Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет11/137
Дата18.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#69310
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   137
Байланысты:
Орманшылық кітап
1515563726, 1515563726, 5 сынып факультатив 34 са ат, 5 сынып факультатив 34 са ат, Әбдіғаппар А. Заявка, 8 класс поурочки Excel
1.1.8 Жасанды сұрыптау. Адамның белсендi ықпалымен жасанды сұрыптау арқылы қазiргi түрлердi, пішіндерді және сорттарды керек бағытта жақсартуға болады. Адам өз мүддесi үшiн қажетті қасиеттер бойынша сұрыптау жүргiзедi. Қажетсiз, шаруашылық үшiн болашағы бар көршiлес ағаштардың өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды уақытында кесiп тастау жолымен ормандағы ағаштарды күтiп-баптау – орман өсiрудегi жасанды сұрыптаудың қарапайым түрi. Сонымен қатар, ағаштардың сыртқы пiшiнiнiң (формалық) әр түрлiлiгiн сипаттайтын белгiлердi, дифференциациясын және олардың тiршiлiк үшiн күрес пен табиғи сұрыптаумен анықталатын қасиеттерін пайдалану қажет.

Ормандағы ағаштардың пішіндік әр түрлiлiгiн табу, сынау және орман шаруашылығында пайдалану үшiн олардан аса бағалы пішіндірді таңдап алу жаңа құнды сорттар жасаудағы, қысқа уақытта өнеркәсiпке шикiзат бере алатын жылдам өсетiн түрлердi өсiрудегi болашағы зор жолдардың бiрi.

Сұрақтар
1. Өсімдік жамылғысы ретінде орманға түсінік беріңіз.

2. Мемлекеттік стандартқа байланысты орманға түсінік беріңіз.

3. Орыс ғалымы Г.Ф.Морозов орман туралы анықтамасын айтып беріңіз.

4. Орманның сипатты белгілерін атаңыз.

5. Орманда және еркін жағдайда өскен ағаштардың айырмашылықтары қандай?

6. Ормандағы тіршілік үшін күрес қалай өтеді және ол туралы мысал келтіріңіз?

7. Ормандағы табиғи сиреу дегеніміз не және оны қалай түсіндіріп бере аласыз?

8. Ормандағы ағаш мөлшерлерінің ауытқуы не деп аталады?

9. Г.Крафт жіктеуі жайлы не білесіз?

10. Басымдылық және басыңқылық дәрежелері бойынша І, ІІ, ІІІ, ІV, V класс ағаштарына сипаттама беріңіз.

11. Крафт жіктеуінің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?

12. Нестеров жіктеуі туралы сипаттама беріңіз.

13. Нестеров жіктеуінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып беріңіз.

14. Болымды, қалыпты және кемшілікті ағаштар дегеніміз не?

15. Табиғи және жасанды сұрыптау жайлы мысал келтіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет