Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары



бет1/3
Дата21.07.2017
өлшемі1,27 Mb.
#21683
  1   2   3
Мазмұны
Кіріспе.............................................................................................................
І-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және

тарихи-саяси қарым-қатынастары

1.1. АҚШ пен Жапонияның тарихы және саясаты.......................................

1.2 Америка – Жапон шарттары.....................................................................

1.3 АҚШ пен Жапонияның тарихи-саяси қарым-қатынастары..................


ІІ-тарау. АҚШ пен Жапонияның экономикасы және

экономикалық ынтымақтастығы.

2.1 Америка мен Жапонияның экономикасы................................................

2.2 АҚШ пен Жапонияның экономикалық қарым-қатынастары.................

2.3. АҚШ – тың жапония экономикасына тікелей инвестициялары...........



Қолданылған әдебиеттер................................................................................

Кіріспе
Қазіргі кезде барлық мемелекеттер ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастарын айқындап, жүріп өткен жолын ой елегінен өткізуде. Барша әлем қоғамы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, сол сияқты көптеген өндіріс салаларында ұлы жетістіктерге қол жеткізуде. Сонымен бірге өркениетті елдер арасындағы халықаралық қарым-қатынастар да қарқынды түрде дамып жатыр. Америка мен Жапонияның арасындағы халықаралық қарым-қатынастар соның айғағы. Америка мен Жапонияның дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастары күннен-күнге нығая түсуде. Жапония Американың ең негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады.

Америка мен Жапония ынтымақтастығы - әрбір мемлекеттің ішкі және сыртқы дамуына жағдай жасайтын, басқа күштермен бірігіп әрекет етуінің, қарым-қатынастар жасауының негізгі принципі және екі жақты, көп жақты пайдалы ахуалды қалыптастырудың жолы болып табылады. Америка мен Жапонияның арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары сан алуан. Шешуші ынтымақтастық бағыттар – экономикалық ынтымақтастық, сауда, мәдени-техникалық, технологиялық және ақпараттық ынтымақтастықтардың маңыздылығы арта түсуде.

Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі. Ынтымақтастық қоғамдық қатынастардың әр түрлі деңгейінде көрінеді. Микродеңгейдегі ынтымақтастық ретінде түрлі топтардың, ұйымдардың, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың белгілі бір мәселелерді ұйымдасып шешіп отыруға ниетін атауға болады. Мезодеңгейдегі (орта) ынтымақтастық әлеуметтік топтар мен топтар, халықтар мен этностар арасындағы ортақ мәселелерді (экономикалық даму, әлеуметтік мәселелер, этн. даму) және міндеттерді шешуде бірігіп әрекет етуді жатқызуға болады. Макродеңгейдегі ынтымақтастыққа мемлекеттер, халықаралық ұйымдар арасындағы ғаламдық планетаралық мәселелерді шешуге бағытталған ұжымдық іс-әрекеттерді жатқызамыз. Ынтымақтастық қазіргі адамзаттық өзара түсінісуінің, ортақ мәселелерді біріккен әрекеттермен шешуге ұмтылуын, бейбітшілікті қамтамасыз етуінің негізгі формасы болып табылады. Сондықтан қазіргі әлемдік қатынастардағы ынтымақтастық бағыттары сан алуан. Әрине шешуші ынтымақтастық бағыттары — экономикалық ынтымақтастық, сауда, мәдени-техикалық, технологиялық және ақпараттық ынтымақтастықтардың маңыздылығы арта түсуде. Ғаламдық мәселелерді шешудегі ынтымақтастықтың халықаралық ұжымдық мақсаттарының көрінісі ретінде БҰҰ-ын атауға болады. Мысалы: Қазақстан өзінің экономикалық мәселелерін Шанхай ынтымақтастық ұйымы арқылы жүзеге асыруда. Ал мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарт ұйымы арқылы шешуде. Ынтымақтастық - әрбір мемлекеттің ішкі жәке сыртқы дамуына жағдай жасайтын, басқа күштермен бірігіп әрекет етуінің, қарым-қатынастар жасауының негізгі принципі және екі жақты, көп жақты пайдалы ахуалды қалыптастырудың жолы болып табылады.

І-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары.

1.1. АҚШ пен Жапонияның тарихы және саясаты.

Тарихы. Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. X ғ. Колумб Американы ашқаннан кейін (1492-1503) 16 ғ-да Англия, Испания, Нидерланды, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғ-дың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғ-дың басында Америкада ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларында нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық дамыды және біртұтас Солтүстік америкалық ұлт қалыптасты. Алайда бұл жерлерде экономиканың жедел дамуына ағылшын отаршыларының саясаты кедергі келтірді. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775-83). 1776 ж. 4 шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітімшарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Дж. Вашингтон сайланды. 1776 ж. Құрлықаралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Т. Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды. Ол түрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілеге келтіру саясатын жүргізді. Кейбір реакциялық заңдарды жойып, армияны, флотты, мемлекеттік әкімшілікті қысқартты. Ресеймен дипломатиялық қатынас орнатты. 19 ғ-дың 1-жартысында АҚШ жері әжептәуір ұлғайды. 1803 ж. АҚШ Батыс Луизиананы, 1819 ж. Флориданы, 1867 ж. Алясканы қосып алды. 1823 ж. Монро доктринасы жарияланып, мұнда Америка және Еуропа бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға тиісті деп көрсетілді. 1809 ж. елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл іс жасырын түрде жалғаса берді, 1790 ж. АҚШ-та 760 мың зәңгі құл болса, 1860 ж. олар 4 млн-ға жетті. Ауыр езгіге және қорлауға шыдамаған құлдар көтерілістер жасады, солтүстікке қашты. Солтүстікте бірқатар штаттарда құлдық жойылды, 1860 ж. елде 488 мың еркіндік алған зәңгілер болды. [1].

19 ғ-дың 1-жартысында АҚШ-тың саяси дамуында елеулі өзгерістер болды, саяси партиялар қалыптасты (Демократиялық партия, 1828 ж.; Республикалық партия, 1854 ж.). Осы кезеңде зәңгілерді құлдықтан азат ету жолындағы күрес кең өріс алды.

Жалдамалы еңбекке негізделген Солтүстіктің экономикасы мен құлдыққа негізделген Оңтүстіктің плантациялық шаруашылығы арасындағы қайшылық 2-буржуазиялық революцияны туғызды [2].

1-дүние жүзілік соғыста АҚШ Антанта жағында болды. Соғыстан кейінгі Париж бітім конференциясында (1919) АҚШ президенті А. Вильсон халықаралық қатынастардың жаңа жүйесін жасаудың жобасын ұсынды («Вильсонның 14 пункті»). Екі дүние жүзілік соғыс аралығындағы Ф.Рузвельт әкімшілігінін реформалары АҚШ тарихында ерекше орын алды. «Жаңа бағыт» деп аталған осы реформалар елді ауыр экономикалық дағдарыстан шығарды және қоғамның демократиялануы үлгісін қалыптастырды. Рузвельт сыртқы саясатта да өзгеріс жасады. Латын Америкасында «тату көршілік», Еуропада «оқшаулану», Азияда «ашық есіктер» саясатын жүргізді. 1933 ж. АҚШ пен КСРО арасында дипломатиялық қатынастар орнады.

2-дүние жүзілік соғыс кезінде АҚШ фашизмге қарсы мемлекеттер одағын құруға белсене қатысып, Тынық мұхитта, Еуропада, Африкада соғыс қимылдарын жүргізді. Соғысқа 1941 ж. 7 желтоқсанда кірісіп, 1945 ж. 2 қыркүйекте аяқтады. Соғыстан кейін АҚШ пен КСРО бөлек-бөлек әскери-саяси одақтар құрып, дүние жүзін екі лагерьге бөлуді іске асырды. Осы «қырғи-қабақ соғыс» 80-жылдардың ортасына дейін созылды.

Трумэн әкімшілігі кезіндегі елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай. АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыстан капиталистік мемлекеттер арасында экономикалық және әскери жағынан ең көп күш жинаған қауқарлы мемлекет жағдайында шықты. Оның жері де, халқы да соғыстың зардабын тарта қойған жоқ.

Капиталистік елдердің өнеркәсіптік өндірісінің жартысынан көбі осында шоғырланды. Соғыс жылдарында өнеркөсіп өнімдерін өндіру 2 есеге дейін өсті, америка монополияларының табысы 87 млрд долларға теңелді, АҚШ қазынасында әлемдегі алтын қорының 73%-ы сақталған.

АҚШ армиясы Германияда, Жапонияда, Италияда және басқа да мемлекеттерде орналасты. Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде АҚШ-тың 500-ден астам соғыс базалары жайғастырылды. Америка мұхиттар мен теңізді билеп-төстеді. АҚШ атомдық қару шығаруда монополияға ие болды. 1945 жылы 12 сәуірде Ф.Рузвельттің қайтыс болуына байланысты жаңадан сайланған АҚШ президенті Гарри Трумэн: «АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады», - деп мәлімдеді. 1930 жылдардағы «бейтараптық» және «оқшауланушылық» келмеске кетті. АҚШ дүниежүзілік саясаттың орталығына айналды [3].

Реконверсия деп аталатын бейбіт өмірге көшу мемлекеттік саясатта және ондаған миллион америкалықтардың өмірінде шұғыл бетбұрыс жасады. Миллиондаған солдаттар өздерінің отбасына, қоғамдық өмірге қайтып оралды. 1947 жылы 12 млн солдаттан армия қатарында 1 млн адам ғана қалды. Қайтып оралған солдаттар мен офицерлерді орналастыру соғыстан кейінгі қайта құрудың аса маңызды мәселелеріне айналды.

Ішкі саясатта Г.Трумэн бағыты өзінің қарама-қайшылығымен ерекшеленді. 1946 жылы конгресте республикашылдар бағыты күшейе түсті. Олар демократтардың реформалық саясатына және Рузвельт кезіндегі реформалық әрекеттерге құлықсыздық танытты. 1947 жылы 23 маусымда кәсіподақ қызметін шектеу және ереуілдер ұйымдастыруда кәсіподақтардың құқығын реттеу туралы Тафт-Хартли заңы қабылданды. Кәсіподақ мемлекет бақылауына алынды. Бұл АҚШ-тың саяси өміріндегі оң өзгерістердің жалпы көрінісі болатын.

Өндірісті калпына келтірудің маңызды мәселелерінің бірі – соғыс жылдарында салынған мемлекеттік зауыттардың тағдыры болды. Бес жыл соғыс кезінде мемлекет өнеркәсіп өнімдерін шығарушы зауыт құрылысына 17 млрд доллардан астам қаржы бөлді. 2 800-ден астам өндіріс орындары салынды. Бір жылдан соң барлық мемлекеттік зауыттар түгелімен дерлік олардың жарты бағасын ғана төлеген 250 корпорацияның қолында болды. Рокфеллерлер, Моргандар, Дюпон, «Бэнк оф Америка» және басқа да ірі корпорациялар мемлекеттің шаруашылық өмірін қолдарында ұстады. Алайда соғыстан кейінгі жылдарда өнеркәсіптің ұсақ және орта секторлары да әжептәуір ұлғайды. Жеке меншік фирмалар саны 9 млн-ға жетті.

1948 жылғы президент сайлауында Г.Трумэн «әділетті бағыт» бағдарламасымен шықты. Бағдарламаның бірқатар тармақтарын сайлауда жеңіске жеткен Трумэн әкімшілігі орындады. Алайда Тафт-Хартли заңы, президенттің қарсы болуына қарамастан, конгресте мақұлданды. Қара нәсілді америкалықтардың азаматтық құқығы, медициналық сақтандыруды енгізу, оқу орындарына мемлекеттік көмек беру туралы және басқа да заңдар қабылданбады.

Сыртқы саяси бағыт. Соғыс бітісімен екі ірі мемлекет – КСРО мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық қатынастар бұзылып, қарсыласу бағыты өрши түсті. КСРО-ға қарсы тұру, коммунизмді шектеу және ауыздықтау саясаты АҚШ-тың сыртқы саяси бағытының негізіне айналды. «Атомдық дипломатия», «орыстардың әлемді өзіне қаратуға ұмтылысын ауыздықтау» ресми саясатқа айналды. Мәскеудің озбырлық қимылдары мен теке-тіреске баруы көпке созылған «қырғи қабақ соғысты» туғызды.

АҚШ-тың жаңа бағыты «Трумэн доктринасында» (1947 ж., 12 наурыз), «Маршалл жоспарында» (1947 ж., 5 маусым) айқындалған. 1947 жылғы 2 қыркүйекте америка елдерінің конференциясы өзара қауіпсіздік шартын қабылдады (Рио-де Жанейро пактісі), 1948 жылы көктемде Богота қаласында «Америка мемлекеттерінің ұйымы» құрылды. Латын Америкасы елдеріне техникалық-экономикалық көмек көрсету арқылы да АҚШ оларды өз ықпалында ұстап келді. 1948 жылы – Батыс Еуропалық Одақ, ал 1949 жылы Солтүстік Атлантикалық Одақ (НАТО) құруда АҚШ белсенділік көрсетті.

1950-1960 жылдардағы Америка. 1952 жылғы сайлау науқанында Кореядағы соғыс мәселесіне ерекше көңіл аударылды. Республикалық партия кандидаттыққа әйгілі генерал Д.Эйзенхауэрді ұсынды. Ол бұрын ешқандай партияда болмаған. Америка сайлаушылары «Кореядағы халықтың мазасын кетірген сұрапыл соғысты тоқтатып, елде бейбіт өмір орнайды» деп сенді және сол үшін оған дауыс берді. Сөйтіп, республикашылдар сайлауда жеңіске жетті. 1952-1960 жылдары республикалық әкімшілік пен демократиялық партия бір-бірімен оппозицияда болса да, саяси бағытта айтарлықтай айырмашылықтары байқалмады.

1950 жылдарда халық бұқарасының жағдайы айтарлықтай жақсара түсті. 1954 жылғы 17 мамырда АҚШ-тың жоғарғы сотының «Мектептегі нәсілшілдік конституцияға сәйкес емес» деген шешімі еуроамерикалықтардың азаматтық құқықтарын қорғауға көмектесті.

1960 жылғы президент сайлауында демократтар Джон Кеннеди ұсынған «жаңа дәуір» бағытымен жеңіске жетті. Кеннеди өкіметінің экономикалық және әлеуметтік әрекеті Кейнстің теориясы мен тәжірибесіне сүйенді. Кеннедидің «жаңа дәуір» бағдарламасы «тиімді сұраныс» деген кейнстік теория негізінде жасалды және жаппай өндіріс пен жаппай тұтыну үйлесімін қамтамасыз етуді қарастырды. Кеннеди әкімшілігі экономиканы тұрақтандырып, әлеуметтік шараларға көңіл бөлді.

Сыртқы саясатта да біраз өзгерістер орын алды. Дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету ұлғайтылды. Латын Америкасы елдеріне жәрдемдесу жоспары – «Даму жолындағы одақ» құрылды. Кеннеди тікелей өзі қатысып, КСРО-ның Куба жеріне құпия жағдайда зымырандар орналастыруы себебінен туған өте қауіпті дағдарысты реттеді (1962 ж., қазан). 1963 жылы Мәскеуде АҚШ, Англия, КСРО мемлекеттері ядролық қаруларды ауада, ғарышта және су астында сынауды тоқтату туралы шартқа отырды.

1963 жылғы 22 қарашада АҚШ президенті Дж.Кеннеди қаза тауып, оның орнына вице-президент Линдон Джонсон отырды (1963-1968 ж.). Ол өзіне дейінгі қайраткерлердің саясатын жалғастырды. АҚШ-та маңызды әлеуметтік реформалар жүргізілді. «Кедейшілікпен күрес» бағдарламасы негізінде табысы төмен отбасыларға көмек туралы заң қабылданды, арзан тұрғын жай құрылысы, білім жүйесін дамыту бағдарламасы жүзеге асырылды, қарт адамдар үшін медициналық сақтандыру енгізілді, ал табысы төмен отбасылар дәрігерлік қызметте жеңілдіктер алды.

Алайда 1964 жылы басталған Вьетнамдағы соғыстың өрши түсуі үкіметтің әлеуметгік бағдарламаларын орындауға бөлінген қаржының қысқаруына алып келді. Л.Джонсон әкімшілігі мен Демократиялық партияның жағдайы 1960 жылдарда АҚШ-ты қамтыған жалпы халықтық қарсылық қозғалыстарының әсерінен қиындай түсті.

1960 жылдардағы наразылық қозғалыстары.

1960 жылдарда нәсілдік қысымшылыкқа қарсы қозғалыстар кең қанат жайды.

1968 жылы бұқаралық кедей топтары Вашингтонға жорыққа дайындалды. Бұл жорықты ұйымдастырушылардың алдыңғы шебінде афроамерикалықтардың көпшілікке танылған жас діни қызметкері – қара түсті халықтың өкілі Мартин Лютер Кинг болды. Бұдан бұрын да оған ызасы қайнап жүрген нәсілшілдер М.Л. Кингті жазалауға бел буды. 1968 жылдың 4 сәуірі күні Мемфис қаласында М.Л. Кингті атып өлтірді. Кингтің өліміне қарамастан, жоспарланған жорық іске асырылды.

Вьетнамдағы соғысқа қарсы қозғалыс кең қанат жайды. 1967 жылы бірнеше тәулік бойы 300 мыңға жуық адам АҚШ-тың әскери орталығы – Пентагонды тосқауылға алды.

Бұл қозғалыстар нәтижесіз болған жоқ. 1960 жылдарда АҚШ халықтары едәуір жеңілдіктерге ие болды. Нәсілдік қысымшылықты шектеу туралы заңдар қабылданды: 1) жұмысқа жалдау кезінде және қоғамдық орындарда қызмет ету кезінде кемсітушілікке тыйым салу (1964 ж.); 2) қара нәсілді америкалықтардың сайлау құқығын қорғау (1965 ж.); 3) тұрғын жайды жалдау, сату және тапсыру бойынша нәсілдік кемсітушілікке тыйым салу (1968 ж.) туралы заң.

1970 жылдардағы Америка. АҚШ барлық капиталистік әлемдегі елдер секілді, экономикалық және әлеуметтік саясат алмасуында, ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңінде қанат жайған дүниежүзілік экономикалық және құрылымдық дағдарыстардан туындаған ірі өзгерістерді бастан өткізді. Сондай-ақ АҚШ-та осы кезеңде саяси жанжалдар көбейіп, Вьетнамдағы соғыс сәтсіз аяқталды.

1968 жылғы сайлауда сәл ғана артық дауыспен республикашылдар жеңіске жетіп, Ричард Никсон президент болып сайланды. 1972 жылы ол бұл қызметке қайтадан сайланды, бірақ 1974 жылы қызметтен кетуге мәжбүр болды.

Америка өкіметінің экономикалық саясатында кейнсианстводан неоконсерватизмге дейін терең тербелістер болып өтті. 1969-1970 жылдарда елде орын алған экономикалық дағдарысты жою үшін Р.Никсон «жаңа экономикалық саясат» жариялады. Бұл үш айға дейін жалақының мөлшерін көтеруді тоқтату, ереуілдерге тыйым салу, салықтық жеңілдіктер енгізу арқылы көрінді. Никсон өкіметі 5 жыл ішінде зейнетақыны, жәрдемақыны бірнеше рет көбейтті, жұмыссыздыққа жәрдемақы алатындар саны көбейді. 1970 жылдары жәрдемдесу жүйесі кең дамыды: кедейліктің ресми деңгейінен төмен кірісі бар отбасылардың мемлекеттен арнайы жәрдемақы алуға құқығы болды. Бұл төлемақы әлеуметтік сақтандыру жүйесін толықтырды. Бұдан басқа азық-түлік көмегін беру тәжірибесі орнықты. 1974 жылы ондай көмек алатындар саны 13 млн адамнан көп болды.

Республикашылдар әкімшілігінің сыртқы саяси әрекеттері қайшылықты сипат алды. Вьетнамдағы соғысты (1964-1973 жж.) жеңіске жетпей тоқтатуға мәжбүр болды. 1971-1972 жылдары Никсон әкімшілігі Қытай Халық Республикасымен жақындасуға барып, екі ел арасындағы қатынастар жөнделе бастады.

1970 жылдары Кеңес-Америка қатынастарында маңызды өзгерістер болып өтті. Никсон Мәскеуге сапар жасап, халықаралық шиеленісті біраз бәсеңдетуге үлес қосты. КСРО мен АҚШ арасындағы зымырандық қорғаныс жүйесін шектеу туралы келісімге және стратегиялық шабуыл қаруын (ОСВ-1) шектеу саласындағы кейбір шаралар туралы уақытша келісімге қол қойылды. Кейінірек, 1979 жылы, стратегиялық қаруларды (ОСВ-2) шектеу туралы келісім жасалды.

1974 жылы АҚШ-та үлкен саяси жанжал бұрқ ете түсті. Одан екі жыл бұрын президенттік сайлау науқаны кезінде демократтар штабы «Уотергейт» (“Watergate” – «Су дарбазасы») атты қонақүйде орналасқан. Сол жерге Никсонның сенімді адамдары жасырын түрде тыңдағыш құралдар қойып, қарсыластарының сырларын біліп отырған. Осы әрекет ашылып, Америка сенаты президентті айыптап, сенімсіздік (импичмент) білдіріп, соттауға дейін бармақ болған. Соған орай Никсон өз еркімен орнынан кетуге мәжбүр болды.

Рональд Рейган әкімшілгіінің іс-әрекеті (1980-1988 жж.). «Рейганомика». Республикашылдар партиясының жеңісі және президент болып бұрынғы Калифорния штатының губернаторы Р.Рейганның сайлануы ішкі және сыртқы саясатта керітартпалыққа қарай бұрылыс барын көрсетті. Рейган әкімшілігі бюджеттік шығынды қысқартуда қатал монетаристік саясат жүргізе бастады, сондай-ақ мемлекеттің экономика саласын бақылау құқығын қысқартты, кәсіпкерлік істі және бағаны еркін жіберді. Әкімшіліктің кертартпалық саясаттан бас тартуы әсіресе 1981-1986 жылдары салықтық реформада айқын көрінді. Салықтың ең жоғарғы деңгейі бірден төмендеді, ол қаржы жинау мүмкіндігін, қаржы салымын әжептәуір көтерді. 1983 жылдан бастап Америка экономикасы дағдарыстан шықты, сөйтіп, ғылыми жетістіктер мен жаңа технологияны енгізу арқылы жеделдете даму кезеңі басталды. Жұмыссыздар саны 10 млн-нан 7 млн-ға дейін азайды.

Президент Рейганның сыртқы саясатында екі кезең айқын көрінеді. 1980 жылдардың бірінші жартысында АҚШ-тың сыртқы саясатында текетірестік бағыттар басым болды. Әсіресе 1979 жылы кеңес әскерлері Ауғанстанға кіргізілгеннен соң және 1981 жылы Польшаға әскери жағдайдың енгізілуімен КСРО-АҚШ қатынасы шиеленісе түсті. Кеңес-Америка қатынастары өзара сенімсіздік және бірін-бірі түсініспеушілік кедергісіне тап болды. Тек 1980 жылдардың екінші жартысында келіссөздер арқылы қарама-қайшылық әрекеттері бәсеңдей бастады.

1987 жылы М.С. Горбачевтің АҚШ-қа келуіне орай Вашингтонда екі ел арасында орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімшартқа қол қойылды. 1988 жылғы президент сайлауында тағы да республикашылдар жеңіске жетті. Рейган саясатын Дж. Буш жалғастырды, ол Рейганның бұрынғы әкімшілігінде вице-президент қызметінде болатын. 1991 жылы Мәскеуде Дж. Буштың әкімшілігі кезінде, екі мемлекеттің стратегиялық қару-жарағының үштен бір бөлігін қысқарту туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл – стратегиялық бағыттағы қарулардың қысқартыла бастауы екі алып мемлекеттің арасындағы бетбұрысты көрсетті. Бұған 1988 жылы ақпанда кеңес әскерінің Ауғанстаннан әкетілуі негіз болды. 1989-1991 жылдары бұрынғы социалистік елдердегі демократиялық революциялар жаңа геосаяси жағдайларды тудырып, «қырғи қабақ соғыс» толық аяқталды.

Б.Клинтон мен кіші Дж. Буштың саясаты. 1992 жылғы кезекті сайлауда демократиялық партия және оның кандидаты Билл Клинтон жеңіске жетті. Әсіресе АҚШ-тың бүкіл халқына міндетті дәрігерлік сақтандыру туралы заң жобасын жасауға уәде берілді. Клинтон екі мәрте президент болып сайланып, әскери шығындарды қысқартты. Америка шаруашылығы одан әрі дамып, экспорт ұлғайтылды. Көптен бері кедергі жасап келген саудадағы шығын кәдімгідей азайтылды [4].

Сонымен қатар Клинтонның көпшілікке белгілі кейбір жеке қылықтары елде дау тудырып, сенат 1999 жылы оған сенімсіздік көрсеткен, бірақ президент қатесін мойындап ел алдында кешірім сұраған. Бұл жағдай демократиялық партия беделіне нұқсан келтірді.

2000 жылғы күздегі президент сайлауында республикалық партия өкілі – кіші Дж. Буш жеңіп шықты. Ол 2004 жылғы сайлауда тағы да жеңіске жетті. Кіші Буш кезіндегі Америка саясаты қалыптасқан жағдайды бұзып-жаруға, басқалармен санаспауға, өз жауластарын әрқашан жұдырық астында ұстауға ұмтылуда. Әсіресе осы бағыт 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестердің АҚШ-қа қарсы жасаған шабуылынан кейін айқын көрініс тапты. БҰҰ-ның қолдауымен АҚШ өз жақтастарымен Ауғанстандағы талибандар үкіметін құлатып, онда әскер ұстауда. Буш әкімшілігі Солтүстік Корея, Ливия, Сирия, Иран, Мьянма, Оңтүстік Африка Республикалары сияқты елдерді қысымға алып, ядролық қару жасау жөніндегі жоспарларын тоқтатуын талап етуде, оларды «лаңкестік әрекетті қолдауда және адам құқығын бұзуда» деп айыптап келеді. АҚШ әр аймақта, соның ішінде Орталық Азияда да, өзінің саяси-әскери жасақтарын күшейте түсуде. Оның саясаты халықаралық лаңкестікке қарсы бағытталуда. 2003 жылы наурызда Иракқа қарсы соғыс ашып, С.Хусейн тәртібін жойды. Буш әкімшілігі АҚШ мүддесін қорғауда тайсалмай әскери күштерін жұмсап, дүние жүзінде Америка үстемдігін тұрақтандыруға тырысуда. АҚШ-Жапония байланыстары нығая түсуде.



