыстар орнатылуда. 1971 жылы тамызда бейбітшілік, достық және ынтымақтастық туралы кеңес-үнді Келісіміне қол қойылады. Бұл келісім тек қана саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың одан әрі дамуына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар Үндістанның халықаралық жағдайын нығайтады. Келісім 1971 жылы үнді-пакістан әскери шиеленісін реттеу ісінде маңызды роль атқарады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Үндістанның тәуелсіздігі туралы Заң қашан күшіне енеді?
1953 ж. Үндістанның оңтүстігінде құрылған тұңғыш ұлттық штат қалай аталады?
1950 ж. конституция бойынша Үндістаннның мемлекеттік құрылымы?
Конституция бойынша Заң шығарушы орган қалай аталады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Уинстон Черчилль. Индия, Судан, Южная Африка. М., 2001 г.
Антонова К.А. История Индии. М.,1973.
Володин А.Г. Индия: становление институтов буржуазной демократии. М.,1989.
Новейшая история Индии. М.,1973
Новая и новейшая история стран Азии и Африки. (под ред. Розалиева Н.). М.,1988.
История Востока. Под ред. Якобсона В.А. М.,1997 г.
Хрестоматия по новейшей истории /1917-1977/ М.,1961 г.
Достарыңызбен бөлісу: |