Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова


Оқыған шығарманың мазмұнын айту



бет33/81
Дата28.10.2022
өлшемі361,51 Kb.
#155435
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81
Байланысты:
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

5. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.
Шығарманың жоспарын жасау мазмұнын айтумен тығыз байланысты. Оқылғанның мазмұнын жүйелі, байланысты түрде айтып беру сияқты синтетикалық жаттығудың үлкен мәні бар. Оқушының баяндау барысынан шығарманы қаншалықты түсінгендігін байқауға болады.
Мәтіннің мазмұнын айтқызу 2 түрлі жолмен іске асырылады:

  1. Толық. Көлемі шағын мәтіндерді, әсіресі, жазбаша мазмұндамаға дайындық барысында толық баяндаттыру қажет.

  2. Ішінара. Көлемі ұзақ мәтін бойынша және бөлімге бөліп оқу, жоспар жасау барысында, көбіне қорытынды әңгімеде іске асады.



6. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
Бұл жұмыстар:

  1. оқылған материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік туғызады;

  2. балаларды өз беттерімен ойланып жұмыс істеуге талаптандырады.

Бастауыш сыныптарда ұйымдастыруға болатын шығармашылық жұмыстардың негізгілері:
а) Әңгіменің баяндалу түрін өзгертіп әңгімелеу.Мысалы: әңгіме I жақпен баяндалса, III жаққа айналдырып әңгімелету. Кейде керісінше де болады.
ә) Оқылған шығарманың мазмұнын толық өзгертіп әңгімелеу. Жұмыстың бұл түрін үйден орындап келуге тапсыруға болады. Мұнда оқушылар әңгімедегі оқиғаға ұқсас өз бастарынан өткен оқиғаны немесе өзі қатынасқан не көрген оқиғалары жөнінде өз жандарынан әңгіме құрастырып айтады. Мысалы, «Ақылды көмекші» әңгімесін оқығаннан кейін, бадалар өздерінін немесе аға, апаларының компьютермен ойнаған ойындарын әқгімелеуіне болады. «Нүркен», «Бауыржан Момышұлы» әңгімелерін оқығанда, әкелері мен аталарының соғыста көрсеткен ерліктері жайлы, ал Ө.Тәжібаевтың «Жерге деген құштарлық» әңгімесін оқыған кезде егістікте немесе жұмыстың басқа салаларында жан аямай еңбек етіп жүрген ата-аналары мен туған-туыстарын мақтанышпен әңгімелеп берулеріне де толық мүмкіндік бар.
Жұмыстың бұл түрі де оқыған шығарманың мазмұнын балалар толық та саналы меңгерген кезде ғана ұйымдастырылады. Мұндай жұмыс балаларды өз беттерімен ойлануға, ізденуге және шығармадағы жүйені пайдалана отырып, өздіктерінен әңгіме құрастыруға, оны құрастыру барысында талай сөздерді еске түсіріп, ішінен қажеттілерін тандап алуға үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет