С) ҰБТ, БҰҰ, ҚазПИ.
Д) Балқарағай, қарақат.
Е) Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау.
106. Баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын сөйлемнен кейін қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.
А) Көп нүкте.
В) Қос нүкте.
С) Дефис.
Д) Нүкте.
Е) Сызықша.
107. Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
А) Өтірік - қаңбақ, шын - салмақ.
В) Тыным, тыныштық таппаған.
С) Қызмет ет те, міндет ет.
Д) Жаным десе, жан семіреді.
Е) Құр алғыс азық болмайды.
108. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) Әсем қала.
В) Көзі ашық жатыр.
С) Көп түкірсе - көл.
Д) Аш кенедей жабысты.
Е) Кең жайлау төрі.
109. Біріккен сөздерді табыңыз.
А) Шаңғышылар, қорғансыздар.
В) Ауылдың маңы, көлдің жиегі.
С) Бесік жыры, таусоғар.
Д) Ерасыл, Мейрамбек.
Е) Итмұрын, жидек.
110. Атау септігіндегі тұрған сөзді табыңыз.
А) Дала гүліндей.
В) Қалаға шығу.
С) Күнделік бетінде.
Д) Алма ағашында.
Е) Бір шөкім бұлт.
111. Туынды сын есімдер қатарын табыңыз.
А) Сұлу, қоңырқай.
В) Әлсіз, жақсы.
С) Ұшқыр, сүзеген.
Д) Жылы, ұсқынсыз.
Е) Сары, жұмсақ.
112. Сөйлемдегі есімдіктердің қызметін анықтаңыз.
Кейбір кескіні Көкшеге ұқсайтын тауға мен де қарадым.
А) Күрделі бастауыш.
В) Толықтауыш, баяндауыш.
С) Бастауыш, пысықтауыш.
Д) Бастауыш, баяндауыш.
Е) Анықтауыш, бастауыш.
113. Себеп-салдар үстеуді белгілеңіз.
А) Қасақана.
В) Құр босқа.
С) Қаннен-каперсіз.
Д) Кілең.
Е) Қыстай.
114. Демеулік шылаулы сөйлемді белгілеңіз.
А) Адамзат жүрегіме үңілгенде, әр уақыт сен арқылы мені білсін.
В) Жылы сөзі мен жақсы лебізін білдіріп, оған хат жазды.
С) Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті.
Д) - Бізге айтар сөздеріңіздің шама-шарқы осы ғой! - деп сұрады.
Е) Отан үшін отқа түс, - күймейсің.
115. Қабыса байланысқан сөз тіркесін табыңыз.
А) Уәдеге берік.
В) Ел байлығы.
С) Кеше келді.
Д) Қоңырау сылдырады.
Е) Жарық ай.
116. Сұраулы сөйлемді табыңыз.
А) Кешке шейін отырып, мен елге қайттым
В) - Әй, Шұға десе - Шұға еді-ау
С) Командирлерше басқарамысың
Д) Онда менің дегенімше болсын
Е) Бір нәрсе айтатын сияқты .
117. Баяндауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.
Күздігүні жерді жыртът тастауга уақыттары болмайтын.
А) Жедел өткен шақ.
В) Көсемше.
С) Ырықсыз етіс.
Д) Есімше.
Е) Тұйық етістік.
118. Төлеу сөзді табыңыз.
А) Халықтық шығармаларды оқудан, білуден еш жалықпайды.
В) Ойбай, жеңге, біз сөгетін адам емеспіз.
С) Ал, сол «шоң» деген сөздің түп төркіні, мен білсем, қазақ сөзі емес.
Д) Айтып тұрғаны - «Көзімнің қарасы» емес пе?
Е) Құрыш жабылса, зеңбірек құя алатынын айтты.
119. Жұртқа үндеу, үгіт айтуда қолданылатын стиль түрін табыңыз.
А) Көркем әдебиет стилі.
В) Ресми іс-қағаздары стилі.
С) Ғылыми стиль.
Д) Ауызекі сөйлеу стилі.
Е) Публицистикалық стиль.
120. Зат есіммен тіркесіп келіп, анықтауыш болатын реттік сан есімі бар сөйлемді ажыратыңыз.
А) Азаттық жолындағы қозғалыстар мен көтерілістердің жалпы саны 300-ден асады.
В) Тұңғыш қазақ ғарышкері ғарышта 8 тәулік болды.
С) М.Әуезовтің «Абай жолы» дәуірнамасының бірінші кітабында Абай азамат ретінде калыптасса, екінші кітабында шын мәніндегі азамат-ақын болып көрінеді.
Д) Екеуің де ақынсыңдар. Кімнің қаршығасы дуадақты бірінші алса, өлең жазу соның еншісінде.
Е) Достық екеу: біреуі - адал достық, екіншісі - амал достық.
121. Өзгелік етістен жасалған баяндауышты табыңыз.
А) Ызғарлы аяз күні мейірімсіз болыс малын күзеттірді.
В) Қыруар ел калың балқурай көмкерген айдын көлге қарай беттеді.
С) Адам тізбегі он километр бойына созылған.
Д) Қызыл-жасыл киінген қыз-бозбалалар көштің көркі болып келеді.
Е) Бұлар әдеттегідей ән шырқап, әзілдесе сөз қағысты.
122. Баяндауыштары еліктеуіш пен бейнелеуіштен жасалған сөйлемді табыңыз.
А) Өзгеше болатын шығар деген елесті ой санасында қылаң беріп қалды.
В) Айдын көлдің аққуы сұңқ еткенде, жағадағы құрақтар да елп еткендей.
С) Көктемде бері қарай, күзде кері қарай қиқулап төбемізден ұшып өтетін тырналарды да танимыз.
Д) Даң-дұң шудан оянып көзін ашқанда, бойы жеңілейіп қапты.
Е) Кенет екеуі де бір-біріне жалт-жалт карасқан.
23. Жайылма сөйлемді табыңыз.
А) Таң бозарды.
В) Жылдар өтіп жатты.
С) Домбыра бебеу кақты.
Д) Қайратты ерге бақ тұрар.
Е) Жер жүзі құлпырып сала берді.
124. Бірінші жай сөйлемі тұрақты сөз тіркесінен жасалған себеп-салдар салаласты анықтаңыз.
А) Бақытта баян жоқ: о да бір ұшқан құс.
В) Жамандық жалын секілді: өзін де, өзгені де жалмай береді.
С) Әйел де ай сәулесі сияқты: есікті жапсаң, түндіктен түседі.
Д) Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады.
Е) Жаны шығьш кете жаздады: оның қолынан түскен ыдыс сау қайтқан емес.
125. Қаратпа сөз қатыспаған қатарды ажыратыңыз.
А) О, Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
В) Шыдай түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
С) Мейірім бер, Мейірім бер...
Саған келдім, қымбаттым!
Д) Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?
Жансыз өлең жанымды алды кілең.
Е) Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
126. "О" дыбысы қандай дыбыс екенін көрсетіңіз.
А) Жіңішке дауысты дыбыс.
В) Қысаң дауысты дыбыс.
С) Жуан дауысты дыбыс.
Д) Езулік дауысты дыбыс.
Е) Ұяң дыбыс.
127. Бітеу буынды сөзді табыңыз.
А) Қант бер.
В) Мейірімді бала.
С) Таза бұлақ.
Д) Асыл шөп.
Е) Бес кітап.
128. Түбірдің ережесін анықтаңыз.
А) Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.
В) Қосымша қосуға болмайтын бөлшек.
С) Жаңа мағына тудырушы бөлшек.
Д) Қосымша жалғанған бөлшек.
Е) Негізгі ойды білдіретін бөлшек.
129. Болжалдық сан есімді табыңыз.
А)Жүз.
В) Жүз-жүзден.
С) Бес бүтін жүзден төрт.
Д) Жүзінші.
Е) Жүз шамалы.
130. Төл сөзбен байланысты айтылатын сөйлеушінің өз сөзін табыңыз.
А) Қаратпа сөз.
В) Төл сөз.
С) Төлеу сөз.
Д) Автор сөзі.
Е) Қыстырма сөз.
131. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз.
А) Көп тіл білу.
В) Дәлелсіз сөйлеу.
С) Өзін көрсету.
Д) Дәлелдермен сендіре білу.
Е) Көп сөйлеу.
132. Сын есімдерден болған синонимдерді көрсетіңіз.
А) Кескін, келбет.
В) Ажар, көрік.
С) Амандасу, сәлемдесу.
Д) Жылдам, шапшаң.
Е) Байыпты, ұстамды.
133. Антоним сөздерді табыңыз.
А) Дәмелі - үміткер.
В) Дөрекі - дүмбілез.
С) Дөрекі - анайы.
Д) Дөрекі - биязы.
Е) Дөрекі - тұрпайы.
134. Көнерген сөзді қатарды анықтаңыз.
А) Ұл-қызыңның игілігін көр, жақсы ана.
В) Жанбота, өзің болыс, әкең Қарпық.
С) Аттар ерттелгелі де бірталай уақыт болған еді.
Д) Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше.
Е) Қолымнан домбырамды қалды тартып.
135. Кейінді ықпал заңдылығына байланысты сөзді табыңыз.
А) Ақ бота.
В) Қызыл қоңыр.
С) Әлдеқашан.
Д) Әркім.
Е) Бозшағыл.
136. Қос сөздің тыныс белгісі қойылатын жерді белгілеңіз.
А) Әр біреу.
В) Күміс көл.
С) Жалпы атау.
Д) Еш қашан.
Е) Барар бармас.
137. Көмекші есімді қатарды табыңыз.
А) Әсемпаз болма әрнеге.
В) Немересін алдына алған кәрі әже ақырын бесік жырын айтады.
С) Бір қағазды алып,тесіле оқыды.
Д) «Жанға жан, қанға қан!» - ұран болды.
Е) Ауылдың маңы қалың орман екен.
138. Шылаудың ыңғайлас мәнді түрін көрсетіңіз.
А) Манарбектің ұсынар жалғыз-ақ жолы бар.
В) Бұл туралы не айтуға болады?
С) Ол жайында білмейді екенсің ғой, Айым.
Д) Екпе шөпті де маңдыта алмай жүр.
Е) Алабұртқан күдікшіл көңіл өзгені де, өзін де жазғыруға себеп іздеп тұрады.
139. Табыс септіктегі етістікті тіркесті табыңыз.
А) Кірпішке қарады, үйге кірді.
В) Кірпішті қалады, үйді көрді.
С) Кірпіштен қалады, үйден шықты.
Д) Кірпіштің сырты, үйге келді.
Е) Кірпішпен қалады, үйдің сырты.
140. Сөйлемді айтылу мақсатына сай анықтаңыз.
Алуан түске боялған жапырақтарынан айрыла қоймаған тал-теректердің көрінісі қандай ғажап
А) Хабарлы сөйлем.
В) Лепті сөйлем.
С) Құрмалас сөйлем.
Д) Сұраулы сөйлем.
Е) Жай сөйлем.
141. Жақсыз сөйлем баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз.
А) -ар, -ер жұрнақты етістіктен.
В) -қы,-ғы,-кі,-гі жұрнақты қалау райлы етістіктен.
С) -ған,-ген есімше жұрнақтары.
В) -са,-се шартты райлы етістіктен.
Е) -ғалы,-гелі,-қалы,-келі көсемше жұрнақтары арқылы.
142. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемді белгілеңіз.
А) Елдос бұл құсты бұрын көрмегендіктен, оған таңдана әрі қорқып қарайды.
В) Орамал тонға жарамаса да, жолға жарайды.
С) Наурыз күні әлемге шуағын шашқанмен, шуағы әлі де әлсіз.
Д) Оны іздеп әуре болмай-ақ қой, себебі сен оның ерте келмейтінін білесің.
Е) Қыз тәтті қиял құшағында жатып, кенет әкесін ойлады.
143. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А) Бұған, айталық, тағы да екі литр су құямыз.
В) Ал сонда Шәкен мен Мақаш қайтпек?
С) Күн батқан, қызыл шапақ тарап барады.
Д) - Қоя тұрыңыз! - деді Шолпан.
Е) Сенің айтқан сөзіңе ойланып тұрмын.
144. Сөйлемге қажетті тыныс белгіні табыңыз.
Шіркін, Нұра, жер шырайы сенен өтер ме
А) Нүктелі үтір, нүкте.
В) Қос нүкте.
С) Сұрақ белгісі, леп белгісі.
Д) Тырнақша, сызықша.
Е) Үтір, сызықша.
145. Қатыстық сын есімі бар қатарды белгілеңіз.
А) Жауынгерлер де қатты болдырған екен.
В) Уәли қып-қызыл көздерін тайдырып әкетіп, төмен карады.
С) Жер беті аппақ мамыққа оранған.
Д) Үндемеген үйдей пәледен кұтылар.
Е) Ауыл көліне қоңыр қаз келді.
146. Дұрыс жазылған белгісіздік есімдігін көрсетіңіз.
А) Кей бір салақ кісілердің мал қоралары қирап жатыр.
В) Мағынасыз өткен ұзақ жастан қайыр жоқ екеніне әлде қашан көзі жеткен.
С) Әркім-ақ бел-белеске үдере қонып өтер болар.
Д) Нешетүрлі сұрақ көңілін шанышқылайды.
Е) Уақыттың зауалынан еш кім де қашып құтыла алмайды.
147. Баяндауыш қызметіндегі жатыс септік тұлғасында тұрған етістікті көрсетіңіз.
А) Табалдырықтан аттай бергенде, алдында жатқанды көзі шалды.
В) Бұл шырақ өшпек түгіл лаулап жанар.
С) Көңіл - казы, көз - таразы.
Д) Бүгінгі күн әрбір еңбек адамынан жаңаша еңбек етуді талап етеді.
Е) Отырғандар әлі де дел-сал.
148. Сын-қимыл үстеуі қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Қазақ халқы жылқы өсірумен көне заманнан бері айналысып келеді.
В) Тұт ағашының жапырағымен қоректенетін жібек құрты өте қомағай келеді.
С) Көктемде ғылыми-әдістемелік отырыс өтті.
Д) Кенет мынау күз туралы өлең жазғысы кеп кетті.
Е) Тырналар көк аспанның шалқар мұхитында емін-еркін самғап келеді.
149. Тыныс белгісі дұрыс қойылған одағайлы сөйлемді табыңыз.
А) Па, шіркін Құлайкөк пен Топайкөктің иесі қалай-калай сөйлейді!
В) Па шіркін, Құлайкөк пен Топайкөктің иесі калай-қалай сөйлейді!
С) Па шіркін! Құлайкөк пен Топайкөктің иесі калай-қалай сөйлейді!
Д) Па шіркін Құлайкөк пен Топайкөктің иесі қалай-қалай сөйлейді!
Е) Па, шіркін! Құлайкөк пен Топайкөктің иесі қалай-қалай сөйлейді!
150. Сөйлемнен пысықтауыш түрін анықтаңыз.
Бұл жолы маған ара түсушілер аз болды.
А) Мезгіл.
В) Себеп-салдар.
С) Мақсат.
Д) Мөлшер.
Е) Амал.
151. Терминдердің қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз.
Аммиак, азон.
А) Физика.
В) Биология.
С) Математика.
Д) География.
Е) Химия.
152. Дауысты дыбыстардың жақ қатысына қарай бөлінуін көрсетіңіз.
А) Жуан, жіңішке.
В) Жіңішке, ашық.
С) Езулік, жуан.
Д) Ашық, қысаң.
Е) Еріндік, езулік.
153. Дұрыс тасымалданған сөзді белгілеңіз.
А) Қай-ыспас.
В) Сау-ық.
С) Дау-ыс.
Д) Са-уын.
Е) Қау-ырт.
154. Түбірлері өзгермей біріккен сөзді табыңыз.
А) Әнеугүні.
В) Бегәлі.
С) Сегізкөз.
Д) Ендігәрі.
Е) Сөйтіп.
155. Талғау мәнді жалғаулықты қатарды табыңыз.
А) Яки, соң.
В) Біресе, ғана.
С) Немесе, дейін.
Д) Кейде, жайында.
Е) Я, яки.
156. Стилін ажыратыңыз.
Дәннің химиялық құрамын екі топқа бөлуге болады.
1) органикалық заттар; 2) минералдық заттар.
А) Ғылыми стиль.
В) Көркем әдебиет стилі.
С) Публицистикалық стиль.
Д) Ауызекі сөйлеу стилі.
Е) Ресми іс-қағаздары стилі.
157. Көп мағыналы сөзді көрсетіңіз.
Сенің шешен болғаның, шер халықтың арқасы.
А) Сенің.
В) Шешен.
С) Болғаның.
Д) Арқасы.
Е) Шер халықтың.
158. Антонимдік жұпты табыңыз.
А) Ерте-кеш, жоғары-төмен.
В) Озу-қалу, көйлек-көншек.
С) Даму-тоқырау, өнер-білім.
Д) Оқу-ағарту, кіріс-шығыс.
Е) Ілгері-кейін, құрбы-құрдас.
159. Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөзді көрсетіңіз.
А) Ерте тұру.
В) Қайнар бұлақ.
С) Өмір дастан.
Д) Көк бөрі.
Е) Жаз мезгілі.
160. Қосарлама қос сөзді қатарды белгілеңіз.
А) Менің әкем мәдени-ағарту саласында 30 жыл қызмет етті.
В) Үйді-үйдің төбесінен шүйкедей шұбатылып көк түтін шығады.
С) Бас-басына би болған өңкей қиқым.
Д) Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады.
Е) Ол тыным алмай, өзектің айналасын кезек-кезек сүзіп, жауды барлап жүрді.
161. Пысықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.
А) Төрт бөлмелі ағаштан салған үй.
В) Сарыарқаның бейнесі өзгерді.
С) Даусынан сыр алғызды.
Д) Қара көк қамыстар мұнартады.
Е) Астанада ғажайып ғимараттар бой көтеруде.
162. Анықтауышы сан есімнен болған сөйлемді көрсетіңіз.
А) Алматыға баратын адамдар бесеу еді.
В) Жасы сол кездің өзінде отыздан асқан болар.
С) Бұл алманың бесеуін бесеуіңе берейін.
Д) Сен биыл ондасың ба?
Е) Адамға тәулігіне он-он бес грамдай ғана тұз керек.
163. Есімдікті мағынасына қарай анықтаңыз.
Кеш бата үлкендердің бәрі мал жайлағалы кеткенде, екеуі үйде оңаша қалған.
А) Болымсыздық есімдігі.
В) Сілтеу есімдігі.
С) Жалпылау есімдігі.
Д) Жіктеу есімдігі.
Е) Белгісіздік есімдігі.
164. Мөлшер үстеуі бар сөйлемді белгілеңіз.
А) Әбдірахман бүгін ауылнаймен әңгімелесті.
В) Қасымхан ағылшын тілін әжептәуір игеріп алыпты.
С) Күлзипа істеген ісіне балаша мәз болды.
Д) Базарбай бір жапырақ қағазды Әбдірахманға әдейі берді.
Е) Көптен бері іздегендерім осында екен ғой.
165. Еліктеуіш сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
А) Бұрыштан жалт етіп, орысша киінген бір жас жігіт шыға келді.
В) Жымың қаққан аспандағы ай сұлу.
С) Шық-шық жүрекке тиеді,
Күлпара талқан боп сыңғыр.
Д) Кемпір-шал кұржаң қағып, бала бүрсең.
Е) Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады.
166. Хабарлы сөйлемді ажыратыңыз.
А) Келмей ме тоқтаусыздың бәрі даңғой
В) Замананы тағы да бір қырсықтың шалғаны ма
С) Ел деген шалқып жатқан көл емес пе
Д) Біздің сүйікті досымыз биыл елге келер ме екен
Е) Адалдық - ардың ісі
167. Атаулы сөйлемді анықтаңыз.
А) Біліміңді тексергім келіп тұр.
В) Балалық шақ, бал дәурен.
С) Еңбек етсең, емерсің.
Д) Инабаттылықты қастерлейік.
Е) Тәңірберген осы жолы үндемеді.
168. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Екі сұңқар таласса, бір қарғаға жем түсер.
В) Ел-елдің заңы басқа, өзгеше екенін ескеріп қимылдайық.
С) Қазақ халқы дербес ту көтеріп, жақсысы мен жайсаңын түгендеді.
Д) Шаруа жазда жазылар, қыста қысылар.
Е) Артында аталы, ұлағатты сөзі қалған.
169. Мына сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылмағанын белгілеңіз.
Қалауын тапса, қар жанады деген мақалда кім-кімді де ойландырар тереңдік бар.
А) Тырнақша.
В) Үтір, сызықша.
С) Үтір.
Д) Тырнақша, үтір.
Е) Сызыкша.
170. Баяндауышы сапалық сын есімнен жасалған сөйлемді табыңыз.
А) Аппақ тіс, қиғаш қасы, қызыл жүзі
Шашының жерге түскен ұзындығы.
В) Жаман көлдің суы ащы, жаман әйелдің тілі ащы.
С) Шешеннің шешендігі оның тілдік стилінен, ой-өрісінен, жалпы білім дәрежесінен белгілі.
Д) Сараның сұлу сөзін жұмақта сайраған бұлбұл құсқа ұқсаттым.
Е) Дүние шексіз, теңіз түпсіз.
171. Есімшеден болған толықтауышты ажыратыңыз.
А) Тек соңғы кезде ғана жауап тапқан тәрізді.
В) Айтарға таппадым сөз.
Сезді ме соны, қадалды көз.
С) Ойдан маржан, меруерт төгілгенде,
Отыра алар кім шыдап оны термей?
Д) Қазақ халқы ән мен күйді жыр еткен,
Шешендерден мәйекті сөз, жыр күткен.
Е) Домбыраны қолыма он жасымда алғанмын.
172. Басыңқысы етістіктен, бағыныңқысы еліктеу сөзден болған етістікті тіркесті белгілеңіз.
А) Мектепке келу.
В) Жалт қарау.
С) Балалармен әңгімелесу,
Д) Жүрісі - балпаң.
Е) Дауысы жүл-жуан.
173. Оңашаланған айқындауышты табыңыз.
А) Басында ақ калпағы, жүннен шекпен,
Астында балпаң басқан сал-күреңі.
В) Қарасазда, тектілер мекенінде,
Мақтан тұтар халыктың бір ұлы жүр.
С) Қыран-күлкі, тамаша - бәрі осында,
Отырмын думан-тойдың, арасында.
Д) Қарт адамға қарсы келіп, сәлем берсе қарт Ана,
Ұзын-сонар бірдеңені айтып жатыр қарт оған.
Е) Торғай-елең шырылдап бара жатты,
Аузында ажал дейтін сұрапылдың.
174. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді көрсетіңіз.
А) - Бала әй бала, қайдасың? - деді аттылы адам.
В) - Бала, әй, бала, қайдасың? - деді аттылы адам.