Тарихы. Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруашылығымен айналысқан (Дзёмон және Яеи мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары өздерін «тэнно» деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 ж. болған Тайк төңкерісінен кейін құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 ж. алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 ж. орталық Нагаоку, 794 ж. Хэйан қалаларына көшірілді. 11 ғ-да ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Сегундер елді әскербасыларының (буси) көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 және 1288 ж. екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғ-дан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15-16 ғ-ларда Қытай және Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 ж. португалдар, 1584 ж. испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542-1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 ж. сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймё) үлкен жасақ ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки (Дэсима) порты ашылды. 18 ғ-дың аяқ кезінен бастап мануфактуралар (жібек өңдеу, қағаз, т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850-60 ж. Жапония АҚШ және еуропалық мемлекеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды. 1867-68 жылғы революциядан кейін сегундердің билігі аяқталып, жоғары билік императордың қолына өтті. Басқару жүйесі еуроплдық үлгіге көшіріле бастады. 1871 ж. князьдіктер жойылып, орнына префектуралар құрылды. 1872-73 ж. үкіметке төлейтін бірыңғай салық енгізілді. Нәтижесінде, 1868-85 ж. 1300 жаңа өндіріс орындары ашылды. Кейбір кәсіпорындар арзан бағаға жеке меншікке, ең алдымен, аса ірі «Мицул», «Мицубиси», т.б. компанияларға сатылды. Сөйтіп, ірі кәсіпкерлер мен монархия арасында одақ қалыптасты. Бірте-бірте жапон билеушілері қорғаныстан сыртқы елдерге агрессиялық саясат жүргізуге көше бастады. 1876 ж. Кореямен екі арада тең емес Каихвас келісімі жасалынды. 1894-95 ж. жапон-қытай соғысы болып, нәтижесінде, Жапония алғашқы отары Тайвань, Пэнхуледао аралдарын басып алды және Қытай мен Кореяға өз үстемдіктерін орната бастады. 20 ғ-дың бас кезінде Маньчжурия мен Корея үшін Ресеймен қарым-қатынас шиеленісіп, 1904-05 ж. орыс-жапон соғысы болып өтті. АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Жапония жеңіске жетіп, Ресей Кореядағы жапон үстемдігін мойындады және Қиыр Шығыстағы Порт-Артур, Дальний порттарынан, Оңтүстік Сахалин аралдарынан бас тартуға мәжбүр болды. 1910 ж. Жапония Кореяны толық жаулап алды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-18) еуропалық мемлекеттердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Германияның Қытайдағы иеліктерін (Шаньдун провинциясын, Маршалл, Мариан, Каролин аралдарын) басып алды да, Қытайға 21 талаптан тұратын Декларация тапсырды (1915, 18 қаңтар). Қытай бұл талаптарды, негізінен, орындауға мәжбүр болды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында Жапония өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін (Германия, Ұлыбритания, Ресей) ығыстырды. 1914-19 ж. өнеркәсіп өнімдері 13-тен 65 млрд. иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 ж. 5 сәуірде Владивостокты басып алып, Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 ж. күзде жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924-25 ж. АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО-мен қарым-қатынас жасай бастады. 1929-33 ж. елде экономикалық дағдарыс басталды. 3 млн-нан аса жұмыссыздар армиясы пайда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті. «Жас офицерлер» ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап етті. Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931 ж. күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет (Маньчжоу-Го) құрылып, 1933-36 ж. Қытайға қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 ж. қарашада Германиямен «Антикоминтерндік пактіге» қол қойды да, 1937 ж. шілдеде Қытайды толық жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 ж. Қытайдың неғұрлым дамыған шығыс бөлігін толық басып алып, Кеңес Одағы мен Моңғолияға шабуыл жасауға дайындалды. Бірақ 1938 ж. шілдеде Хасан көлі жағасында, 1939 ж. мамыр-тамыз айларында Халхин-Гол ауданында кеңес әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар «оңтүстік» бағытта, яғни еуропалық мемлекеттер мен АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды күшейтті [5]. 1940 ж. қыркүйекте Үндіқытай түбегінің солтүстігін басып алды. 1941 ж. 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс жарияламастан, америкалықтардың Гавай аралындағы негізгі соғыс базасы Перл-Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып кірді. 1942 жылдын орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты, Үндіқытайды, Бирманы, Малайзия мен Индонезияны басып алды (қ. Екінші дүниежүзілік соғыс). 1945 ж. 6-9 тамыз күндері Америка әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасын тастады. 1945 ж. 9 тамызда Кеңес әскерлері шабуылға шығып, Маньчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні (1945) Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды. Елге одақтастар атынан АҚШ әскерлері басып кірді. Жапония барлық отарларынан айырылып, ел экономикасы аса қиын жағдайда қалды. 1947 ж. 3 мамырда жаңа Конституция қабылданды. 1946-49 ж. аграрлық реформа жүргізіліп, мемлкеттік аппарат пен ағарту саласы демократияландырылды. Жүргізілген реформалар елдің әрі қарай жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Корея соғысына (1950-53) қажетті әскери тапсырыстың күрт артуы өнеркәсіптің жедел дамуына алып келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан бастап экономика тез арада көтеріліп, 60-жылдардың аяғына таман Жапония дамыған елдер арасында АҚШ-тан кейінгі 2-орынға шықты [6].

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония. XX ғасырдың басында Жапония дамыған ірі капиталистік елге айналып, басқыншылық саясат жүргізді. Елді билеушілер тобында әскерилердің ықпалы күшейіп, экономиканың дамуы соғыс талаптарына бағытталды. Сыртқы саясатта Жапония Англиямен жақындасып, оның ықпалында болды. Ең алдымен, ол Қытайды бағындыруды көздеді. Жапония 1914 жылғы тамызда Германияға соғыс жариялап, Тынық мұхит пен Қытайдағы неміс иеліктерін басып алды. Келесі жылы Қытайға «21 талап» ұсынып, оның әскери, саяси, қаржы салаларына үстемдік жүргізе бастады.

Соғыс жылдары отарларды қанау арқылы жапон буржуазиясы одан әрі байи түсті. Елде әскери жағдай енгізіліп, қалың бұқараның тұрмысы айтарлықтай нашарлады. 1917-1918 жылдары нан жетіспей, азық-түліктің бағасы жоғарылай берді [7].

1918 жылдың тамыз және қыркүйек айларында Жапонияның 36 префектурасында ашыққан тұрғындардың қозғалысы басталды. Жапон тарихында бұл қозғалысты «күріш бүліншілігі» деп атайды. Ашыққан халық көшелерге шығып, күріш сататын дүкендерді, күріш қамбаларын, күріш сататын саудагерлердің үйлерін қиратып, ойран салды. Ызаланған халық өсімқорлардың, ірі кәсіпкерлердің үй-жайын қиратып, қамбалардағы күріш қорларын басып алып, бөліске салды. Көтерілісшілердің ұйымдастыру комитеттері күріштің және басқа тағамдардың қымбатшылығын әшкерелеп, олардың бағасын арзандату талабын қойды.

«Күріш бүліншілігі» Жапониядағы 144 қаланы қамтыды. Әсіресе Осака қаласындағы халық толқулары өзінің айбындылығымен көзге түсті. Осы қаланың Нискуоно ауданында жиылған 20 мың көтерілісші өзіне қарсы шыққан полиция тобын таспен атқылап, машиналарын өртеп жіберді. Бір күннің ішінде Осако қаласындағы көтерілісшілер 250-ден астам қамбаларды қиратты.

«Күріш бүліншілігі» Жапония халқының стихиялық түрде өткен наразылығын байқатып, саналы қозғалыстардың өршуіне жол ашты.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі елдің жағдайы. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония қатты күшейді. Оның өндірісі, әсіресе әскери техника, металл өндіру, машина жасау, химия салалары өсе түсті. Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы беделі нығайды. Версаль конференциясында Жапония бұрын Германияға қараған Қытайдың Шаньдун түбегін, Тынық мұхиттағы Каролин, Маршалл, Мариан аралдарын өзіне бекітіп алды. Ресейдің құрамындағы Приморье, Солтүстік Сахалин жерлері 1922-1925 жылдары Жапония қарамағында болды. Тайваньдағы, Кореядағы отарлау саясаты қылыштың күшімен жүргізілді.

АҚШ пен Қытай бұған көнгісі келмеді. 1921-1922 жылдары Вашингтон конференциясында Жапония біраз шегініс жасауға мәжбүр болып, Шаньдуннан бас тартты. Оның әскери-теңіз флоты шектелді [8].

Елді 1924-1932 жылдары Сэйюкай, Минсэйто, Каккусин, Курабу сияқты саяси партиялар басқарып келді. Төменгі палатаның беделі өсіп, жоғарғы палатаны қалыптастыруда императордың ықпалы төмендеді. 1925 жылы заң бойынша сайлауға қатысушылар саны ұлғайтылып, халықтың 16%-ын құрайтын болды.

Өкімет соғыс кезінде, одан кейін өрістей түскен жұмысшылар және кедей шаруалар қозғалысын 1923 жылғы қарашадағы жойқын жер сілкінісіне байланысты шараларды пайдалана отырып, басып тастады.

1920 жылдардың екінші жартысында Жапония билеушілері озбырлық саяси бағыт ұстанды. Ең алдымен, олар Қытайды әлсіретіп, оны тұтас өзіне қаратып, содан кейін басқа елдерді бағындыруды көздеді (Танака жоспары). Ол үшін әскери күшін, теңіз флотын ұлғайтуға кірісті. 1929-1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдары Жапония да біраз қиыншылықты бастан кешірді.

Қытайдағы ішкі тартыстар мен бытыраңқылық жапон империалистерінің басқыншылық әрекетіне жеңілдік туғызды. Жапония 1932 жылы Қытайдың Солтүстік-Шығыс өлкелерінде Маньчжоу-го қуыршақ мемлекетін құрып, оны өз қамқорлығына алды. Бұл жерде жапон қарулы күштері шоғырланып, шекаралас КСРО және Монғол Халық Республикасына қауіп төндірді. Жапонияның осындай үстем саясат жүргізуіне басқа елдердің Қытайдағы қимылдары да көмектесті. Чан Кайши үкіметіне қарсы болып келген Мәскеу 1927 жылы Шығыс Қытай теміржолын Жапонияға сатып жіберді.

1920-1930 жылдар аралығындағы экономикалык дағдарыс жылдары көптеген кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық жаппай белең алды. Шаруалардың жағдайы нашарлады. Елде саяси күрес күшейе түсті. Ол тек жұмысшылар мен қала тұрғындарының ереуілдерімен ғана тынбады. Ұлтшылдыққа, озбырлыққа құныққан орта топтар, әсіресе төменгі сатыдағы әскери топтар сыртқы және ішкі саясатты күшейту, керек болса, фашистік тәртіп орнату талаптарын көтерді. Төменгі шендегі офицерлер ереуілдері мен бүліктері өкіметті шошындырды. 1936 жылы осындай қақтығыста премьер-министр Сайто, бірнеше министрлер қаза тапты. Жаңа үкімет жаппай қарулану, Жапония мен Маньчжурияны қорғау жоспарын бекіту, үкімет мүшелерін қорғау т.б. шараларды қолға алды. Бұлар «жаңа экономикалық құрылым» және «жаңа саяси құрылым» деп аталған бағдарламалардың негізін қалады [9].

Жапонияның Қытайдағы табыстары көп елдерге ұнамады. Бұл Ұлттар Лигасында әшкереленді. Сондықтан Жапония 1933 жылы ол ұйымнан шығып кетті.

Жоғарыда аталған бағдарламаны 1937 жылы үкіметті басқарған князь Каноэ іске асыруға бел байлады. Саяси партиялар жабылып, демократтар қамауға алынды. Сөйтіп, ұлттық бірлікке жету ойластырылды. «Таққа көмектесу қауымдастығының» мақсаты жаңадан таққа отырған императорды мадақтау, оған табыну болды. Жалғыз ғана адамды қастерлеу халықтың соры екенін олар кейінірек түсінді.

Озбырлық саясат ұстаған Жапония Германия мен Италияға жақындасты. Каноэ үкіметі 1937 жылғы 7 шілдеде Қытайға қарсы «үлкен соғыс» ашып, оның ішкі аудандарын жаулап алды. 1939 жылы жапон әскерлері Монғолияға шабуыл жасады. Бірақ Біріккен Монғол-Кеңес қарулы күштерінен қатты соққыға ұшырап, кейін шегінді [10].

1940 жылы Франция мен Голландия Германиядан жеңіліп қалғанда, жапон үкіметі Үндіқытай (Вьетнам, Лаос, Камбоджа) мен Индонезия аралын, Малайзия мен Сингапурды өзіне қаратуға кірісті. 1940 жылғы 27 қыркүйекте Жапония, Германия, Италия «Үштік пакт» аталған соғыс одағын құрды. 1941 жылы сәуір айында Жапония мен КСРО 5 жылдық бейтараптық шартына қол қойды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония. Әлемді жойқын соғысқа итермелегендердің бірі болған жапон милитаристері тоқтаусыз шабуылдап, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қиыр Шығыс халықтарын қан қақсатты.

Бірнеше Қытай қалалары, соның ішінде Тяньцзин, Нанкин, Шанхай, Ухань т.б. қиратылып, бейбіт тұрғындар қырғынға ұшырады. Елде шовинистік ұрандар көтеріліп, жапондықтар «тәңірдің нұрына бөленген ерекше халық», Жапония бастаған «азиялық гүлдену ғасыры» басталды деген ресми үгіт жүргізілді.

КСРО-мен бейтараптық шарт жасасып алған соң, оның негізгі озбырлық бағыты Оңтүстік-Шығыс Азияға ауысты. Қытайды басып-жаншып, ең дамыған аудандарын жаулап алып, оның байлығын өзіне тасыды. Үндіқытай елдері де тоналды.

Тынық мұхит пен Азия аймағындағы негізгі дұшпаны АҚШ болғандықтан, оған қарсы соғысқа дайындық өте жасырын түрде жүргізілді. АҚШ басшыларын бейқам қалдыруды ойлаған Жапония 1940-1941 жылдары онымен бірнеше келіссөздер жүргізді. Екі ел жақсы сауда қатынастарын сақтап келді. Ал 1941 жылы 7 желтоқсанда АҚШ-тың бүкіл Тынық мұхиттағы әскери-теңіз күштері шоғырланған Гавайядағы Перл-Харбор базасына тұтқиылдан жапон крейсерлері мен ұшақ таситын кемелері шабуыл жасап, жеңіске жетті. Содан соң көпке дейін бұл аймақта жапон үстемдігі орнады. Бірақ 1942 жылдың ортасына дейін Тынық мұхитта үстемдік құрған жапондар 1943 жылы теңіз шайқастарында біріккен американ-ағылшын күштерінен жеңіле бастады. Филиппинді қайтарып алған АҚШ ұшақтары жапон аралдарын бомбалауға кірісті. 1944-1945 жылдары жапон қалалары мен кенттері қатты қиратылса да, оның саяси-әскери билеушілері соғысудан бас тартпады. 1945 жылы 6 және 9 тамызда АҚШ алғашқы атом бомбаларын Жапонияның екі қаласы – Хиросима мен Нагасакиге тастап, аталған қалаларды өртеп жіберді.

Әскері Азияның әр жерінде шашылып, өзі өрт астында қалған Жапонияға КСРО үкіметі Ялта-Потсдам келісімдеріне сәйкес 9 тамызда соғыс жариялады. Кеңес Қарулы күштері Квантун армиясына соққы беріп, Қытайдың Солтүстік-Шығыс ауданы мен Солтүстік Кореяны босатты. Оған қоса Оңтүстік Сахалинді, Куриль аралдарын басып алды.

Кеше ғана әлемді жаулап, билеп-төстеуді армандаған жапон саясатшылары мен генералдары 1945 жылы 2 қыркүйекте тізе бүгуге еріксіз көнді. Шетел әскерлері ел тарихында бірінші рет жапон жеріне аяқ басып, ел егемендігінен айырылды.

Көптеген бейбіт елдерді қан қақсатқан жапон милитаризмінің күлі көкке ұшып, халықтың бостандыққа қолы жетті. Отарлық бұғауындағы Тайвань, Корея, Қытай жері азаттық алды.

Сөйтіп, Қиыр Шығыстағы соғыс ошағы талқандалды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның жағдайы. 1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония тізе бүгу туралы актіге қол қойды. Потсдам келісіміне орай елді Америка әскерлері басып алды. Барлық билік солардың қолына өтті, бірақ оның бағытын Жапонияға қарсы соғысқа қатысқан елдерден құрылған Одақтас Кеңес және Қиыр Шығыс Комиссиясы белгілеп отырды. Олар Жапонияның келешекте ешкімге қауіп төндіре алмайтындай болуын көздеп, демократиялык және бейбіт жолмен дамуын қалады. Бұрынғы саяси партиялар таратылып, соғыс тудырған әскери қылмыскерлер халықаралық трибуналмен жазаланды. Сахнаға демократиялық, либералдық, социалистік т.б. жаңа партиялар келді. Либералдық және демократиялық партиялар АҚШ-тың даму жолымен буржуазиялық бағытты ұстанды. 1946 жылғы сайлауда осы екі партия басым дауысқа ие болып, үкімет құрды, ал социалистік және ашық қызмет атқаруға кіріскен коммунистік партиялар оппозиция қатарында болды [11].

Бұқара халық соғыстан қатты зардап шекті. Азық-түлік жетіспеді. Қираған өндіріс орындары тоқтап, миллиондаған адамдар жұмыссыз қалды. Ақша құны күрт төмендеді.

Қала тұрғындары – жұмысшылар, шенеуніктер, ұсақ өндіріс иелері - кәсіподақтар құруға, кәсіпорындар иелерімен ұжымдық келісім арқылы жұмыс істеуге, ереуілдерге шығуға құқықты болды. Заң 8 сағаттық жұмыс күнін белгіледі.

Жапонияның экономикалық дамуы. 1945 жылдары Жапонияның өндіріс орындары өзінің экономикалық даму қарқынын 1937 жылғы деңгейінің 30%-ы көлемінде ғана сақтап қалды.

1946-1949 жылдары аграрлық реформалар помещиктерге 3 тё жер қалдырды да, артық жер сатылды. (1 тё – 1 га-ға шамалас.) Соның нәтижесінде жерге ие болған шаруалардың саны екі өсе өсіп, елде фермерлік шаруашылық дамыды.

АҚШ-тың қолдауы арқасында Жапония тез жетіле бастады. Әрине, бұрыннан қалыптасқан өндіріс салалары, білікті жұмысшылар мен инженерлер, жапондықтардың еңбекке деген ынтасы, тәртіптілігі ел экономикасын дамытудың қайнар көзі болды. Бұған қосымша 1950-1953 жылдары Кореядағы соғысқа тікелей қатысқан өндіріс салалары АҚШ-тың әскери тапсырысын орындау арқылы тез қарқын алды. Сол жылдардың өзінде-ақ ел экономикасы соғысқа дейінгі деңгейге көтеріліп, келесі жылдары орасан зор жетістіктерге жетті. Мицуи, Хитачи, Мицубиси, Сони т.б. ондаған ірі өндіріс және қаржы монополиялары ең жаңа тауарлар шығарып, басқа елдерді қаржыландыра бастады [12].