С) - Бала, әй бала қайдасың? - деді аттылы адам.
Д) - Бала әй бала, қайдасың - деді аттылы адам.
Е) - Бала, әй бала, қайдасың? - деді аттылы адам.
175. Автор сөзі қатысқан қатарды ажыратыңыз.
А) Ей, Абыз! Аш балыңды, қобызың тарт,
Алар ақың бар болса, мойныма арт.
В) Шырағым, бал аштым деп мал алмаймын,
Ол үшін саған ақыл сала алмаймын.
С) Ей, батыр, сен жатырсың ұйқың қанбай,
Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай.
Д) Нысан Абыз қысылып батқан терге
Қарады да сөйледі Кебек ерге:
«Ажалың биік кабақ сұрлау қыздан,
Батырым, ондай жанға көңіл берме».
Е) «Сақтықта қорлық жоқ» деген бар ғой,
Сақтанбасаң артқыға сөз боларсың.
176. Бірыңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.
А) Сана.
В) Ешкім.
С) Ермек.
Д) Дәптер.
Е) Елдік.
177. Орфоэпиялық нормаға сай сөзді көрсетіңіз.
А) Күдүк.
В) Емделу.
С) Құдық.
Д) Қолы-қолына.
Е) Тоқыған.
178. Қабыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
А) Танымға негізделген.
В) Сөз байлығы.
С) Рухани құндылық.
Д) Білу керек.
Е) Мұғалім айтты.
179. Қыстырма сөзді табыңыз.
А) Абырой болғанда, сұрақтар оңай екен.
В) Жұмысым қалып қойды.
С) Пай-пай, киелі жер екен!
Д) Жігіттер, ертең сынақ болады.
Е) Сізде жұмысым бар еді, басеке.
180. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді анықтаңыз.
А) Абай былай деді: " Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік".
В) Абай былай деді - Баланың жақсысы қызық, жаманы күйік.
С) Абай, былай деді: Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік.
Д) Абай былай деді: Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік.
Е) Абай: былай деді - Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік.
181. Қай сөйлемге нүкте қою керектігін ажыратыңыз.
А) Кеште кімдер өлең айтты
В) Бұл кісілер қай жердікі
С) Па, шіркіннің сөзі-ай
Д) Қожеке, енді үйге қайта беріңіз
Е) Тәуекел, жіберсем бе екен
182. Сын есімнен болған синонимді табыңыз.
А) Өң, түр, түс.
В) Жуас, момақан, бұйығы.
С) Дыбыс, үн, әуен.
Д) Шапшаң, тез, лезде.
Е) Бейнет, азап, озат.
183. "Қуанышы қойнына сыймады " тұрақты тіркесінің баламасын ажыратыңыз.
А) Жүзі жылы, инабатты азаматтар қарсы алды.
В) Берілген уақыт тез, жылдам өте шықты.
С) Қатты қуанды, мәз болды, шаттанды.
Д) Сайыста ешкімге дес бермеді.
Е) Кей сұраққа жақсы жауап беріп, көңілі толды.
184. Кәсіби сөзді табыңыз.
А) Пышқы, пәрбі.
В) Маңлай, пошым.
С) Барымта, лашық.
Д) Кеден, сынып.
Е) Аммиак, озон.
185. Түбір сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Ойна, болат.
В) Әлем, айнадай.
С) Өнерпаз, білгіш.
Д) Білгір, мөлдір.
Е) Қала, кітап.
186. Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.
А) Гүлдерай, Дайрабай, Амантай.
В) Шаңсорғыш, Жаннұр, Жансая.
С) Беташар, тоқымқағар, асатаяқ.
Д) Ботагөз, бүгін, тоқсан.
Е) Ақтөбе, Сырдария, Қызылорда.
187. Етістіктен жасалған зат есімді анықтаңыз.
А) Құлыншақ.
В) Әсемпаз.
Достарыңызбен бөлісу: |