1950-1960 жылдардағы ғылыми-техникалық революция нәтижелерін олар өте ұқыпты пайдаланды. Басқа елдерде ашылған не жасалған жаңалықтарды шұғыл іске қосу, өте қажетті өнімдерді шығару, сапасына мән беру, шикізатты, электр қуатын, жұмыс уақытын үнемдеу және ұтымды пайдалану, кешегіні – бүгін, бүгінгіні ертең жаңарту, жұмысшылар мен қожайындар арақатынасын сенімділікке негіздеу т.б. әдістер кеңінен қолданылды. Жұмысшылар мен инженер-техниктерді оқытуға, сапалы жұмыс атқаруға жағдай жасауға мән берілді. Сонымен бірге жапон жұмысшыларының жалақысы басқа дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен болды. Тағы да айта кететін мәселе – үкімет өндіріс дамуына тікелей қатысып, концерндерге қаржы бөледі, жеңілдіктер туғызады, шетел рыноктарында жапон өнімдерінің өтуіне жәрдемдеседі, әлеуметтік қайшылықтарды реттеуге қатысады.

1997 жылы қаржы дағдарысы мен мұнай бағасының күрт өсуі елдің экономикасына айтарлықтай қиыншылық әкелді. Соған қарамастан, Жапония алдыңғы шепте келеді.

Әлемдегі өндіріс саласы шығаратын өнімнің 12%-ы Жапонияның үлесіне тиеді. Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 1999 жылдың соңында 4,5 трлн долларға жеткен. Әлемде Жапония сыртқы сауда айналымы бойынша АҚШ пен Германиядан кейінгі 3-орында. Алтын және валюта қоры жыл сайын ұлғаюда. Оның басқа елдердегі қаржы салымы 1 трлн доллардан, сыртқы сауда айналымындағы таза табысы 140 млрд доллардан асады. Жапон бизнесмендері Оңтүстік-Шығыс Азияда, Қытайда, Африкада, Латын Америкасында, Еуропада, АҚШ пен Канадада – әлемнің түкпір-түкпірінде кәсіпшілікпен шұғылдануда.

Жапонияның саяси жағдайы. 1954 жылы либералдар мен демократтар бірігіп, либерал-демократиялық партия (ЛДП) құрған. 1993 жылдың ортасына дейін үкіметті осы партия басқарып келді. Одан баска 4 партия — социалистік, коммунистік, демократиялық социализм және Комэйто (таза саясат партиясы) – қызмет атқарды. 1980 жылдардың соңында ЛДП арасынан бірнеше топтар құрылып, жаңа саяси партиялар («Жаңа көкжиек», «Жапон демократиялық партиясы» т.б.) қалыптасты. 1993 жылы көктемде болған парламент сайлауында ЛДП жеңгенімен, басты орын басқа партияларға тиді. Солар бірігіп, коалициялық үкімет құрды (Компартия оны қолдады, бірақ үкімет қатарына енбеді). Әуелі үкімет басында «Жаңа көкжиек» партиясының өкілі болды [13].

1996 жылдың қаңтарына дейін премьер-министр Т.Мурояма (СДП), содан соң Р.Хасимото (ЛДП) болды. 1996 жылы тамызда парламент сайлауында ЛДП 500 орынның 207-сін жеңіп алып, өзі бастаған коалициялық үкімет құрды. Оған СДП, жаңа партия Сакигаке (бастама) кірді. Премьер-министр болып 1998 жылғы 31 желтоқсанда Дз. Обути (ЛДП) сайланды. Обути науқастанған кезде оның орнын Е. Мори басты (2000 ж., көктем). Социалистер (қазіргі СДП) қатты күйзеліске ұшырады. Компартия әлсірей бастады. Комэйто «Жаңа көкжиек» партиясын құрып, өзі тарап кетті. Сөйтіп, елдің саяси өмірінде айтарлықтай өзгерістер болды.

Е.Мори үкімет басында бір жылдан астам болған. ЛДП-ның ішкі тартыстары 2001 жылы сәуірде Дзъюнтиро Коидзуми жеңісімен аяқталып, ол үкіметті Комэйто және консервативті партияларымен құрастырды. Қазір елді осы үкімет билеп келеді. 2003 жылы қарашадағы парламент сайлауында ЛДП қайтадан жеңіп шықты.

Сыртқы саясаты. 1951 жылғы қыркүйекте Сан-Франциско қаласында бітімге қол қойылған соң ғана, Жапония басқа елдермен қарым-қатынас жасауға ерікті болды. КСРО бастаған бірнеше социалистік елдер сол кезде: «Жапония жерінде шетел әскерлері болмасын, Кеңес Одағы басып алған аралдардан Жапония бас тартсын, Чан Кайши үкіметін (Тайвань) қуу керек» деген тілектер айтты. Бұл тілектер қабылданбады. Содан бері бұрынғы КСРО – қазіргі Ресей мемлекеті бұл елмен белгілі бір шешімге тоқтамай келеді [14].

АҚШ әкімшілігі Жапонияның премьер-министрі С.Есидомен қауіпсіздік шартына уағдаласып, америка әскерлерін, әскери базаларын жапон аралдарында орналастыруға мүмкіндік алды. Жапония жақын жерде жүріп жатқан Кореядағы қантөгіс соғысты сылтауратып, алдында «полиция корпусы», кейін «ұлттық қауіпсіздік корпусы» аталған әскери күштерін құрастыра бастады.

«Елді қайта милитаризациялау және АҚШ – Жапон шартындағы америка жауынгері жапон сотына берілмейді» деген сияқты тармақтар қоғам арасында наразылық тудырды. 1960 жылы Жапония мен АҚШ «өзара ынтымақтасу және қауіпсіздік кепілдік» туралы жаңа шартқа келісті. Енді қылмыс жасаған АҚШ жауынгері жапон сотына берілетін болды. Осы шарт әр 10 жылда жаңартылып, осы күнге дейін сақталып келеді. Екі ел өте тығыз байланыста, ал сауда айналымы 175 млрд долларға тең (1995 ж.) келеді [15].

1954 жылы үкімет басына демократиялық партия жетекшісі И. Xатояма келіп, КСРО-мен қатынастарды реттеуге ыңғай білдірген. Мәскеуде де Н.С.Хрущев бастаған жаңа басшылар осындай пікірде болды. 1956 жылы 19 қазанда екі ел арасындағы араздықты тоқтату және дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы Декларацияға қол қойылды. Алайда бітім туралы мәселе шешілмей қалды. Оған жер дауы кедергі жасап келеді.

Жапония мен Қытайдың арақатынасы 1972 жылы қыркүйекте реттеліп, 1978 жылы бітімге қол қойылды. Екі ел ынтымақтастығы өте жоғары деңгейге жетіп, 1997 жылы сауда айналымы 60,8 млрд доллар (Жапония — Ресей 3-4 млрд долл.) болды. ҚХР-ға берген жапон қаржы салымы 177 млрд долларға жетті (1997 ж.).

Қазіргі Жапония жоғары дамыған елдердің алғы шебінде. Ол – 7 ірі және бай Батыс елдері құрған топқа мүше; Азия, Тынық мұхит аймағындағы ықпал етуші үрдістерге дем беруші мемлекеттердің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет